+4 дауыс
1.9k көрілді
Сәлеметсіздер ме. Мен бір қызды қатты сүйіп қалдым бірақ оның 2 жасар баласы бар. Тұрмысқа шықпаған. Олда мені сүйеді. Үйленгім келеді. Бірақ ата - анам ,туыстарым қарсы болама деп қорқам. Өзім бойдақпын. Осы жағдайда не істеу керек?. Оны тастап кетуге қимаймын. Ақыл- кенес айтып жіберсеңіздер. Көп көп рахмет.
онда тв-ға көп қара

17 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Онымен өмір бойы бірге тұратын туған-туыстарың емес, өзің емес пе. Өзің өмірің өзің шешпейсің бе, (жақсы көрдің бе үйлен, оның не әңгімесі бар)
+3 дауыс
Не күтіп жүрсің енді Үйлен )) Сәттілік!
0 дауыс
Сонда некесіз туған балама?Бірақ меніңше үйлен,қанша дегенмен сүйесің ғой!
0 дауыс
Жігіт емес майда шүйде бірдеңесіңдерғой, Жаксы қыз емес анауың алма жақсы қыз болса уйленби биреумен жатпайт, бала тумайт, андағың сайқал, сенің басыңды айналдырып жүр
Сіз ол қызды танымайсыз ғой, танымайтын адам жайлы қалай бұндай сөздерді айтасыз :/
уятсыз қыз екені көрініп тұрғой танып қажеті не? уяты бар қыз болса үйленбеген жигіттің отбасына қалай келін болып барам балам бар уят болат деген сияқты ойланатын еді
оның басынан қандай жағдай өткенін қайдан білесіз? ол тек бір Аллаға аян. қандай жағдай болса да кез келген адамның бақытты болуға құқығы бар. Сізден өтінерім анық - қанығына жетпей олай айтпаңыз. алдыңызда не болары белгісіз ғой.
Біреуді сыртынан бұлай балағаттағаныңыз адамшылыққа жатпайды, абайлап сөйлеуге де болады ғой
уялмайсын ба сондай соз айтуга?может ол кызды алдап тастап кеткен шыгар?
excuse дурыс айтасың ол алғаш болған адамын ешкашан умытпайды. Сол ушінде  001бека абай бол сені тек ойнас ушін ермек кылады. Оның журегінде арқашан  алғашқысы турады.
+2 дауыс
Қәзiр сенiң махаббатың нағыз күшiне енген кезi, себебi ол жанды тек жақсы көрмейсiң оған жаның ашыйды бұл ғашықтық. Әрине үйдегiлер қарсы болады, жағдайға қарап көрерсiң. Бiрақ менiң өз ойым қарсымын, өйткенi ажыраспаған, күйеуi қайтыс болмаған, ол тұрмыс құрмай бала тапқан әңгiме осында... Ұят өлiмден де күштi, жiгiттi намыс өлтiрмей қоймайды... Егер ол қыз осындай сенiң үлкен қадамыңа арзыйтын болса, келешекте өзiң өкiнбейтiнiңе сенiмдi болсаң, ол қызға сенетiн болсаң, онда үйлен ия үйлен. Егер қателесең өмiрiң тозаққа айналады...
+1 дауыс
сізге айтарым әңгіменің бәрі айтылады қояды. Ит үреді, керуен кешеді. Ол қыздың жүрегінде иман болса болды. Сіз де, ол да жақсы көріп тұр екен ендіше еш ойланбастан үйленуіңізге болады. Бастысы бір біріңізге деген сенім мен құрмет!!! Сәттілік. Сіздерге тек бақыт тілеймін!!!
Excuse, сіздің бізбен бір қоғамда өмір сүретініңізге күмәндана бастадым... Феодалдық қоғамда қалып қойғансыз ба?... Әлде пенде болған соң ағаттық жіберетінін, тағдырдың сан қилы сынағы болатынын әлі білмейтін жастасыз ба?
