0 дауыс
959 көрілді

"Менингит" сөзін естігенде-ақ көпшілік үрейленіп жатады. Сондықтан ол ел арасында «ми қозғайтын ауру» деп те аталады. Менингит деген қандай ауру? Оның алдын алуға болады ма?

1 жауап

0 дауыс

Менингит дегеніміз – ми мен жұлын қабының қабынуы. Оның себебі:

  • Вирус. Тұмау, герпес, қызылша, қызба аурулары асқынса, менингитке әкелуі мүмкін.
  • Бактериялар. Менингитті тудыратын менингококк бактериялары бар. Одан бөлек туберкулез, пневмококк, гемофилді инфекциялар да менингитке әкелуі мүмкін.
  • Саңырауқұлақ, паразиттер. Бұл организмдер де менингит тудырады.

Менингит көп жағдайда ауа арқылы жұғады. Кейбір бактериялар сумен, тамақпен де жұғуы мүмкін.

Бас ауру – менингиттің негізгі белгілерінің бірі, бірақ одан басқа да белгілері бар. Мысалы балаларда:

  • ашушаңдық
  • тамақ ішпеу
  • дене қызуы
  • әлсіздік
  • ұйқысырау
  • жүрек айну, құсу.

Бұл белгілдер басқа да ауруларда бар. Сол себепті бірден дәрігер шақыртқан жөн.

Ересектердегі белгісі:

  • дене қызуы
  • бас ауруы
  • буындардың қарысып қалуы
  • жарықтан қорқу (жарыққа қарағанда көзі, басы ауырады)
  • қатты ұйықтау (адамды оятып алу қиын болады)
  • жүрек айну және құсу.

Менингококк инфекциясының негізгі белгісі – денеде дақтардың пайда болуы. Олар капияларлардың жарылуы немесе көгеріп қалғанға ұқсайды. Көлемі әртүрлі болады. Басында жұлдыз сияқты болады, кейін үлкейе түседі. Егер оның үстінен басса, дақтың түсі өзгермейді, яғни ағармайды.

Оны анықтау үшін “стақан әдісін” қолдануға болады. Мөлдір стақанды дақтардың үстіне қою керек. Әйнектен дақ көрініп тұрса, бірден жедел жәрдем шақыру қажет. Бұл – менингиттің белгісі.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...