0 дауыс
1.1k көрілді
Мен арық адаммын, мен жүгіру жаттығуларын бастағым келеді бұл толысу үшін пайдалы ма? Жүгірсем толамын ба?

3 жауап

0 дауыс

Арық болудың тағы бір себебі – тұқым қуалаушылық пен метаболизм ерекшеліктері. Алайда, кейде арықтық қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Мысалы, егер қалқанша безі қызметі бұзылған болса, тиреотоксикоз ауруында, сонымен қатар бірінші дәрежелі қант диабеті мен ісіну кезінде адам салмақ тастай бастайды.

Неден бастау керек?

Дене салмағын көбейтпес бұрын оның себебін анықтап алу керек. Адам ағзасын арықтатуға бірнеше себептер бар:

– тамақ қабылдаудың бұзылу (анорексия, булимия). Бұл кезде ағза өзіне қажетті әрі нәрлі тағамды қабылдамайды. Ретсіз тамақтану нәтижесінде артық жеу, кейіннен ұзақ уақыт тамақ ішпей қою.

– гипертиреоз. Қалқанша без қызметінің жоғарылауы нәтижесінде құрамында йоды бар гормондар ағзада көбейіп, зат алмасу жылдамдауына себеп болады.

– қант диабеті. Ағзадағы қант құрамының көбеюінен зат алмасудың бұзылуы.

– туберкулез. Бұл кезде ағзадағы барлық энергия аурумен күресуге жұмсалады. Нәтижесінде, адам арықтап кетеді.

– ас қорыту ағзаларындағы аурулар. Созылмалы гастрит, дуоденит, колит, асқазан ауруы кезінде әртүрлі ауырсынулар болып, адамға тамақ сіңбейді.

– глисттер мен паразиттер. Паразиттер ішек қабырғасының шырышты қабатын зақымдап, онымен тамақ қорыту және сіңіру процесін бұзады.Олар ағзаны улап, аллергия шақырады.

Егер арықтықтың себебі жоғары себептерден болса, әуелі емделіп алған дұрыс.

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.

0 дауыс
Егер денсаулығыңыз жақсы əрі ақша да болып жатса, протеин ішіп, жаттығу залына үзбей барыңыз.
0 дауыс
Керісінше одан сайын салмақ тастауың мүмкін)
...