0 дауыс
3.4k көрілді
Қабақ терісі ауруы бола ма? 2 апта болды көз терісі мүлдем өзгерді.

1 жауап

0 дауыс

Қабақтың қызметі

Көзді сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғайтын – қабақ. Оның терісі өте нәзік, созылу қабілеті жоғары, әсерге бой алдырғыш. Қабақтағы терінің тез ісетін, созылатын кездері көп. Адамның жүзіндегі алғашқы әжімдер де осы жерге түседі. Қабақ адамның мінез-құлқынан да сипат береді.

Қабақтың ісіну, созылу себептері

Адам қабағының ісініп, созылуына:

* ұзақ жұмыс істегенде айналасындағы жарықтың кейде аз, кейде мол болуы;

* ұйқысыздық;

* таза ауада болмай, бөлмеде қамалып отыру;

* тамақты, әсіресе сұйықты мөлшерінен көп ішу;

* дене гигиенасын (тазалығын) дұрыс сақтамау себеп болады.

Бұлар қабақтың әжімденуіне де өз әсерін тигізеді. Қабақтың ісуіне жел де, шаң да әсер етеді. Яғни, адам қабағына нашар, сапасыз бояулар жағып алып, сыртқа шықса, ол шаңнан, желден қорғай алмай, қайта олармен өзара «байланысқа» түсіп, қабақты ісіндіреді. Көз аурулары да қабақтың ісінуіне басты себептердің бірі.

Қабақты қорғау тәсілдері

Ісінуден, терісінің созылуынан қабақты сақтау үшін қолданылатын арнайы тәсілдер бар.

1. Қабақты жылы ерітіндімен (бір стақан суға бір шай қасық бор қышқылын араластырып дайындайды) күнделікті жуып тұру керек. Оған қоса түймедақ гүлінің тұнбасымен жуған да пайдалы.

2. Жылдың жаз айларында қабақ пен көзді күн сәулесінен, шаң мен желден қорғау үшін қорғаныш көзілдірік киіп жүріңіз.

3. Қабаққа қоректендіретін крем жағып, күтім жасаңыз.

Қабаққа тек қана қоректендіретін крем жағу қажет. Кремді сипамайды, бір саусақпен ақырындап сіңіреді. Қабақ ісіңкіреп тұрса, оған аршылған шикі картопты басады. Аршылған картопты жуып, үккішпен үгеді, жұқа шыт матаға немесе дәкеге орайды, сосын оны тұтастай көзге басып қояды. Картопқа аздап сүт пен ұн қосуға болады.

Бетті сылағанда мына қағидаларды орындау қажет:
1. Қабақтың айналасына крем жақпайды.
2. Қабақты сыламайды.

Қабаққа әжім түссе оған түймедақ гүлінің тұнбасын басу жақсы әсер етіп, әжімнің жазылуына жәрдемдеседі. Күндіз қабаққа опа мен бояуды қалың етіп жақпайды және де оларды жайлап жағады. Косметологтардың кеңесімен дұрыс таңдап алынған бояуды өз мезгілінде, белгілі бір мөлшерде жағу – жанарды ажарландырып, қыз-келіншектердің жүзін жайнатып жібереді.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқуға болады.

...