0 дауыс
515 көрілді
Салеметсиздерме?!  Мен екинши баламды 2018 жылдын 06 кантарында босандым. Озим мемлекеттик кызметкермин. Биринши баламнан сон 8 ай мемлекеттик кызметте истеп декретке шыктым. Бул жумыска Косымша ЖК- те 5 ай истеп журдим, ол жатканын декретке шыктым.  ХККО-НА барсам маган 15.400тг есептеп шыгарып берди 1 жаска дейин алатын акшаныз деп. Бирак, жумыс истемейтин уйде откан айелдер осындай акшаны аладыгой, мен жумыс истеп осындай алдым керекпе?  Маган есептеп берсениздер??? 8 ай - 68 000 тг, 5 ай - 60 000тг алдым. Баламнын 1жаска дейинги акшасын есептеп берсениздер.Алдын ала алгысымды билдиремин. Ертерек жауап жазыныздаршы, дурыс болмаса кайта откизейин кужаттарымды...

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысының көлемін 24 айға бөлу қажет, содан кейін  0,4 көбейту және 10% зейнетақы жарнасын алу қажет.


Мысалы, бала босанғанға дейін әйел 2 жыл жұмыс істейді, бір жыл ішінде оның еңбекақысы бір рет көтерілді. Бірінші жылы әйел 100 мың теңге алды, екінші жылы 150 мың теңгеге дейін еңбекақысы көбейді. Енді осының барлығын және зейнетақы жарналарын, табыс салығын түгелдей қосып есептейміз:


12*100 000+12*150 000=1 200 000+1 800 000= 3 000 000 теңге


Алынған соманы 24 айға бөлеміз: 3 000 000/24= 125 000 теңге


125 000 теңге – табыстың орташа айлық мөлшері.


Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін осы көрсеткішті 0,4-ке көбейтіп, 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек, яғни:


125 000*0,4 = 50 000 теңге, 10% шегергенде  босанған әйел ай сайын 45 000 теңгені алады.


Осы мысал негізінде Сіз де жәрдемақыңызды есептеп шығара аласыз.

...