+1 дауыс
735 көрілді

Сұрағым былай:

  • Үй алып беремін деп, несиеге ақша алдыртып, алдап кеткен адамнан, ақшаны процентімен  қалай қайтарып алсам болады ?
  •  Алаяққа ақша беріп алданғаным, пара болып саналады ма ? Жазасы қандай ?
  •  Егер де ол қолынан келмейтіндігін айтып ақшаны қайтарған уақытта  үстіндегі процентін қалай қайтарсам болады ?
  • Егерде ол адам мені өз депозитін көбейту үшін несие алдыртқаны дәлелденсе, пайдама шеше аламын ба ?

Оған қандай заңдар мысал бола алады ?


Оқиға.Мән-жай:

Бізге үй алып береміз деп, несиеге ақша алдыртып, 11 ай бойына алдап келеді.

Осы уақыт аралығында бәленбай уәде берді, алайда еш қайсысынан нәтиже көре алмадық. Күтіп келеміз. Осы уақыт аралығында сенбейтіндігімізді айтып, ақшамызды да қайтарып алдық. Бір қызығы ақшаны дереу қайтара салды. Бірақ  депозитінен... Алайда, біз байланысымызды үзген жоқпыз, себебі олар үйді қалайда алып беретіндіктерін айтады... Сене тұғын қолымызға бір тұтам құжатта берген жоқ. Егерде алып бере алмаймыз десе ше ? Алаяққа жем болып, несиені бостан босқа алып, 5 жыл бойына төлеп отырамақ болғанымыз ба ?

Қолымызда тек телефонмен сөйлескен дауыстар, вацаппен сөлескен перепискалар ғана бар.  Көмектеріңізді сұраймын...

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...