0 дауыс
1.7k көрілді
Күшік бағып едім сол жұрттың мал сойғаннан кейінгі қалдықтарына үйір болып жүр.Ол ит болғанда осы əдетін тастамаса малға шауып жұрттан таяқ жеп өліп қалуы мүмкін.Соның алдын алып жанағыдай жаман ет жеп жүрген жерлерінен 2-3 рет ұрып жіберіп ем енді күшігім жаман болып қалды мені көрсе қашаған болып шақырсам тығылып қашып тамақ ішпей əрең ұстап еркелетіп отырып басқа біреуге ұрыссам қашып дірілдеп отырады.Мен күшігімнің бұрынғы күйіне келгенін қалаймын

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Итті қалай үйрету керек деген сұраққа жауап ретінде алғашқы, әрі басты түсінік оны үйде пайда болған бірінші күннен-ақ бастау керектігі. Әрине 4-5 айлық күшік «Фас!» және «Апорт!» деген бұйрықтарды орындамайды, бірақ оны тазалыққа, тәртіпке, орынға баруды және қарғы бауды байлауды толығымен үйрете аласыз. Тағы бір маңызды сәт – реттілікпен үйрету қажет, яғни, басқа иесі қандай бұйрықтармен және күшікті қалай үйреткенін білуіңіз қажет. Бұл жағдайда жаза беру (онсыз үйрету өкінішке орай болмайды!) дереу болуы тиіс, кейінге қалдырмаңыз, әйтпесе ит неменеге кінәлі болғанын түсінбей ренжіп қалады.

Дәретханаға баруды үйретеміз

Үй жануарын сатып ала отырып, күшікті қалай үйретеміз деп ойламайды, оны дәретханаға баруды үйрету керектігін ойлайды. Күшік үйді бүлдірмеу үшін оны жиі далаға шығарып тұру қажет. Мамандар тамақтанып, белсенді ойын ойнап және ұйықтағаннан кейін шығаруды ұсынады. Күшік әлі кішкентай болғанда үйде дәретханаға баруды үйретіңіз. Ол үшін күшіктің дәрет сындырған жерін газетпен сүртіп, оны науашығына салып қою қажет. Күшік орынды қайта іздей бастағанда оны дереу науашығына апарыңыз.

Орнына жатуды үйретеміз

Күшік жақсылап тамақтанғанда немесе шаршағанда оны «жатуға» үйрету әлдеқайда оңай болады. Оны қолыңызға алып, арнайы оған арналған орынға апарыңыз да, жатқызып «Орныңа жат!» деп айтыңыз.

 «Фу!» бұйрығын үйрету

Күшік рұқсатсыз әлдебір затты алғанда қатаң дауыспен бұйыра қайталап айту қажет. Затты ала отырып, «Фу!» деп бұйыра айтыңыз.

Атын тануды үйретеміз

Ит атын атағанда елең ететіндей тамақ берер алдында атын атап шақырыңыз. Шартты рефлекс ит миында осы екі оқиғаны қосып байланыстырады, сонда күшік белсенді ойын ойнап жүргенде-ақ шақырғанда елең етіп жүрігіп келеді.

Қарғы бауын байлауды үйретеміз

Ит үлкендігіне қарай қарғысы бар шылбыр немесе өмілдірік таңдаңыз да, тұрып қалмай жылдам кигізіңіз. Итті тәтті тағаммен марапаттауға болады, бірақ бұл жерде мамандар пікірі екі түрлі.

Күшікті қалай үйретемін десеңіз, әрине, өзіңіз білесіз, бірақ есіңізде болсын, төрт аяқты құйрықты иттердің тәртібіне қарай отырып, адамдар олардың иелері жөнінде тұжырым жасап шығарады.

Толығырақ: https://kz.everydayme.com/%D0%BE%D1%82%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B/%D0%BE%D1%82%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BC%D0%B5%D0%BD-%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%83/it-jattyqtyru-joldary

...