0 дауыс
564 көрілді
Кеңестеріңіз қажет, мен отасыда жалғыз қызбын, әкем ертеде көз жұмған. Анаммен тұрамын. 21 жасымда әлі аңқаулықпен тез сенгіштігімнен күйеуге шығып, арада ұлды болдым. Бірақ екі жақтан да кінә бар. Соңында ажырасып тындық. Ұлыммен сөйлестірмей қойдым, себебі айдап салатын болды. Қазіргі таңда анаммен ұлым үшеуміз тұрамыз. Бірер жыл бұрын жақсы азаматты кезіктіріп, қарапайым басқа құтырған жігіттер емес барына рахмет жоғына өкпе жоқ деген жігітпен жүрудемін. Бірақ о баста ескерткем анамды тастай алмаймын деп келіскендей еді. Енді беріде отау құру жайлы әңгіме қозғала бастағанда, анаңмен тұра алмайм дейді. Бір жайт, ол да бұрын үйленіп ажырасқан орталарында 1 ұл бір қыз бар, алимент төлейді. Медбрат болып істегендіктен айлығы аз. Мен анамды екінші рет қалдырғым келмейді. Себебі екі жыл отбасы болғанымда анам үйде жалғыз өзі ештеңеге желаниесі болмай, тамақ алысы тәбеті болмай сойткен. Ішімнен неге кеттім екен тастап деген сезім болатын. Енді ұлым мінезі бұрынғы күйеуімнің мәнезі ма деймін. Өте қырсық ашушаң кек алғыш , мен ондай емеспін. Анам өзі ұлмен қалса алып отыра алмай ма димин тәрбиесінде. Жігіт бастапқыда енемен тұрып көрген, сондықтан бізбен тұрғысы жоқ. Яғни ертеңдері аз таптың көп жисін өйттің бүйттің деп бастайд анаң сол кезде ренжіме мен сауғаласпай біржолата кетем дейді көтере алмайм Еркек сөзім бұл үйде ештене де емес болады. Дұрыс айтып отқаны. БІрақ мен де қимаймын оны тастауға. Ертеңдері қайбір жігіт келеді біздің жағдайға қарап. Еркектердің ойы тек бір нәрсе пайдаланып қалу. Содан қорқамын.Кеңес беріңіздерші Не істеймін? Анам кешегі жолы айтты біз этаж үйде тұрамыз, сондықтан қарама-қарсы не төмен я жоғары квартиралар болса сататын соны алып сонда өздерің тұрыңдар мен ұлмен тұрайын. Тамаққа сендерге барып жатарда өзімізге қайтып отсақ. Қартайған шақта жер үйге көшіп қолдарыңа аларсындар дейдіміз.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...