0 дауыс
1.9k көрілді
Сағымды (мираж) көзбен көрдіңіз бе қандай болады? көп адамдар соған алданып жатады дейді, ол қалайша?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мынадай болады......

мынауың керемет екен. бірақ бұл шын шөл дала ма? жоқ  көлдің жағасы ма? ар жағындағы жағалауда ағаштар өсіп тұрған секілді екен, одан ары тауға ұқсайды.  ЕЕЕЕ адамдар осыған алданып адасады екен ғой,суға жетем деп....
Жолда жүргенде асфальттің ең шеті су сияқты болатынын көріп жүрген шығарсың, бұл да сол сияқты ғо.
0 дауыс
Шөл далаға барып көрмеппін
0 дауыс
Бала кезімде ауылда көргенмін. Оның сағым екенін атам айтқан. Кинодағыдай емес, бірақ) Жаздың аптап ыстығында пайда болады.
0 дауыс

Негізі бірнеше түрі бар.Мына асфалттағы су сағымның бір түрі
0 дауыс
Мен сағымды көрген жоқпын бірақ ол жайлы кішкене мәліметтер білемін.


Сағым — атмосфера қабаттарының әр түрлі тығыздығының болуы салдарынан жарық сәулесінің кейбір ауа қабатынан шағылуы, оған байланысты болатын сәуленің сынуы.Жер бетінен ауаның қызған қабаты көтерілгенде бұл жиі байқалады. Жер бетіндегі бір заттан шыққан жарық сәулесі түгелімен шағылысқа ұшырауы мүмкін. Сағым  бір нәрсенің кескіні ауада ілініп тұрған секілді болып керінеді. Сағымның арқасында жайшылықта көкжиектің тасасында жатып көрінбейтін заттардың көрінуі мүмкін. Сағым бірнеше жалған бейнесі байқалатын оптикалық құбылыс.Сағым заттың астыңғы жағында,үстіңгі сағым ,жоғарғы сағым немесе бүйір жағында орналасуы мүмкін. Ауа тығыздығының әрелкі болуына байланысты жарықтың атмосферадағы сыну көрсеткіші біртіндеп өзгереді. Осы өзгеріске сай атмосфера арқылы өткен жарық сәулесі де біртіндеп қисаяды.Сағым нәтижесінде пойда болған көкжиектегі жорамал кескіндер кейде шөл даладағы адамға су сияқты елестер береді.Солай адамдар шатасып жатады. Заттың түрі бұзылып көрінетін күрделі құбылыс Морган тоғыны деп аталады.
Сағым - қазақтарда ерлер есіміне беріле береді.
...