+4 дауыс
561 көрілді

Осы біздің елде сатушылар неге алармандарға сыпайы емес? Көпке топырақ шашпаймын. Әрине, жылы жүзді ағайлар мен апайлар да бар күліп қарсы алатын. Бірақ көп сандысы "алсаң ал, алмасаң қой, маған керек пе? " дегендей үнсіз отырады да, ештеңе алмай шығып кетсең, көзін алайтып кеп жібереді. Тіпті азық-түлік дүкенінде де кесек ақша берсең, біраз сөйлеп тастайды.  Киімнің екеуін киіп көрген соң-ақ, қабақ кетеді түйіліп. Неге осы сауда саласында қызмет көрсету соншалықты нашар? Шетелдерде  алсаң да, алмасаң да, есіктен күліп қарсы алып, шығарда тағы да келіп тұрыңыз деп алғыс айтып шығарып салады ғой. Қытайларда "Күле алмасаң сауда істеме" деген мақал бар екен. Аларман ретінде біздің сатушылардың қылығына қатты қарным ашады. Сіздер қалай ойлайсыздар?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бiрiншi өзiңе пышақ тық, батпаса басқаға тық деген. Сауда жасау оңай шаруа емес, базарда отырғандардың барлығының жүйкесi тозған. Себебi: Сауданың нашарлығы және Клиенттердiң адамды әуре қылуы. Кейбiр адамдар бар адамды езiп жiбередi, ананы мынаны 1-сағат шұқылап, әр қайсысының бағасын сұрап соңында ештеңе алмай кетедi, жүйке қалай тозбасын. Бiз Қытайлық емеспiз, Қазақпыз, бiздiң қанымыз басқа, олардiкi басқа. Сауда жасағанда тауары аздау адамдардан жасау қажет, өйткенi олар клиентке мұқтаждығы жоғары, көптерге қарағанда, сондықтан олар сыпайы келедi. Ал бiз тауары көпке барамыз, олар клиентке мұқтаж емес, себебi оларда выбор бар, сондықтан олар жалынышты бола бермейдi, көкiректеу келедi...
Иә, сөзіңіздің жөні бар! Бәріне ондай емес те шығар! "Албасты кірпікке қарап басады" дейді ғой. Жуас болғасын сіз сияқты жүйкесі тозғандар ашуын менен алатын шығар үндемей кете береді деп)))  Барлық дамыған елдерде алдымен ішкі сауда дамиды. Екеуінің еш қатысы жоқ деген өте күлкілі тұжырым болды)) Қайдам, бізде қайдағы бәсеке? Тауарды Қытайдан алып отырсақ? Экспорт дегеніңіз мұнай шығар, тауар емес қой))) Неге күйіп кеттіңіз? Айтқаным шамыңызға тиді ме? Әлде арасында біраз шындық бар ма екен?))))
Кiм жуас? )) Иии жаным сенi алған жiгiттiң миы мен құлағының соры бар шығар )) Қазақстаннан тек мұнай ғана экспортталмайды ғой.
өмірде айта алмаған сөзімнің бәрін осында айтып аламын ғой. СЖ маған сол үшін керек. Ал біреудің миы мен құлағы жайлы алаңдамай-ақ қойсаңыз да болады)) Мен тұрмысқа шықпаймын да)) Сізді де ми мен құлақты құртатын қыздардан, шұқылағыш клиенттен сақтасын! Оптимизмді жоғалтпай бақытты өмір сүруіңізге тілектеспін!! Анда-санда айтысатын адам болғанда жақсы екен)) Бұдан кейін клиенттерге күліп қарап, бар ашуыңызды менен алсаңыз да болады))) Пікіріңіз үшін, отансүйгіштігіңіз үшін көп рахмет^^
Өмiрде де осылай сөйлейсiң бе әлде ойыңды жинақтап жазасың ба?
Осылай деген қалай? Адамның жынына тиіп пе?) Шынымды айтсам өмірде көп сөйлемейм))
Мақалдатып... Менде солай. Қуып кетiп, көп сөйлеген адамды ұнатпайм, басым ауырып кетедi. Маған қызықты, керектi тақырып болса ғана қосылам.
Жоғи мақалдап сөйлемейм ғой~ Жазғанда сөзім мәнді, мәйекті болсын деп қыстырып қойғаным ғой) Ккк, басыңызды ауыртсам кешіріңіз!)
–1 дауыс
Мына жақты шаң тозан қылып жіберпсіндерғо

Сіздер ренжіп отқан адамдарыңыз айлыққа істеп жүрген адамғо саудагер емес, нағыз саудагер өзі зат сатпайды тек ол айландырып отырады орын орнына қойып!!!

Қазағымды жамандай бермең бір күн болсада !!!
...