0 дауыс
3.7k көрілді

1.Тұтынушының (өндірушінің) балама таңдау жасауына нақты мысал келтіре отырып,

      өндірістік мүмкіндіктер қисығының графигін компьютерде салыңыз. Салған графикті

      пайдалана отырып, таңдау жасаудағы тиімді жағдайды түсіндіріңіз.

2.Қазақстанда 1 жұмысшы жылына 1 т ет немесе 20 ц бидай, Қырғызстанда – 2 т ет

немесе 10 ц өндіреді. Қазақстандағы бидай және ет өндірісінде 400 мың адам, ал Қырғызстанда 100 мың адам маманданған. Екі ел Президенттері нан және ет өндірісіндегі тиімді еңбек бөлінісін қамтитын экономикалық ықтималдық туралы келісімге қол қойды. Ет және бидай өндірісі бойынша екі мемлекеттің өндірістік мүмкіндіктер қисығын біріктіріп көрсетіңіз.

3. Тауарға деген сұраныс функциясының түрі: QD = 250 – 4P.   Ұсыныс функиясы: QS = 200 + 4P. Өндіріс тепе-теңдік көлемі мен тепе-теңдік бағаны анықтаңыз. График салыңыз

4.Ұсыныс функциясының түрі: QS = 200 + 4P. Егер сұраныс – қисық сызығы көлденең болса, QD =320 жағдайда тепе-теңдік баға қандай?

5. Халықтың белгіленген тауарға сұраныс икемділігі -0,25 тең. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі 0,8 тең. Егер бағасы 8% түсіп, халықтың табысы 5% өссе, табыс бойынша сұраныс икемділігі қалай өзгереді?

6. Сұраныс функциясы QD =200 – Р, ұсыныс функциясы – QS = 2Р + 20. Тауардың тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік санын анықтаңыз. Егер тауар данасына (бірлігіне) 15 шамасында акциз салығы енгізілсе, олардың мағыналары қандай болады?

7. Кестеде бір сатып алушыға құндылығы тең болып келетін А және В тауарлардың 4 жиынтығы келтірілген:

Тауарлар жиынтығы

А тауары

В тауары

А

4

9

В

5

6

С

6

4

Д

7

3

Талғамсыздық сызығын сызыңыз. А жиынтығынан В жиынтығына, В жиынтығынан С жиынтығына, С-дан – Д өткендегі MRS есептеңіз. Кемімелі шекті пайдалылық заңының көмегімен MRS азаюын түсіндіріңіз.

8. Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша талғамсыздық сызығын салыңыз:

А тауардың бірліктер саны

В тауардың бірліктер саны

1

10,5

2

7

3

5

4

3

Бюджет шектеулігі сызығын салыңыз (сызыңыз): тұтынушы табысы 1250 құрайды, ал А және В тауарлардың бағасы 250 және 100. Пайдалылық максимум болу үшін тұтынушы А және В тауарлардың неше (қанша) бірлігін сатып алу керек? Егер табыс 2000 жетсе, бюджеттік сызық қалай сызылады? (жаңа бюджет сызығын салыңыз). Егер табыс бұрынғы деңгейде қалып, А және В тауарлардың бағасы 2 есе өссе, бюджет сызығы қалай өзгереді?

1.      Ұзақ  мерзімдегі өндірістік шығындарMRTSKL = -4 дейік. Капиталдың пайдалануы 3

бірлікке азаяды (қысқарады). Шығарудың бұрынғы көлемін сақтау үшін еңбектің неше қосымша бірлігі керек?

2.      Фирманың өндірістік функциясы Q = 0,9·K0,6·L0,5. Сол  кезеңде капитал 200-240

бірлікке дейін көбейді, еңбек – 60-тан – 66 бірлікке дейін көбейді. Өндіріс көлемі қаншаға өскенін анықтаңыз.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...