0 дауыс
4.1k көрілді
Менің қолтығым қатты терлейді соны қалай жоюға болады өздеріңіз қолданған заттарды жазыңыздаршы кімнің басынан өтсе кетірген болса маған көмектессеңіздер деп едім !

3 жауап

0 дауыс

Жеке тазалық құралдарын дұрыс пайдаланып жүрсіз бе? Тексеріп көріңіз.

1. Дезодорант пен антиперспирантты шатастырамыз

Антиперспирант қолтықтың терлеуіне, ал дезодорант жағымсыз иіске қарсы қолданылады.

Көптеген антиперспиранттарда алюминий тұзы, кейде цирконийдің де тұзы болады. Олар тер бездерінің жолдарын тарылтады. Сол себепті де қолтық аз терлейді.

Дезодорант бактерияларды өлтіріп, жағымсыз иісті кетіреді. Оның тердің көлеміне әсері жоқ.

2. Ылғал теріге жағамыз

Антиперспирантты құрғақ теріге жағу керек. Душтан шыққан соң немесе терлеп тұрғанда оны қолданбаңыз.

3. Қырынған соң, бірден жағамыз

Қолтықтағы түкті қырған соң антиперспирантты да, дезодорантты да бірден қолданбаған жөн. Олардың құрамында спирт көп болса, теріні тітіркендіреді.

4. Күніне бірнеше рет қолданамыз

Күніне бірнеше рет құрғақ сусабынды немесе сүрмені пайдалануға болады. Бірақ дезодорантты үсті-үстіне жаққаннан сергімейсіз. Керісінше, тиімділігін төмендетіп аласыз. Оны таза, құрғақ теріге ғана қолданады.

5. Таңертең жағамыз

Антиперспирантты түнде, ұйықтардың алдында жағу керек. Бұл уақытта тер бездерінің жұмысы баяулайды да, антиперспирант тер жолдарына оңай сіңіп, сонда қалады. Сол себепті дермотологтар кешке душ қабылдап, қолтықты дұрыстап сүрткен соң ғана гигиеналық құралдарды қолдануға кеңес береді.

Толық сілтемесін мына сілтемеден оқи аласыз.

0 дауыс
DryDry жақпасын қолданыңыз. Өте жақсы көмектеседі. Өзім қолданамын бұрыннан. Фитнеске барғанда, күн астында жүргенде әбден терлеймін, бірақ қолтығым терлемейді.
0 дауыс
Саламатсыз ба . Мен Батэль компаниясының  спрей дезодарант тын қолданамын.өте керемет таңертен қолтығыңызды жуып сеуіп аласыз.ертенге дейін исін шығармайды жане кофтаңда иіс болмайда сол кофтаңды жумай қайта киіп жүре бересіз.хабарласыңыз тел 87757296952ватсап.

Ұқсас сұрақтар

–2 дауыс
5 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 29.10.2021 Тазалық сұрақ қойды
...