0 дауыс
796 көрілді
Салеметсиз бе құрметті Елбасы Нұрсултан аға! Ең бірінші еліміздің тыныштығы мен ұрпағымыздың келешегі үшін жасап жаткан жақсылықтарыңыз үшін сізге ризашылығымды білдіремин! Аллах сізге алі де елімізді узақ жылдар басқаруға күш-қуат берсин!
Озіңізге бір маслелемен шығып отырмын. Денсаулығыма байланысты кызым 1жасқа толғанда қызымның әкесі менимен ажырасты. Бирнеше жыл алимент төлемеді, арада аз уакыт кана алимент төледи. Осы уакытка дейин кызыма уақтылы жеткілікті молшерде алимент талап етип құзырлы орындарға жүгіндім. Осы салада заңның әлсиздігіне байланысты дурыстап алимент өндіре алмадым. Қызым қазір 11жаска толды. Денсаулығыма байланысты жумыс жасай алмаймын. Қызымның әкесінің алимент бойынша сот орындаушылардың есептеген берешек қарызы 1.300.000тгден асқан. Өкіметтің усынысымен борышкер жұмысқа орналасып 2018жылдың сауір айынан бастап карызымен косканда жалақысының 50%-ы 11500тг көлеминде алимент төлеуде. Бір миллионнан астам қарызын айына 5000тгден берсе кызым 18жаска толғанша да төлеп өтей алмайды. Бұл акша қызымның ай сайынғы кажеттерінін үштен біріне ғана жетеді. Мысалы кызымыз 18жасқа толғанша тек өсуде болады. Есептей келсек тамағынан бөлек әр сезонда жаңа киім аперу қажет,  өйткені алдыңғы сезондағы киймдері сыймайды. Мектепке де жыл сайын мектеп формасын аперу қажет, оның өзі 15000тг-25000тг көлемінде тұрады. Борышкер бұларды ойламайды тура перзентінің киім тамағы аспаннан түсіп жаткандай. Борышкердің материалдық жағдайы жақсы, озінін жеңіл автокөлігі бар,бирак ол өз мүліктерін оз атына тіркемейді. Өйткені ол өз мулктерін өз атына тіркесе не боларын білетин заңгер.  Борышкердің мамандығы заң қызметкері жане осы мамандығы бойынша тергеуші болып жұмыс жасаған.
Менің өтінішім жоғарыдағы қузырлы органдарға осы маселе бойынша заңды қайта қарап алимент алатын перзенттердің тамағына, киім-кешегіне, тағы баска қажеттіліктеріне жеткілікті молшерде алимент өндіріп беру жағын карастыру маселесинде тапсырма берсеңіз екен. Мысалы жумыссыз Борышкерлерге аптасына 5кун жумыс жасайтын  жалақысы дұрыстау жумыстарды гана усынса екен. 1-2жылдан астам алимент төлемеген қарызы бар борышкерлерди ең бірінші қамауға алып  жалақысы көп ауыр жумыстарға тартып карызын өндіріп беру жағын қарастырса мумкін ажырасулар азаяр, алименттен жалтарушылар азаяр.
Өтінішім жауапсыз қалмайды деген улкен үміттемін.

3 жауап

0 дауыс
Мениң осы өтинишим Елбасымызға көрсетиле ме? Алде жай халық кана окиды ма? Мен Нурсултан ағамызга хат жолдадым деп ойласам, олай емес пе? Президентимиздин жеке озине хат жолдауга бола ма? Егер болатын болса жолдары кандай? Билетиндер болса жауап берулериңизди отинемин!
0 дауыс

Алимент мөлшері бала санына байланысты тағайындалады. 1 бала болса, әкесі жалақысының 4/1 бөлігін төлеп отыруға міндетті. Сіздің жағдайыңызда жеке сот орындаушымен бірге әрекет еткен жөн. Ол бұрынғы күйеуіңіздің атында мал-мүлкі, үйі бар ма, соның бәрін тексеріп, анықтауға көмектеседі. Алиментті қарыз ретінде өндіруге де болады. 

Азамат міндетін орындамай жүрсе, ата-ана құқығынан айырылады. Бірақ бұл құқықтан айырылу алименттен босатпайды. Төлемей жүре бергендерді қылмыстық жауапкершілікке тартып, бас бостандығынан айыру да қарастырылған. Сотқа арыз жазу керек. Толық ақпаратты мына мақаладан оқи аласыз.

0 дауыс
Бала тек әкенің емес шешенің де жауапкершілігінде. Ажырасқан отбасының балдарын балалар үйіне тапсыру керек. Сонда ажырасар алдын аке де шешеде ойланар. Ажырасып жатса акеден де шешеден де алимент ондирсин укимет. Осылай адил

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
8 жауап
...