+1 дауыс
9.9k көрілді
Көзге арналған линза оны қайдан алуға болады көзге зияны жоқ па?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Контактілі линза таққан адамның көзі көрмей қалу қаупі бар. Егер... Бүгінгі таңда су мәселесінің адам өмірінде қаншалықты орын алатынын өзіңіз де пайымдап үлгерген боларсыз. Соны біле қойған"Acanthamoeba" есімді титімдей, бір клеткалы бактерияларекі әріптен тұратын қажеттіліктің арқасында адам өміріне орасан зиян тигізбек. ...Осы бір бактериялар туғызатын инфекция көп уақыт қаралу менемделуді қажеті етеді екен. Оның өзінде де адам көзінің жазыла қоюы екіталай болып шықты. Ақ халатты абзал жандар мұндай жағдайда көздің мөлдір қабығын ауыстырады.Соның өзінде де адамның көзі көру түгілі, линза тағуы мұңға айналатын кездер орын алып қалуы мүмкін. Шотландық ғалымФион Энрикес:"Линза тағатын кез келген адам үшін бұл өте қатерлі дерт"-деп отыр. Жақында Британияда өткен фестивальдердің бірінде ғалымдар осы тақырып жөнінде азды-кемді өз пікірлерін айтып кеткен болатын. Сондағы ғалымдардың айтуы бойынша,аталған бактериялар судан, шаңнан, бассейннен келеді.Ең қиыны сол, бактерия көз ішінен табылып жатса, ең алдымен көзді жасауратады. Одан кейін барып көздің жоғарғы жағы қатты ауырып, жарыққа шыққанда сезімталдық күшейе түседі. Көп жағдайда линзаны қолданушылар сутартқыштағы сумен жуып қоя салады. Әйтпесе, линзамен бассейнде суға түсіп, линзамен жуына береді. Әрине, осының бәрі өз кезегінде инфекцияға алып келеді. Ендеше, алдын алудың жолдарынназарға қоя кетсек.Біріншіден,суға түскенде немесе бассейнде жүзгенде линзадан бас тарту қажет. Сосын таза жерде ұстау керек. Екінші, үшінші дейтін арнайы сақтандыру шаралары жоқ. Бар болғаны ұқыпты, сақ болып жүргеніңіз ләзім.Атамыз қазақ«Сақтансаң Құдай сақтайды»деген екен. Ақпарат http://massaget.kz/ сайтынан алынды.
оны таза ұстаса соқырлыққа алып келмейма
+3 дауыс
денсаулыққа: сапасыз линза көру қабілетін нашарлатуы мүмкін, кей жағдайда аллергия туындатады, ал кейде микроб түсуінен қабынулар болуы мүмкін.
— қаражатқа: яғни бір алған көзілдірікті ұқыпты кисең кемінде 1-2 жыл пайдаланасың, ал линзаны мерзіне байланысты үнемі жаңадан сатып алып отыру керек, оған қоса растворына, желді не ыстық күндерде қолданылатын растворларға тағы да ақша жұмсайсың.
— уақытқа: көзілдірік кию уақытыңды алмайды әрі көзіңді тынықтырғың келсе шешіп қоя саласың, ал линзаны тағу біраз машақат тудырады. Көзге тікелей жанасатындықтан мұқият тазалықты талап ететін линза тағу процедурасы уақытыңды алады.
Артықшылығы:
— линза дұрыс таңдалған (ылғалдылығына зор мән беру керек) әрі тазалықпен киілген болса, оның көзіңде бар-жоғы тіпті білінбейді!
— күн салқында көзілдірік буланып әбден мазаңды алады, шақырайған күн сәулесі болса көз жанарын «сорып» тастайды, ал линза тақсаң күннен қорғайтын көзілдірікті киіп ал да жүре бер!
— жаңбыр жауса да, қар жауса да линзамен еш ыңғайсыздық туындамайды!
— спортпен айналысқанда линза өте ыңғайлы, ал көзілдірікті шешіп қоюға тура келер еді.
— ұзақ уақыт кигенде көзілдіріктің іздері бәрі-бір байқалып тұрады, ал линзада ондай жоқ)
— қазіргі уақытта линзаның ұзақ уақыт тағуға болатын (ұйықтағанда шешіп қоюды қажет етпейтін) нағыз «жалқауларға» арналған түрлері де бар)
— түрлі түсті линзаны тағу арқылы көз түсін де өзгерту қолыңызда!
Ескерту: линзаны көз дәрігерінің тағайындауымен ғана таққан жөн және бір маркаға тәуелділік пайда болмас үшін оны алмастырып отырған дұрыс
0 дауыс
Қысқаша айтатын болсам көз ауруға салдырған зиян емес, ал былайынша салдыру зиян. Біздің сыныпта бір қыздың көзі қызарып шығып кете жаздады :(
...