Мені жақсы көретін, ұнататын әріптес қыз бар, бірақ мен оны ұнатпаймын. Ұнатпаймын дегенде...
Қалай жазсам болады, менің ойымша біз екеуміз мүлде жараспаймыз. Оның дене тұрқы, менен үлкен, бірақ ол мені ұнатады, менен жігітке тән қылық күтеді, бірақ мен кішкентай бала тәрізді ұстайтын сияқтымын өзімді оның алдында. Яғни сезіміне жақсы көңіл білдіріп жауап бермедім.
Оған біз екеуміз бірге бола алмаймыз деген сияқты мені ұнатқан қыз баласына ауыр сөздер айтып тастаған едім.
Бірақ, қазір жалғызсырап жүрмін, ешкіммен сөйлеспеймін, әріптестермен де тартпайды, бірақ жаңағы қызбен сөйлессем қайта қарым-қатынас құруды бастасам қалай болады?