0 дауыс
2.7k көрілді
Достар маған "Баланың еңбек Құқығы" туралы слайд керек 1 апта ішінде мына материалдарды пайдаланып слайд жасап берініздерші!  http://sabaq.kz/4018/бала-құқығы-туралы-декларация/

Және мынадан да косып ==>

«Бала құқығының» заңдарынан баптары.

1 – бап

Бала сипаттамасы.18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.

2 - бап

Дискриминацияны, яғни зорлық – зомбылықты болдырмау.Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық – зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.

3 – бап

Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету.Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.

4 - бап

Құқықты іске асыру.Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.

5 – бап

Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.Мемлекет баланың жан – жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.

6 - бап

Өсу мен даму.Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.

7 – бап

Есім мен азаматтық.Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.

8 - бап

Жеке тұлғалықты сақтау.Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.

9 – бап

Ата – анадан ажырау.Бала өз мүддесіне қарама – қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай – ақ бала ата – анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы.

10 - бап

Отбасының қосылуы.Бала мен ата – ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын нығайту мақсатында кез – келген елден шығын өз еліне келуге құқылы.

11 – бап

Заңсыз орын алмастыру және оралмау.Мемлекет ата – ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.

12 - бап

Баланың көзқарасы.Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.

13 – бап

Пікір айту еркіндігі.Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.

14 - бап

Ой, ар – намыс және дін бостандығы.Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.

15 – бап

Ассоциация бостандығы.Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциаларға кіруге болмаса оны құруға құқылы.

16 - бап

Жеке өмір сүру құқығын сақтау.Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылар еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым – қатынас жатады.

Конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған.

Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған.

Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну – адамзат міндеті».

Мен міндеттімін:

- білім алуға

- тәртіп сақтауға

- мектеп мүлкін сақтауға;

- үлкендерді сыйлауға;

- ана тілдің тазалығын сақтауға;

- әрдайым таза, ұқыпты жүруге;

- темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге.

Баланың еңбек құқығы туралы слайд?

1 жауап

0 дауыс
http://sabaq.kz/4018/бала-құқығы-туралы-декларация/
...