0 дауыс
3.4k көрілді
Ертеде бір хан, қамауында жатқан бір тұтқынды өзіне шақыртады. Нөкерлері алып келген тұтқынның алдына тауықты қояды да, былай дейді:
- сен қазір мына тауықты өлтіресің және соны қалай өлтірсең, мен де сені дәл солай өлтіремін, - дейді. Тұтқын әлгі тауықты өлтіреді, ал хан тұтқынды дәл солай өлтіре алмай, босатып жібереді.

Енді сұрақ: Тұтқын тауықты, ханның қолынан келмейтіндей етіп, қалай өлтіреді?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл сұрақтың жауабын мен білемін. Қысқасы тұтқын тауықтың аузына насыбай салады, тауық бұрын-соңды насыбай атып көрмегендіктен басы айналып құсады, ақыр соңында о дүниеге аттанады. Содан соң патша тұтқынның аузына насыбай салады, бірақ күнде атып жүрген ол өлмей құтылып кетеді.
+2 дауыс
Басын тістеп жұлып алған шығар))
Кккккк десең да )
–1 дауыс
Тұтқын тауықтың басын аузына салып, тістеп жұлып алады. Ал тұтқынның басы патшаның аузына симайтын болғандықтан патша тұтқынды босатып жібереді.
0 дауыс
Аузына салып жулып алады
+1 дауыс
Бәрінің ойы басын жұлып алу екен, басқа жерлерінде жұлып алуға болады ғо патша жұла алмайтындай етіп.

Ал, менің ойымша тұтқын тауықтың жүнін жұлып алады немесе жұмыртқасын алып қояды.
...