0 дауыс
2.4k көрілді
Кісімен әмпай-жампайың болмаса, құрдастық, не тым болмаса жолдастығың болмаса "сіз" деп сөйлеу деген әдеп заңы бар. Жасы кіші болса да "сіз" деп сөйлеу кішілік ғана емес, көргенді ортадан шыққандығыңды не ең болмаса, соған лайықтығыңды білдіреді-міс.

Жалпы сондай бейтаныс адаммен әдепті қарым-қатынас жүргізуге үндейтін жазылмаған ережелер бар.
Солардың біразы:

1) Дінің қандай? - деген сұрақ қоймау.
2) Саясатқа қатысты сұрақ қоймау. Қойылса, бейтарап жауап беру, талқыламау.
3) Дене пішініне қатысты сұрақ қоймау. Біреудікін талқыламау.
4) Айлық табысқа қатысты сұрақ қоймау. Өзіңдікін, біреудікін талқыламау.
5) Ұлтына қатысты сұрақ қоймау. Біреудің ұлтын талқыламау.
6) Жеке басқа қатысты: мыс. отбасылық жағдай туралы сұрақтар қоймау.
7) Киімге қатысты (егер ол талғамға қатысты комплимент болмаса, әрине).

Қорыта келе, бейтаныс адамға қойылатын ең бейтарап сұрақ ауа райы туралы болатын көрінеді.

Тізімге тағы қандай баптарды қосар едіңіз?

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...