0 дауыс
5.4k көрілді
Ертедегі қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы толық мәлімет!

2 жауап

+1 дауыс

Қазақтың салт-дәстүрлері

  • Шарана шайқау
  • Кіндік шеше
  • Қыз айттыру
  • Табалдырық аттау
  • Құйрық-бауыр (салт)
  • Жасау
  • Сәлем салу
  • Киіт
  • Түйе мұрындық
  • Есік ашар
  • Өңір салу
  • Құрсақ той
  • Жарыс қазан
  • Төркіндеу
  • Ілу салу
  • Қыз алып қашу
  • Құда түсу
  • Неке қияр
0 дауыс

Шілдехана күзету

Халқымыз ұрпақ көруді ерекше бақыт санаған, ол жалғыз ата-ананың қуанышы ғана емес, бүкіл ауыл-аймақтың қуанышы есептелген, баланы өмірдің жалғасы деп түсінген. Нәресте дүниеге келген күні «баланың бауы берік болсын» айтып бір түн күзетіп, жиылған ел-жұрт ән салып, өлең айтып, домбыра шертіп, үлкен

Қалжа.

Қазақ салты бойынша бала туылған күні сол отбасында той жасалып, ауыл ақсақалдарының батасын алып, маңайдағы абысын-ажын тағы басқа әйелдер сол үйге жиылып босанған анаға арнап қой сою кәдесі «қалжа» деп аталған. Қалжа сойылып малдың етін жеп болған соң, мойнын қырық күнге дейін керегенің басына іліп қояды, бұл баланың мойны берік боп қатсын деп ырымдаудан болған.
Ер баланың «мені де әкем ұл туды деп, қалжа сойған» деген сөз содан қалған.

Балаға ат қою.

Халқымыз жаңа туылған нәрестеге ауылдағы қадірменді, сыйлы, беделді ақсақалдарды шақырып азан шақырып ат қойғызады. Ат қойылатын баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің атың пәлен» деп айғайлайды. Ат қоюда белгілі ғылымилық бар, ат қою қоғамдық ортаға, заман райына, өндіріс кәсібіне тығыз байланысып жатады. Кейбіреулері әйгілі адамдардың атын ырымдап қою арқылы сол адамға тартсын деп тілек тілейді. Ат қоюда туыс-туғандардың атын қайталамауды түйін етеді, егер қайталанса, сол адамға үлкен құрметсіздік есептеледі. Адам атын әркімнің өз өміріндегі жеке орнын білдіретін ұғым деп түсіну керек, ат қою өзіндік даралығы бар халықтық дәулет.

Бесікке бөлеу (салу).Баланы бесікке бөлеуді халқымыз өнер деп таныған, бұл «бесік тойдың» артынан іле-шала болатын қимыл. Бесік тойға келген әйелдердің арасынан жолы үлкен тәжірибелі бір әйел баланы бесікке бөлейді, бесікке бөлеудің өзіндік ырымдары болады. Бұл тұста түбектің тесігінен балаларға тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік (тыштыма) үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдергекөйлек,жаулық сияқтысый тартылады.Бала бөленген бесіктің үстінде жеті нәрсе (шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы және бесік көрпе) жабады. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілекті білдіреді.Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:

Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?

Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.


Танабау тағу.

Бала әкесіне немесе шешесіне ілесіп жұмыс басында қолқабысын тигізіп жүргенін көргенде, ел-жұрт «жігіт болыпты», «қажетке жарапты» деп құттықтап танабау тағады. Танабауға тана, шыт, парша-парат ақша, т. б нәрселер беріледі. Танабау тағушыларды баланың ата-анасы шақырып қонақ етеді, мұны «танабау тағу» деп атайды.

Айдар тағу.

Қазақта ұл баланы зарығып жүріп көрген ата-ана ұлына кішкене күнінде төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны ертеде қазақта көп қолданған. Тарихи деректерге қарағанда, Кенесары мен оның немересі атақты Наурызбай батырда айдар болған екен.
Бала он жасқа келіп айдарынан намыстанған кезде оның айдарын алып тастау барысында бірер мал сойып тойлайтын әдет болған.

Тана тағар.

Қыз балаға тұлым өріп, құлағын тесіп, тана тағу ырымы ертеден жалғасып келе жатқан салт. Тана тағарда туыс-туған, көрші-қолаңдарының әйелдерін шақырып шағын тамаша өткізіп береді, мұны қазақта «тана тағар» деп атаған.

Тоқым қағу.

7-8 жасар бала нағашы жұрты бәсіреге мінгізген құнанына ашамай ерін ерттеп мініп, бірінші рет үйінен алысқа жолаушылап шығып, нағашы жұртына барады.Сонда әке-шешесі бір малын сойып, ауыл аймағын жинап, тоқым қағар тойын жасайды.


дереккөз: https://ust.kz/word/qazaqtyng_salt_dasturleri-34209.html

...