+1 дауыс
603 көрілді
Ол екі жыл катарынан өз пәніне нық дайындалған екен, ал мен ашейін таңдап түсе салдым,яғни онша катты дайындалмадым, мектепте лидер болып уйреніп калғанмын,бар шаруаны , газет шыгару, жаналыктар айтып келу,дебатарға катысу бәрі менің мойнымда еді. Казір вузда оким ,қазір де солай, Старостамын, біреудің балын көтеру, сабактан суранғандарды білдірмеу , тағы сол сияктылар менің мойнымда. межфак, ауызшаларды катырам да,спецке жаман киналам,сосын ана кыздын айткан сөздері ішімді күйдіреді, ол маган ауырдың үстімен,жеңілдің астымен журесің дид, сен староста болғасын ғана менімен тең балл алып журсің дид, шындықтың дәмі ащы демекші,канша жындансамда ол шындық., бірақ мен апайларға менің балымды түсір демеймінғо, ол өзіме кастандық боладығо. ол қыздың бар ойы менің орнымды басып алу,яғни староста болу, ал мен оны бергім келмейд,өйткені кураторымда, группамда мені калайды,  мен тек оны білім жағынан жеңгім келеді,нестеймін??? Сабақта отырғанда күнде есеп шығарып жарысамыз да отырамыз, мен күнде ұтылам,шаршадым,

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сәлем! Керемет қой бұл деген. Тобыңызда өзіңізбен теңдес, мықты студент болғаны жақсы. Жарысып оқисыздар, арада бәсекелестік болады. Ал бәсекелестік дегеніміз әрқашан да жоғары өрлеудің кепілі емес пе. Ал негізгі сұрағыңызға келсек, жеңіске жетудің жалғыз жолы әрине, оқу, көп ізденіс. Өзіңізден жоғары курс студенттерінен күніне 1-2 сағаттан қосымша сабақ алуыңызға да болады. Бұл өте тиімді әдіс.
Көп рахмет, көмегіңізге!
+1 дауыс
:жымидым: сабақ оқы дегім келеді сұрағыңа жауап ретінде жазар болсам (уфф 40 әріпке жеткіздім ау)
сөз жазбай -ақ  буйтіп қойсаңыз да  болатын ед )))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
сөзбен толтырған қызығырақ)
уфф дегеніңізге қарағанда олай емес сиякты...
уфф деген бақандай үш әріптің орнын алып тұр ғой .))
Абылай, молодец, жарадыңыз,,  Сөз тапқанға қолқа жоқ. өйстіп дөп басып айтқандарды жақсы көрем
+2 дауыс
Бір айтарым:   ~ Біреуді жеңген бір жеңіс, өз - өзіңді жеңген екі жеңіс ~ _ Оқы, арнайы пәндерден курсқа жазыл, ИНЕТ-тен пайдалы кеңес оқы, қысқасы: Өз-Өзіңді жетілдір !     ...." ал қарсыласың "   қайда бар, қандай деңгейде бол, бәрібір табылады. . . Лидер болу, әрине, жақсы ұмтылыс, алайда шамаңа қара, Достым, шамаңа. ))
спс за кеңес)))
менімше былай жасасан қалай болады?староста болып қалу үшін дауыс беру арқылы,мнағы сөзінде,,өйткені кураторымда, группамда мені калайды,,деген еддін,Білім жағынан жеңу үшін әр пәніні аңызды тақырыптарын оқып,ж/е қосымша іздену керек!!!!
+2 дауыс
Бұл сұрақ мені қатты қуандырып тұр. Сіз бұрын көшбасшылығыңызбен танылсаңыз, енді өзіңіздің сфераңыздың биігіне көтеріліп, шыңына шыққыңыз келеді. Бәсекелестік сапаның көтерілуіне жол ашады. Егер сіз шын мәнінде өзіңіздің мықты екендігіңізді дәлелдегіңз келсе, алдыңызға үлкен мақсат қойыңыз да, дайындалыңыз. Бір сөзіңізде, есеп шығару депсіз, мамандығыз шамасы осы есептеуге байланысты болса керек, адамның қолынан бәрі келетінін ұмытьпаңыз. Қазір не көп, кітап та бар, интернетте көптеген сабақтың лекциялары, есептердің шығарылу жолдары да тұрады. Тек ынтаңыз болсын. Бар ынтаңызды салсаңыз бәсекелесіңізді аз ғана уақыттың ішінде қуып жетіп, тіпті басып озуыңыз ғажап емес! Есепті шығара беріңіз, түсінбесеңіз де шығара беріңіз, шығара беріңіз. Өйткені шықпайтын есеп болмайды, көп жағдайда адамдар басын ауыртқысы келмейді, ой шықпайды деп қоя салады. Ал сіз егер болашақта шын мәнінде өз еңбегіздің шыңына жеткіңіз келсе алға қарай ұмтылыңыз! Сәттілік!!!))
Мәәә Тоғжан, көп рахмет сізге!!! Маған қанат бітіртіп жібердіңіз ғой...
+1 дауыс
Жалпы есепті жақсы шығару үшін көптеп есеп шығарып қажеті жоқ, егер ол қыздың математикаға қабілеті сізге қарағанда мықты болса, оны білім жағынан жеңем деген бос сөз.
дұрыс айтасыз, басы қатты істейд оның, ол 3 мин шығарытын есепті, мен 5 мин,кейде 7 минта шығарам. қабілетке де байланысты екенғо.
0 дауыс
Старосты деген барінен мыкты болуы шарт емеской))) Озіннен мыктылар бар екенін мойындаганда дурыс негізі))) Сенікі такаппарлыкка жататын сиякты)))
...