0 дауыс
2.6k көрілді
мен линза тақсам уақыт өте зрение нашарлап келеді. Одан шығатын қандай амалдар бар? Біреулер линзадан кейін ота жасатуға немсе емдетуге болмайды дегенді айтып жатады сол қаншалықты рас?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Линза тағудың еш зияны жоқ

Линза көзілдірікке қарағанда айналаны толық көруге мүмкіндік береді. Жаңбыр мен қар жауғанда, спортпен айналысқанда қиындық тудырмайды. Көзілдірік заттардың формасы мен өлшемін өзгертеді. Ал линза қоршаған ортаның өңін өзгертпей көруге мүмкіндік береді.

Линзаның ерекшелігі – оның күтімі көп. Линза тағатын адамдарға, ең бастысы, оны күнделікті белгіленген уақытынан артық тағып жүруге болмайды. Сондай-ақ, міндетті түрде пайдалану мерзімінен ұзақ сақтауға болмайтынын ұмытпаңыз, яғни, егер ол айлық болса, отыз күннен артық тақпағаныңыз дұрыс. Сонымен қатар линзаны міндетті түрде өзінің арнайы сұйықтығында сақтап, сонымен тазалау керек.

Линзалар – біріншіден оларды киіп, шешудің өзі оңай емес. Бастапқы кезде бұл процедура жарты сағаттай уақытыңызды алады. Одан кейін оларды күнде жуу, арнайы ерітіндіге салу, уақытылы сатып алу, жаңарту, өзімен бірге көзге тамызатын тамшы алып журу және т.б.

Линзаның бірнеше түрлері болады: бір күндік, бірнеше күндік, апталық, айлық, үш айлық, жарты жылдық және бір жылдық. Бірақ ең дұрысы маман ретінде бір айлық линзаны тағуға кеңес беремін.

Линзаның тағы бір түрі – түнгі линза. Яғни, линзаны ұйықтар алдында тағып жатып, таңертеңгісін шешіп тастайсыз. Таңертеңгі уақытта көздің көру мүмкіндігі арта түседі. Мұны ортокератология линза деп атайды.

Лазерлік ота жасату өте тиімді

Көздің көруін лазермен түзету – ол қазіргі офтальмологиядағы озық бағыт. Лазерлік хирургия саласындағы жетістіктер бүгінгі күні миллиондаған адамдарға әр-түрлі көру нашарлығы рефракциясының бұзылуын (жақыннан көрмеу, алыстан көрмеу, астигматизм, пресбиопия) түзетуге мүмкіндік береді. Лазерлік ота 20 жаспен 40 жас аралығында жасалады. Лазерлік ота жасатудың еш зияны жоқ.

Лазерлі операция бүгінгі күні миллиондаған адамдарға әр-түрлі көру нашарлығын (жақыннан көрмеу, алыстан көрмеу, астигматизм, пресбиопия) түзетуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше адамдарды көзілдіріктен, линзадан арылуына мүмкіндік береді.

Лазерлік отаның жасалу әдісі:

  1. Науқастың көзіне жансыздандыратын тамшыларды тамызады (наркоз немесе анестетис уколдары қолданылмайды);
  2. Жансыздандыру әсер еткеннен кейін қабақты еріксіз жыпылықтаудан ұстап тұратын қабақ кеңейткіш орнатылады;
  3. Центрлеу жүргізіледі, вакуумның белгілі бір деңгейінде арнайы линза жоспарланады және фемтосекундтық лазердің көмегімен қасаң қабық тіндерінің беткі қабаттарынан берілген конфигурациядағы қима және интрастромальды лентикула қалыптасады;
  4. Flap бөлініп алынады және шпательмен «конверт» түрінде бір жағына жиналады;
  5. Әрі қарай интрастромальды лертикуланың ішкі және сыртқы шеті бөлініп алынады, бөлінген лентикуланың бөлінуі және жойылуы, қалдық ложаның тексерісі жүргізіледі;
  6. Flap бұрынғы орнына жиналады, бейімделеді;
  7. Лазерлік түзету аяқталғаннан кейін қасаң қабық арнайы ерітіндінің көмегімен шайылады. Пациентке қабынуға қарсы және антибактериалды тамшылар тамызылады;
  8. Содан кейін түзету осындай түрде екінші көзге де жасалады.

Ота жасалғаннан кейін орындалатын әрекеттердің дәлдігі елеулі түрде жоғарылайды, сауығу кезеңі қысқарады, трансплантат толық бейімделгеннен кейін алынған көздің көру сапасы жоғарылайды. Сіз қалыпты адамдарша көретін боласыз, жақсы көру үшін сізге қосымша заттар, препараттар немесе процедуралар қажет болмайды.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...