0 дауыс
922 көрілді
Салеметсиздер ме? Бугин ет жеп жатканда, кəрі жілік етін шамалы деп койдым. Суйегин емес, тек етин аздап жегем. Оны кыз балаларга жеуге болмайды дегенді білмедім. Енди ештене кылмай ма?

2 жауап

0 дауыс

Кәрі жілік Қаржілік деп те аталады. Малдың қолындағы ең төменгі, жерге тік шаншылған, тоқбас жілікке тұтасатын жілік. Ол малдың алдыңғы кеуде бөлігін көтеріп, жерге табан тіреп таянақтау, кәрі жілік бұлшық еттері арқылы қолдың бүгіліп, жазылуына қозғаушы күш қалыптастырады. Әрі оның «Қаржілік» деп аталуы қолдың, білектің қарына ұқсатудан болса керек. Кәрі жіліктің сыртқы тұрқы бүкірейген ақсақалды кісінің тұрқына ұқсаса, айдар басымен иіліп келген көрінісі бейне адырналы садаққа ұқсайды. Ол мал жіліктерінің ішіндегі ең қатты, шағылмайтын сүйек. Ондағы бұлшық еттер сіңірлі көрінгенімен, жегенде тым жұмсақ келеді. 

Тарихи-архелогиялық зерттеулерге негізделгенде, ертедегі тайпалар садақтың жебе ұшын ірі малдың тісі мен осы кәрі жіліктің сүйегінен де жасаған. Қазақ дастарқанындағы кәрі жілік малдың қол жіліктерінің ішіндегі ең кәделісі есептеледі. Жолы бас, жамбастан кейінгі үшінші орында тұрады. Табаққа дербес аталы жілік есебінде түсе алады. Қырғыз халқы жілікті «Ер жігітті қырық жолдан қағады» деп, кәделі есептемейді. 

Қазақ дәстүрінде көбінде ақсақалды қарттарға ұсынылады. Бойжеткен қыздарға, үйленбеген жас жігіттерге ұсынылмайды

Ертеде шамандық сенім-нанымның әсерімен кәрі жілікке сиыну, одан медет тілеу, киелі есептеу сенімі де болған. Бұл салт 21 ғасырдың бас шеніне дейін сақталған. Соның әсерінен болар, қазақ халқы кәрі жілікті асып жеген күні түнде оны далаға тастамайды. Халқымыздың ескілікті ұғымынша кәрі жілік құрық ұстаған күзетші, мал-жанды бәле-қазадан аман сақтаушы, ел қорғаушы батырдың бейнесі деп түсінген. Сондықтан кәрі жіліктің тесігінен өткізіп, керегенің 3-көгіне қыстырып қояды, шақпайды. Ауыл көшкен күні қариялар керегеге ілінген кәрі жіліктерді қой қораның төріне, қора төңірегіндегі жартас қуысына, тал теректердің бұтағына арнайы іліп кетеді. Ердің алдыңғы қасына да іліп қоятын болған. Мұндағы басты себеп – ағаш, шөп қыстырылған кәрі жілік түн ішінде бейне құрық ұстаған күзетші сияқтанып, малды, ер-тұрманды ұры-қарыдан, жаудан, қасқырдан қорғайды деп сенгендіктен. 

Бұл жөнінде қазақтың бір ертегісінде: мыңғырған малы бар бір бай малына әсте күзетші қоймаған екен. Бірақ, ұрлауға келген ұрылардың көзіне үнемі қолына құрық ұстаған күзетші елестеп, қанша батылдық етсе де ұрлай алмаған. Бұған таңырқаған ұрылар байдың үйіне келіп, жөнін сұраса, бай керегесінде ілулі тұрған қалың кәрі жілікті көрсетіпті. «Ақылды ару» деген ертегіде келіні қанжығасына байлап берген қырық кәрі жілік шалды тонаушылардан қорғайды. Шал жілікті қанжығасынан алып тастағанда, тонаушылар шалды ұстап алып, тонауға кіріседі. Сөйтіп, әлгі шал ақылды келініне жұмбақтап сәлем айтып жүріп, қарақшылардан зорға құтылады. Міне, бұл кәрі жіліктің қасиеті жайында ертедегі ата-бабалардың сана-сезімінен туындаған миф. Соғымның кәрі жілігін күні бүгінге дейін халқымыз әр жылы келетін ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне арнап, сақтауы, наурыз күні данагөй қариялар наурыз батасын жасап, жас етпен қосып ауыз тиюі де осы түсініктен қалған. Ата-бабаларымыз қонағына кәрі жілікті ұсынуда ата-бабаның әруағы қолдап, жаратқан жар болсын, іргең берік, байлық берекең ырысты, бәле-қазадан аман бол, ғұмыр жасың ұзақ болсын деген ізгі тілекті көзде ұстаса керек.

Мәлімет ашық ақпарат көздерінен алынды.

0 дауыс
Жәй ырым ғой, ойыңа алма, ештеңе де етпейді
...