0 дауыс
1.5k көрілді
Тұтқын бала оқиғасына шыгарма

1 жауап

0 дауыс
Қазақ әдебиетінде Тұрар бейнесін жасау жолында алғаш қалам тартқан Мұхтар Әуезов еді. Тұрар Рысқұловтың көзі тірісінде-ақ жазылған «Қараш-қараш оқиғасы» повесі жұртшылықтан жоғары баға алған болатын. Оны оқыған Т.Рысқұловтың ағыл-тегіл егіліп жылағанын жазушы Шерхан Мұртаза өз кітабында шебер суреттейді. Шындығында, оқырман қауым Т.Рысқұлов жайлы біраз жағдайларға қанық болғанымен, оның өмір жолын түгел қамтитын, ұлт мақтанышы бейнесін жоғарыдан көретін туынды әлі дүниеге келе қоймаған еді. Сол кезеңде зиялысынан адасып қалған ұрпақты ардақтысымен қауыштыра Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы әдебиет әлемінің есігін ашты. Ол туралы Т.Мәмесейіт былай дейді: «Біздің жоғалтқанымыз – қазақ деген соры қайнаған халықты қайтсем бақытқа жеткіземін деп жанпидалықпен күрескен арыстарымыз еді алдымен. Олар – біздің өткеніміз, тегіміз, руымыз еді ғой. Зорақы заман бізді содан айырғысы келді. Мәңгүрт жасағысы келді. Міне, сол оталған арыстарымыздың бірі және бірігейі Тұрар Рысқұлов еді. «Қызыл жебе» хамсасы» арқылы біз алдымен сол Рысқұловты таптық және таныдық. Ал, Рысқұлов тағдыры – халық тағдыры. Өйткені, оның өмір жолындағы басынан өткен шындықтар халық тағдырындағы, тарихындағы шындықтарды елестетер еді. Сондықтан да, Рысқұловты тану – халықты тану деген сөз. Халықты тану - өзіңді тану» . Осы реттен келгенде, «Қызыл жебе» - ұлттың рухын түлеткен, рухани ұстазына, көш бастар көсеміне айналған шығарма болды. Аталмыш романның негізгі кейіпкері – Тұрар Рысқұлов. Автор оның жас шағынан бастап өскен ортасын, өмірден көрген-түйгенін, алған әсерін жан-жақты кең, байсалды суреттейді. Жастайынан көрген қиыншылық, жеген таяқ, аянышты тіршілік пенде атаулының пешенесіне жазыла бермейтін қатал тағдырды танытады. Тұрар қаршадайынан әкесі Рысқұлды өзіне үлгі етіп өсті. Ол әкесінің турашылдығын, күштіден күбіжіктемейтін, мықтыдан ықпайтын тәкаппарлығын, жарлымын деп жасымайтын мінезін ұғып өсті. Оқырман алғашқы кітаптан-ақ, болашақ большевиктің мінезі қандай ортада, қалай қалыптасқандығы туралы жанымен ұғып, көңілмен танитын мол мағлұматтар алады. Романда жас Тұрар қара суық өңірде тамыр жайып, қанаттанған тау шынарындай шымырлық танытады. Бұл, әсіресе, баланың болыспен алғаш бетпе-бет келіп, арбасып қалатын сәттен, шабарман Таубайдың «Әкең қайда айт?» деп азаптайтын кезден, надзиратель алып соғардай үстіне төніп кеп қалса да қашпай арқасын дуалға берген күйі астындағы жалғыз тал қызғалдақты өз өміріндей қорғаштап, жанталасқан тұстан көрінеді. Бұның бәрі де, сөз жоқ, болашақ ірі қоғам қайраткері – Тұрар Рысқұловтың бойынан көрінер алғашқы қадір-қасиеттер еді. Өзі құралпас жас балалармен ойнап жүрген Тұрар бірде жаяу жарысып озып, мәреге бұрын жеткенде қос қолын көкке көтере сермеп: «Мен Қызыл жебемін!» - деп айғай салған-ды. Жалғыз кінәсі хас жүйріктігі боп, қарау заманның қабан қанжарына шалынып кете барған Қызыл жебе тағдыры көңілін қатты тербеген жазушы әлгіндей ойлы, терең мағыналы сөзді жас өскіннің аузына бекерден-бекер салып отырған жоқ. Осы бір ауыз сөз арқылы автор Тұрар бейнесін көкке көтеріп кеткендей.
...