Ең алдымен, шылымнан бас тартыңыз. Никотин - асқазанның жауы. Шылым асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.
Асқазан жарасынан арылу үшін ағзаңызға жасұнықтың көп мөлшерін жіберіңіз. Неғұрлым көп болған сайын, соншалықты жақсы. Жасұнық алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте көп. Және де фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.
Пиязды жақсы көріп жесеңіз, асқазаныңыз рақмет айтатын болады. Тым болмағанда күніне жарты пиязды жеуге тырысып бағыңыз. Немесе пияздың көп мөлшері бар салаттар мен жеңіл тағамдарды серік етіңіз.
Сонымен қатар, асқазан жарасын үй жағдайында жеңудің тағы бір жолы - жаңғақтар. Бір келіге жуық жаңғақты шағыңыз да дәнін жеуге қойыңыз. Ал қабығын стақанға салып, спирт құйыңыз да жылы жерге бұқтырып қойып қойыңыз. Бір аптадан кейін күніне бір шәй қасықтан ашқарынға ішу керек. Тұнбаны таусылғанша күніне үш реттен пайдаланыңыз.
Диета - асқазан аурын емдеудегі ең маңызды ережелердің бірі. Себебі, асқазан аурының пайда болуы дұрыс тамақтанбаумен тығыз байланысты. Мұндайда сүтті және сүтқышқылды тағамдарды, бұқтырылған, қайнатылған көкөністерді, әртүрлі ботқаларды (күріш пен макароннан басқа), қайнатылған тауық, сиыр етін, жеңіл балықты, жұмыртқаны жеуге болады. Ал қуырылған, майлы тағамдардан, майлы еттерден, ащы тағамдардан, консервілерден, саңырауқұлақтардан, газды сусындар мен қышқыл шырындардан бас тартыңыз.