0 дауыс
743 көрілді
Мені жақсы көретін, ұнататын әріптес қыз бар, бірақ мен оны ұнатпаймын. Ұнатпаймын дегенде...

Қалай жазсам болады, менің ойымша біз екеуміз мүлде жараспаймыз. Оның дене тұрқы, менен үлкен, бірақ ол мені ұнатады, менен жігітке тән қылық күтеді, бірақ мен кішкентай бала тәрізді ұстайтын сияқтымын өзімді оның алдында. Яғни сезіміне жақсы көңіл білдіріп жауап бермедім.

Оған біз екеуміз бірге бола алмаймыз деген сияқты  мені ұнатқан қыз баласына ауыр сөздер айтып тастаған едім.
Бірақ, қазір жалғызсырап жүрмін, ешкіммен сөйлеспеймін, әріптестермен де тартпайды, бірақ жаңағы қызбен сөйлессем қайта қарым-қатынас құруды бастасам қалай болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен қолдаймын сіздің ойыңызды. Қарым-қатынас құрып бастап көріңіз, ары қарай қалай жалғасуы сол қызға байланысты, егер ол сіздің жүрегіңізді жаулай алса - өзінікін дəлелдесе сіз оны одан бетер жақсы көріп кетесіз егер оның сезімі шынайы болса. Қазір өзіңді шынайы жақсы көретін адам табу қиын деп ойлаймын. Сынап көріңіз
ол қызбен сөйлеспейтін болдым.
+1 дауыс
Олай біреудің сезімімен ойнауға болмайды, мейлі сіздікі қазір өз ойыңызша ойын емес шығар, бірақ сіз оны ұнатпаймын деп мойындап отырсыз. Дүние алма кезек қазір сіз оған олай жасасаңыз бұл кейін өз алдыңыздан шығады. Сол кезде сіз ұнатқан қыз сізге осылай уақыт өткізу үшін жасаса сіз не істейсіз?! Сол себепті бірдеңе істемес бұрын ойланыңыз.
уақыт өткізсе не болады? Саналы адамдармыз ғой?
Ер жігітке қарағанда қыз бала бұл мәселеде қатты қиналады, егер ол өзінің сезімімен ойнап жүргенін білсе. Иә, білемін саналы адам екенімізді, бірақ саналы, иманы бар адам бұндай әрекетке бармайды. Ақиретте әр адам сол істеген ісіне жауап беретінінде ұмытпайық

Ұқсас сұрақтар

...