әркімнің ойы әр түрлі ғой. ол қыз бір бұзықтың құрбаны болуы да мүмкін (мәдениетті түрде бұдан артық түсіндіре алмаймын). енді құрбан болдым екен деп өмір бақи бақыттың не екенін білмей өте ма? егер басқа жағдай болғаның өзінде (мен ондайларды жақтамаймын сонда да) бір рет от бастым  деп өмірінің соңына дейін бақытынан бас тарту ақымақтық. Бастысы қыз да, жігіт те бір-бірін жақсы көріп тұр ғой. Сіздің не қыз, не ұл екеніңізді білмей жатып қалай сөйлесерімді білмей жатырмын.
"Қыз болғансоң қыздың сөзін жақтап тұрсыңғо" егер мен ғана осы жерде сол қызды жақтап немесе жігітке мен ғана үйлен деп отырсам осы сөзіңізді құптар едім, ал жауап бергендердің ішінде қыз баласы мен ғана болғандықтан бұл сөзіңізді теріске шығарамын. "өзің баласы бар ажырасқан еркектің әйелі болып баласын бағатынбедің" ер адам қыз баласының құрбаны болуы мүмкін емес, ер адам өзіне еге бола алады ғой. бірақ сондай жағдай туып жатса ол кезде де жағдайға байланысты ой елегінен өткізіп, өзім шешім қабылдар едім. Менің бұл жерде үйлен деп ақыл қосып отырғанымның себебі Қыз бұл жерде ештеңе жасырмай шынын айтып тұр. Қазір неше түрлі айлалар бар. не туралы айтып жатқаным сізге де түсінікті шығар. соларды қолданбай шынын айтып тұрғаны қыздың адал екенін, бойында адамгершіліктің бар екенін дәлелдеп тұр. Мен осылай ой түйдім. ол қызды көрмесем де, білмесем де адалдығына күмән келтіре алмай тұрмын.
0 дауыс
Елдің алып-қашпа сөзі сіздің ол қызға деген махаббатыңызға дақ түсірмейтініне сенімді болсаңыз ғана үйленгеніңіз жөн деп ойлаймын. Егер сүйген адамыңызбен шаңырақ көтеру бақытына ие болсаңыз, баланы бөліп-жармай өзіңіздің тұңғышыңыздай етіп өсіре аласыз ба? Бұл жерде маңыздысы, елдің не дейтіні емес, сіздің қиындыққа төтеп бере алуыңыз сияқты. Өсек-аяңнан именбей, өзі сүйген адамды бақытты етуге ұмтылудың өзі ерлік деп санаймын. Сәттілік тілеймін! Бақытты болыңыз!
+1 дауыс
Сүйсең үйлен. .
+1 дауыс
Толық ақпарат жазылмаған соң осы айхай-шу, өзiң бойдақсың, балалы адамға үйленiп не көрiндi? Бiреудiң қателiгiн мойныңа көтерудiң қажетi жоқ бауырым, махаббат келедi кетедi, өмiр өте бередi. Түсiнбеймiн, сенде ажырасқанба сол сияқты жағдайды басыңнан өткiзген болсаң мақұл екен, бойдақсың ғой ол Алла, Сен оны бақытты етуге, бiреудiң қателiгiн мойныңа алуға мәжбүр емессiң. Сосын ата-анаңның бауырларыңның ағайын туыс жегжаттардың бетiне қалай қарамақшысың? Адамдар айта бередi үйлен деп олардың несi кетедi, әлде олар балалы адамға үйленiп көрiптiме? Бұл жерде сенiңде кiнәң бар жүрмей ұнатпай жатып, ол адамды көңiлу үмiт отын ұялатпай жатып ойлану керек едi, жүрiп ғашық болып аласыңдар да сосын ата-аналардың басына проблема тауып бересiңдер. Оз басым балалысы былай тұрсын, дипломы болмаса үйленбеймiн, себеп махаббатты ойлайтын заман емес, махаббат қарын тойғызбайды. Iләжi болса керемет сұлу болмасада тектi жердiң қызын алуға тырыс.
