0 дауыс
11.0k көрілді
53 Жасымда пенсияға, 5 баламен шыға аламын ба?/

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ауысуына байланысты, қазіргі таңда, 1998 жылдың қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы жүйесі бойынша жеңілдікті зейнетақылар алынып тасталды.

Қазіргі уақытта, ынтымақтасты зейнетақы жүйесі бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кем дегенде алты ай еңбек өтілі бар азаматтар:  58 жасқа толғанда әйелдер (2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайту жыл сайын   6 айдан қоса отырып 2027 жылға дейін 63 жасқа жетеді).

Сонымен қатар, зейнеткерлікке ерте шығу кезінде қолданылып жүрген екі жеңілдіктер сақталған:

-        «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес  төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы              5 шілдеге дейін кемінде 5 жыл тұрған азаматтар:   жұмыс стажы кемінде 25 жыл болған жағдайда – ер адамдар 50 жасқа жеткенде;  жұмыс стажы кемінде 20 жыл болған жағдайда – әйелдер 45 жасқа жеткенде зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

-        5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерге 53 жаста зейнеткерлікке ерте шығу құқы сақталатынын атап өткен жөн.

Қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес ынтымақты зейнетақы төлемдерінің мөлшері еңбек өтіліне және зейнеталды кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты айқындалады.  Зейнетақы зейнеткерлікке шығар алдындағы кезеңде алынған табыстың алмастырушысы болғандықтан, зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілі мен азаматтың нақты табысы назарға алынады.

Демек, зейнеткердің зейнеткерлікке шыққан кездегі еңбек жағдайы, еңбек өтілінің үздіксіздігі, лауазымы немесе мамандығы мен басқа критерийлер зейнетақы мөлшеріне әсер етпейді.

0 дауыс
Мен 53жаста шыксам лготный пенциямен канша толейди
...