0 дауыс
274 көрілді
Маған сұрақ қойып еді. Сатып алушыны (покупатель) күлімдеп салемдесу керек дедім мен. Неге деді? Көп нəрсе айтсам да, жауабың нақты емес дейді.  Сіздердің ойларыңыз. Компания электроника мен бытовой техника сатумен айналысады

1 жауап

0 дауыс

Жаратқан Ие мұсылмандарға бір-бірінің үйлеріне барғанда жақсылап амандасуларын бұйырады. Есендеспей кірмеуді ескертеді.

Алла Тағала былай дейді: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен үйлеріңнен басқа үйлерге қашан үйренісіп, иелеріне сәлем бермейінше кірмеңдер. Солай еткендерің өздеріңе жақсы, бәлкім, үгіт аларсыңдар».

Сондай-ақ, ардақты аяттарда сәлем берген адамға сәлем қайтарудың маңыздылығы айтылады.

Алла Тағала былай дейді: «Және егер сендерге сәлем берілсе, одан да жақсы сәлем беріңдер не солай қайтарыңдар. Шындығында, Алла әрбір нәрсені есептеуші».

Мұсылманша амандасудың түп-төркіні атамыз Адамнан басталған. Хақ Тағала әу баста оған осылай сәлемдесуді үйреткен.

Алланың Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Даңқты да ұлық Алла Адам атаны алпыс шынтақ бейнесінде жаратты. Жаратып болған соң оған: «Ана отырған топқа бар да, сәлем бер. Олардың өзіңе не деп жауап қайтаратынын тыңдап көр. Бұл сенің және ұрпақтарыңның сәлемдесуі», − дейді. Ол жерде бір топ періштелер отырған болатын. Адам ата оларға барып: «Ассаламу алейкум!» − деп амандасады. Олар: «Ассаламу алайка уа рахматуллаһ!» − деп, «рахматуллаһ» сөзін қосып жауап қайтарады».

Пайғамбар (с.а.с.) саналы ғұмырында ізгі сахабаларына мұсылманшылық әдептің қыр-сырын баяндап түсіндірген. Бір-біріне Тәңірдің тыныштығы мен бейбітшілігін тілеудің түбі құт-береке әкелетіндігін айтып өткен.

Әнес (р.а.) былай дейді: «Алланың Елшісі (с.а.с.) маған: «Уа, балам! Отбасыңа кірген кезде оларға сәлем бер. Ол өзіңе де, отбасыңа да береке әкеледі», − деді».

Пайғамбардың (с.а.с.) осы тәлімі кейінгі үмбетіне керемет үлгі. «Жасында көргені жоқтың өскенде айтары жоқ» дегендей, баланы жасынан мұсылманша сәлем беруге үйрету оның болмысына имани құндылықтарды сіңірудің бір жолы. Сондықтан бүлдіршін кезінен «атаңа сәлем бер», «әжеңмен амандас», «оң қолыңды беріп амандас» деп үйретіп, балауса шақтан ізеттілікке баулыған жөн.

Сондай-ақ, екі адам емен-жарқын амандасса, іштегі көңіл кірі, бір-біріне деген өкпе-реніші кетеді. Сонымен бірге оларға Жаратқан Ие де разы болып, күнә-қателіктерін кешіреді. Шариғатта шынайы сәлемдесудің осындай қырлары бар.

Барадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Қандай да бір екі мұсылман бір-бірімен кездескенде қол берісіп амандасса, олардың күнә-қателіктері кешіріледі», – деген.

Араздасып қалған мұсылмандардың арасын жарастыруға сеп болатын да осы сәлемдесу.

Әбу Аййуб әл-Ансариден (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Ешбір мұсылманға бауырымен үш күннен артық араздасуына, екеуі кездескенде бір-бірінен бет бұруларына болмайды. Олардың ең ізгісі − алғаш сәлем бергені».

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта бірде Пайғамбар (с.а.с.): «Жаным қолында болғанмен ант етейін, жәннатқа қашан иман келтіргендеріңше кірмейсіңдер, ал қашан бір-бірлеріңді жақсы көрмегендеріңше толық иман келтірмейсіңдер. Сендерге соны нығайтатын нәрсені айтайын ба? Өз араларыңда сәлемді таратыңдар (яғни, бір-бірлеріңе сәлем беріңдер)», – деген.

Әбу Һурайрадан (р.а.) бірде сахабаларымен бірге мәжіліс құрып отырған Алланың Елшісінің (с.а.с.) жанынан бір кісі өтіп бара жатып: «Ассаламу алейкум!» – деп сәлем береді. Пайғамбар (с.а.с.): «Он жақсылық», – дейді. Сосын басқа бір кісі өтіп бара жатып: «Ассаламу алейкум уа рахматуллаһ!» – дейді. Пайғамбар (с.а.с.): «Жиырма жақсылық», – дейді. Сосын тағы бір кісі өтіп бара жатып: «Ассаламу алейкум уа рахматуллаһ уа бәрәкәтуһ!» – дейді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Отыз жақсылық», – дейді.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Аттылы жаяуға, жаяу отырғанға, азшылық көпшілікке сәлем береді», – деген.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Кіші үлкенге, жүргінші отырған адамға, азшылық көпшілікке сәлем береді», – деген.

...