Дурыс айтасын!
+4 дауыс
Махаббат, сүйіспеншілік деген уақытша ғана нәрсе. Үйленіп, өзіңнен бала туғаннан кейін ол бала тысқарылау қалып қояды. Қанша жақсы көрсең де, әйелің үшін ол балаға жасағаныңның барлығы да жасанды, өтірік сияқты болып тұрады. Содан үйіңнен ұрыс-керіс кетпейді. Адам өз балаларын өсіру үшін отбасын құрады емес пе? Сондықтан, оқыған-тоқыған, тәрбиелі отбасынан шыққан қызға үйленгенің дұрыс.
Ырзамын ағасы.
0 дауыс
Шымкенттен болсаң үйленбе
Сен қоя қойшы.
+2 дауыс
Айтуға оңай бәрі. Әр адам баласы тағдырдың маңдайына жазылғаны болады. Атам қазақ бекер де бекер айтпаған Алла тағала ешкімнің ақысын жемейді әр теңімен өз теңімен қосып қояды екен, қалай деп едім Сен пәк болсан пәктіге жолыгасын, Зинақор болсан Зинақорға жолығасын. Сұрағын түсінікті. Баласы бар болсын ол баланың алу алмауы өзінің шешімін бала алмаймын десен қыздың ата анасына немесе туыс бауырларына қалдырады.ол да бөтен біреудін баласы емес Алла тағаланы жіберген сыйлығы.Баласы жоқтар қаншама . Бақыттың бәрі қылығы тәтті балада ғой, Әрине оған сезімін ояу болса,қыздын саған деген жылу сезімі болса болады үйленуге.Түсінетін ер жігіт болсан үйленуге болады жас болсан өмірін алда.Бірақ әрине қыздардың бақытты болу құқығы бар.
0 дауыс

Қыздың басына нендей жағдайлар туғанын біз білмейміз , қателік жіберген де  шығар.. Дегенмен.... Сүйем деп үйленіп,  кейіннен ажырасып жатқандар  көп қой, сондықтан өз сезіміңізге  сенімдісіз бе ,үйленгеннен кейін  басқа адамдар сөйлей бастаған кезде , сүйіктіңізге деген көзқарасыңың өзгеріп кетпейді ме , баласын туған  балаңыздай қабылдай аласыз ба ,  осы сұрақтарға  жауап беріп көргеніңіз дұрыс болады. Өкінбеймін десеңіз , үйлене беріңіз. Өсекті тыңдап, басқа адамдардың айтқанымен жүрудің қажеті жоқ.  Бақытты болыңыздар :)

+1 дауыс
Үйленбе! Қанша сүйсең де отбасы болған соң махаббаттарың сөніп кетуі мүмкін. Сонда отбасыңа қарсы шығып ол қызға үйленгеніңе өкініп қаларсың, сосын ажырасып тынарсың. Өз өміріңді де, басқаның өмірін де құртқың келмесе ата-анаңды тыңда және болашақта ата-анаң таңдаған қызға үйленуге тырыс. Ата-анаңа қарсы шығып пайда таппайсың. Махаббатсыз үйленіп, қазірде бақытты болып жүрген талай отбасыларды білемін.
Дұрыс айтасың
–2 дауыс
Егер сол қатынға үйленгің келсе, Қазақстаннан мүлде көшіп кеткенің дұрыс болар. Себебі!  өзіңнен кейінгілер, сенен қандай үлгі алмақ. Ойлан!
Олда адамзат баласы, сондықтан әйел деп айтқаныңыз жөн болар.Бұл АЛЛА-ның жазуы.
ұдайы үйде айеліме қатын қатын деп сол сөзге үйреніп қалыппын
сыпайлық сақтау керекқо, әйеліңізге олай айтпауға кеңес беремін.
Есте болсын!
...