0 дауыс
9.5k көрілді
Менде 18 жасқа дейін алимент өндіру туралы соттың шешімі бар. Балам 1 жаста. Енді 3 жасқа дейін тағы да алимент өндіруге болады деп естідім. Соны өндіру үшін тағы да соттың шешімін шығартуым керек пе?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі

163-бап. Алиментті сот шешімі бойынша өндіріп алу

      Осы Кодекстің 143-155-баптарында аталған отбасы мүшелері алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде алимент өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

164-бап. Алимент алу үшін өтініш беру мерзімдері

      1. Алимент алуға құқығы бар адам, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, сотқа алимент өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы.
      2. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап тағайындалады.
      Егер сотқа өтініш беруден бұрын күтіп-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаған болса, сотқа өтініш жасалған кезден бастап үш жыл мерзім шегінде өткен кезеңге алимент өндіріп алынуы мүмкін.

0 дауыс
Сəлеметсізбе! Манің екі балам бар 1/3 алимент алам.Екинши балам екі жаста.Бала уш жаска дейн тағы алимент өндіруге болады деп естидим.Соны өндіру үшін не

Ұқсас сұрақтар

...