+1 дауыс

Менің анам 1962 жылғы,  пенсия жасы қай уақытта келеді? Қазір пенсия жасы өзгерді дейді ғой?

25.02.2014 20.2k қаралым

8 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

ҚР зейнеткерлік жас

Ерлерге арналған зейнеткерлік жас 63 жастан, әйелдер үшін – 2018 жылға дейін 58 жастан басталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жарты жыл сайын 63 жасқа жеткенше көтерілетін болады. Осылайша, 1964 жылы туған әйелдер зейнеткерлікке ерлермен бірге 63 жаста шығады.
Әйелдердің зейнеткерлік жасының кезеңдеп ұлғаюы:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап  - 58,5 жасқа жеткенше;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанша;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанша;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанша;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанша;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанша;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанша;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап -  62 жасқа толғанша;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанша;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толғанша.

1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін (5 жылдан кем емес) экологиялық қауіп аймақтарында тұрған, Семей ядролық сынағында ядролық қару сынақтары салдарынан зардап шеккен азаматтар зейнетақыға неғұрлым ерте шығуға құқылы:

ерлер – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 25 жылдан аз емес еңбек өтілі болғанда 50 жасқатолуы бойынша;
әйелдер – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 20 жылдан кем емес еңбек өтілінде 45 жасқатолуы бойынша.

Зардап шеккендерге төленетін барлық өтемақылар туралы неғұрлым толығырақ «Экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға өтемақылар» мақаласынан біле аласы.

25.02.2014
өңдеді
0 дауыс
2025-жылы яғни 11жылдан кейін шығуы мүмкін 63 жасында.
25.02.2014
55-60 жасында шыкпайма озгеретт дейдиго
0 дауыс
60 жаста келедiго.
25.02.2014
0 дауыс

2022 жылда зейнетке шығады.

25.02.2014
0 дауыс
Ал менін анам 1965 жылғы 5 баланың анасы, казір 50 де. 5 жəне одан да көп балалары бар аналар 53 жасында шығады екен зейнетке. 2018 жылдың 2 наурызында 53 жасқа толады бірақ жаңа заң бойынша 2018 дің 1 қаңтарынан бастап зейнет жасы 58 болса менін анам көп балалы ана ретінде 53 жаспен шыға береме алде 58 де бірақ шығама. Соны түсінбедім.
10.09.2015
0 дауыс

Ия менин анамда 5баламен сентябрьде толады 53 пенсияга шыгадыма или 58дема

04.09.2017
0 дауыс
Менің анам 1963 жылғы,  ол кісі қай жаста шығалады екен
29.06.2018
0 дауыс
1962жылгымын 16июль кай жылы шыга аламын биыл шыга аламынба
31.03.2020
127,959Сұрақ
322,885Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы