0 дауыс
7.3k көрілді
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбішілік

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Соғыстың салдары. Екінші дүниежүзілік соғыс XXғ. екінші жартысының бүкіл тарихында із қалдырды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі адам шығынының көбі бейбіт халықтың үлесіне тиді. Тек КСРО бойынша қаза тапқандардың саны 27 млн-ға жетті. Германиядағы концентрациялық лагерлерде 16 млн адам жойылды. Батыс Еуропалықтар елдерде соғыс пен қуғын-сүргін құрбандарының саны 5 млн адамға жетті. Соғыс қимылдарының барысында қаза тапқан әрбір адамға 2 жаралы немесе тұтқынға түскеннен келді. Еуропадағы 60 млн жойылған өмірге Екінші дүниежүзілік соғыстың Тынық мұхиттағы және басқа да алаңдарында қаза тапқан миллиондаған адамдарды қосу қажет.

Соғыс жылдарында ондаған млн адамдар қоныстарын тастап кетуге мәжбүр болды. Германияға арзан жұмыс қолы ретінде Еуропанның әртүрлі елдерінен 8 млн адам күшпен әкелінді. Польшаны басып алғаннан кейін 1,5 млн астам поляктар «байырғы неміс» жерлері деп аталатын аймақтардан қуылды. Ондаған мың француздар Эльзас-Лотарингиядан, соғыс қимылдары аймақтарынан миллиондаған адамдар қашып кетті. Соғыс аяқталғаннан кейін орасан көп халықтың кері бағытпен жылжуы басталды: немістер Польша мен Чехословакиядан, бұрынғы Пруссиядан көшірілді. Соғыстан кейінгі жылдарда миллиондаған адамдар босқындарға айналды.1945 ж. 12 млн еуропалықтар туған жерлерімен байланыстарын үзген, «мекен ауыстырған адамдар» деп танылды. Бұдан да көп адамдар үйреншікті өмір арнасынан шығып қалды, дүние-мүлкінен айрылды, азаматтығын ,кәсібі мен мамандақтарын жоғалтты.

Соғыс кезіндегі материалдық шығындар адам айтқысыз көп болды. Еуропа құрылығында бірнеше мыңдаған қалалар мен селолар жермен-жексен етілді, зауыт-фабрикалар, көпірлер, жолдар қиратылды, көлік қатынас құралдарының көптеген бөлігі жарамсыз болып , істен шықты. Соғыстан ауыл шаруашылығы зор зиян шекті. Ауыл шаруашылығы жерлерінің көбісі пайдаланусыз жатты, мал басы жартысына кеміп кетті. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда соғыстың қиыншылықтарына кейбір елдерде аштық қосылды. Сол кездегі көптеген экономистер мен оқымыстылар, саяси қайраткерлер Еуропаның жуық арада қалпына келуге күші жетпейді, оған кем дегенде ондаған жылдар керек деп есептейді.

Фашистік үстемдіктен азат етілген елдерде экономикалық, демографиялық және әлеуметтік мәселелер мен қатар Еуропаны қайта түлетудің саяси мәселелері бой көтерді. Тоталитарлық режимдердің саяси , әлеуметтік және моральдық салдарларын жеңу , мемлекеттік-демократиялық институттарды, саяси партияларды қалпына келтіру, жаңа конститутциялық нормаларды жасау міндеттері алда тұрды. Ең басты әрі кезек күттірмейтін мәселе – нацизмді, фашизмді түп-тамырымен құрту өркениет тарихындағы ең кантөгіс соғыстың айыпкерлерін жазалау болды.

Соғыстан кейінгі Еуропадағы , жалпы дүние жүзіндегі жағдай Гитлерге қарсы одаққа енген елдердің ұжымдық бірлескен қимылдарының орнына ең күшті екі мемлекет – АҚШ пен КСРО-ның арасындағы теке тірестің келуіне, дүниенің екі жүйеге бөлінуіне байланысты шиеленісе түсте. Гитлерлік Германияға қарсы соғыста жеңіп шыққан екі ұлы мемлекеттің арасындағы қақтығыстар идеологиялық алауыздыққа , ағымдағы мәселелерді шешуге, бейбіт дамудың келешегіне әртүрлі тұрғыдан қарауға байланысты еді. Коммунизм немесе капитализм, тоталитаризм немесе демократия деген мәселе қатаң түрде қойылды . Дегенмен соғыстан кейінгі алғашқы жылдары ұлы мемлекеттер Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытынды кезеңінде қабылданған шешімдерде көрсетілген соғыстан кейінгі дүние туралы келісімдердің шеңберінде әрекет жасады.

Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу.Соғыстан кейінгі мәселелер туралы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшыларының Қырым (ақпан 1945ж.) және Потсдам (шілде-тамыз, 1945 ж.) конференцияларында маңызды келісімдерге қол жетіскен болатын. Бұл конференцияларда жеңімпаз мемлекеттердің Германияға қатысты саясатының негізгі бағыттары , Польшаға байланысты территорялық мәселелер және Германияның бұрынғы одақтастары – Италиямен, Австриямен, Болгариямен, Венгриямен, Румыниямен және Финляндиямен бітім шарттарын дайындау және қол қою мәселелерін қоса белгіленген болатын. Бейбіт реттеу жөніндегі дайындық мәселелерін жүргізу үшін басты мемлекеттердің өкілдерінен Сыртқы істер министрлерінің Кеңесі (СІМК) құрылды . Париж бейбіт конференциясы үшін дайындалған келісім шарттары 1947 ж. Бастап күшіне енді (Австриямен бітім шарты кейінірек, 1955 ж. жасалды).

Германияға байланысты реттеу.Одақтастардың Германияға байланысты шешімдері елді ұзақ уақыт оққупациялау және одақтың бақылау орнатуды қарастырған болатын. Бақылаудың мақсаты: «Герман милитаризмі мен нацизмі жойылады, одақтастар бір-бірімен келісе отырып, қазіргі уақытта және келешекте Германия ешқашан да өздерінің көршілеріне немесе дүниежүзінде бейбітшілік сақтау ісіне қауіп төндірмеуі үшін қажетті шаралардың барлығын қолданады» деген шешімді бақылау және іске асыру болды.

Германияның территориясы оккупациялық аймақтарға бөлінді . Шығыс аймақ КСРО-ның әскери әкімшілігінің бақылауында болды да, үш батыс аймақты тиісінше АҚШ, Ұлыбритания және Францияның оккупациялық билік органдары бақылады. Берлин төрт аймаққа бөлінді.

Төрт елдің қарулы күштерінің бас қолбасшылары Бақылау кеңесінің мүшелері болды. Кеңес Германияны оккупациялау мақсаттарын іске асыруда негізгі саяси және экономикалық қағидаларды басшылыққа алуы керек болды , олар: Германияны толық қарусыздандыру және демократияландыру, оның соғыс өндірісін жою, национал –социалистік партия мен барлық нацистік мекемелерді және кез-келген нацистік үгіт-насихатты жою; соғыс қылмыскерлері тұтқынға алынып, сотқа берілуге тиіс, нацистік басшылар және нацистік мекемелердің басшылық құрамдары қамауға алынып, бейтараптандырулары керек, нацистік партияның мушелері қоғамдық және жартылай қоғамдық қызметтерден кетірулері және маңызды жекеменшік кәсіпорындардағы тиісті орындарынан алынулары керек.Одақтастар экономикалық күштердің картельдер , миндикаттар , тресттер түрінде шектеп тыс шоғырлануын жою мақсатымен герман экономикасын орталықсыздандыру туралы келісті. «Соғыс кауіпсіздігін сақтау қажеттілігін» ескере отырып, сөз, баспасөз және дін, еркін кәсіподақтар құру бостандықтарына рұқсат берілген болды.

Сайып келгенде, одақтастардың Германия жөніндегі саясаты оны нациссіздендіру, демократиялау және картелсіздендіруді қарастырды.

Оккупациялық биліктер Германияның біртұтас демократиялық дамуына жағдай жасады деп ойластырылған болатын. Бірақ Германияның шығыс және батыс аймақтарға бөлінуі олардың арасынан екі қарама-қарсы жүйенің шекараларының өтуіне байланысты көп жылдарға созылды.

1949 ж. оның территориясында екі мемлекет: батыс аймақтарда Германия Федеративтік Республикасы және шығыс аймақта Герман Демократиялық Республикасы пайда болды. Сөйтіп, Германиямен бітім шарты жасалынбады және екі жүйенің қақтығыстары екі герман мемлекетінің шекаралары бойынша өтіп жатты. Тек 1991 ж. Германияның бірігуіне байланысты оккупация да, Германияға байланысты төрт жақты келісім де өз күштерін жойды.

Австриямен бітім шары туралы мәселе. Австриямен бітім шарты туралы мәселесі созылып кетті. Оған себеп екі ірі мемлекеттің теке-терісі болды. КСРО Австрия бейтараптық сақтап, ешкандай әскери-саяси одақтарға қосылмасын деген талап қойды. Мұндай келісім және Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей Германияның Австрияны күштеп қосыпалуына жол бермеу туралы бап бітім шартына да, Австрия конституциясына да жазылды. 1955 ж. бұл теке тірестің бітім шартына қол қоюмен аяқталуына мүмкіндік береді.

Жапониямен бітім шарты туралы мәселе. Соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі Қиыр Шығыстағы бейбіт реттеу болды. 1945 ж. 2 қыркүйекте Жапония тізе бүккеннен кейін оны американ әскерлері оккупациялап алды да, елдегі бар билік оккупациялық әкімшіліктің басшысы генерал Макартурдың қолына көшті. Тек жыл аяғында ғана 11 елдің өкілдерінен Қиыр Шығыс коммиссиясы жіне КСРО, АҚШ Ұлыбритания және Қытай өкілдерінен тұратын Одақтастық кеңес құрылды.

КСРО мен АҚШ арасындағы Жапонияның соғыстан кейінгі құрылысы жөніндегі қайшылықтар өте қатты болды. АҚШ КСРО-ның және басқа да мүдделі елдердің, оның ішінде революцияның жеңісінің нәтижесінде 1949 ж. қазанында құрылған Қытай Халық Республикасының қатысуынсыз сепаративтік бітім шартын дайындауға кірісті.

1951 ж. қыркүйекте Сан-Францискода Жапониямен бітім шартын жасасу жөніндегі конференция болып өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар КСРО делегациясы және басқа да бірсыпыра қатысушылар енгізген түзету мен толықтыруларға құлақ аспады. КСРО территориялық реттеу мәселелері туралы анық тұжырымдаулардың жасалуын, Жапониядан шетел әскерлерін әкету жөніндегі баптың қабылдануын, Жапонияға соғыс одақтарына мүше болуға тиым салуды талап етті. Бірақ КСРО делегациясы мен конференцияға қатысушы басқа да мемлекет өкілдерінің түзетулері мен толықтырулары ескерілмеді. КСРО, Польша және Чехословакия шартқа қосылудан бас тартты. КСРО мен Жапония арасында бітім туралы шарт жасасу мәселесі бірінші тарағанға дейін шешілмей қалды.

БҰҰ құрылуы. Соғыстан кейінгі бейбіт реттеудің ажырамас бөлігі – ол Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы болды. БҰҰ соғыстың аяқталу кезеңінде Сан-Францискодағы конференцияда (1945 жыл, 25 сәуір-26 маусым) құрылған болатын. Алғашқыда оның құрылуына Гитлерге қарсы одақ мүшелері 51 мемлекет қатысты. БҰҰ Жарғысы 1945 ж. 24 қазанында күшіне енді. Бұл дата БҰҰ күні ретінде атап өтіледі.

БҰҰ Жарғысында оның мақсаттары жазылды. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, басқыншылық актілерін басып тастау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту, экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты іске асыру, адам құқықтарына және нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, жұрттың барлығының негізгі бостандықтарына деген құрметті қолдау және дамыту.

БҰҰ-ның басты органдары – Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесі, Халықаралық сот, бірнеше арнайы кеңестер мен басқа да үкіметаралық ұйымдар. Бас Ассамблея жыл сайын шақырылап отырылады , ал Кауіпсіздік Кеңесіне бейбітшілікті қолдау ісі жүктелген . Кауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшесі ( АҚШ, Ресей, Ұлыбритания , Франция, Қытай) және 10 уақытша мүшесі (екі жылда ауысып отыратын) бар.

Кеңестің жұмысындағы басты принцип – ол ұйымды соғыстан кейінгі ұлы мемлекеттер арасындағы қарама-қарсылық жағдайында сақтап қалуға мүмкіншілік берген басқыншылықты тыю және бейбітшілік сақтау жөніндегі шешімдері қабылдаудағы бес тұрақты мүшенің бірауыздылығы қағидасы болды. («Тыйым» құқтығы, яғни бес мүшенің біреуі келіспеген кез-келген шешімді қабылдамай тастау құқығы.) БҰҰ қамқорлығымен экономикалық тұрақтандыру жөніндегі маңызды институттар құрылды: Халқаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру және даму банкі . Сөйтіп , соғыстың соңғы кезеңінде және ол біткен соң көп ұзамай Гитлерге қарсы одақ елдерінің соғыстан кейінгі ынтымақтастығын жалғастыра берудің іргетасты қаланды , КСРО меня АҚШ мудделерінің қаншалықты қатты қақтығыстарына қарамастан , оларға соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда құрылған халықаралық ұйымдар мен келісілген шешімдердің шеңберінде күрес жүргізуге тура келді.

Нюрнберг соты.Соғыстан кейінгі реттеу мәселелерінің ішіндегі ең маңыздыларының бірі басты соғыс қылмыскерлерінің үстерінен жүргізілген сот процестері болды.Нюрнберг процесінде басты нацистік соғыс қылмыскерлеріне басқыншылық соғыстарды дайындау және жүргізу жолымен бейбітшілікке қарсы қастандық жасағандығы , адамзатқа қарсы қылмыстары және әскери қылмыстары үшін айып тағылды. Трибунал 12 айыпталушыны өлім жазасына , ал қалғандарын әртүрлі мерзімге қамау жазаларына кесті. Бұл тек басты нацистік және соғыс қылмыскерлеріне қолданылған жаза болмады. Ол нацизм мен фашизмді халықаралық жұртшылық тарапынан айыптау болып табылды.Бұл Еуропаны фашизмнен тазарту процесінің бастамасы болды. Германияда соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда соғыс және нацистік қылмыскерлердің үстінен 2 млн астам сот істері жүргізілді , әкімгершілік аппараты, сот және білім беру жүйелеррі олардын тазартылды.

Кішкентай Бельгияның өзінде азат етілгеннен кейін басқыншыларымен ынтымақтастық жөнінде 600 мыңнан астам іс қаралып , 80 мыңға жуық үкім шығарылды.

Францияда одан да қатал шаралар қолданылды: қоллаборационистерге 120 мыңнан астам үкім шығарылды, олардың мыңға жуығы өлім жазасына кесу туралы болды. Виши режимінің басшысы Лаваль өлім жазасына , ал Петэн өмір бойы түрмеде отыруға кесілді .

Голландияда немістермен ынтымақтыстықтары үшін қамалғандардың үстінен 150 мыңнан астам қылмысты істері қаралды.

Бірақ тазарту әртүрлі елдерде бірдей дәйекті жүргізілмейді.Мыңдаған нацистер , коллаборационистер жазадан құтылып қана қоймай, әкімгершіліктерде , соттарда , ағарту жүйесінде өз орындарын сақтап қалды.

Көптеген соғыс қылмыскерлері Латын Америкасы елдеріне паналады. Бірақ осылардың барлығына қарамастан , Еуропада тәубеге келу және фашимз зұлымдықтарынан арылу процесі басталда.

«Қырғи қабақ соғыстың» басталуы.Екінші дүниежүзілік соғыстан соң екі алып мемлекет – КСРО мен АҚШ соғыс және эконосикалық жағынан ең қуатты елдер ретінде дүниежүзінде орасан зор ықпалға ие болды.Дүниенің екі жүйеге бөлінуі және екі ұлы мемлекеттің саяси бағыттарының түбегейлі қарама-қарсылығы сол кездегі халықаралық жағдайға әсер етпей қойған жоқ. Екі елдің идеологиялық теке тіресі халықарлық аренада дұшпандық атмосферасын туғызды, бұл елдердің ішкі өмірлерінде жау іздеуге әкеп соқты. Екі елде де басқаша ойлау қастандық әрекеттерінің көрінісі деп бағаланды. Нәтижесінде АҚШ-та «маккартизм» сияқты жексұрын құбылыс – азаматтарды Америкаға қарсы бағытталған қастандық әрекеттер жасады деген күдік негізінде қудалау орын алды. КСРО-да соғыс кезінде тұтқынға түскендерге, «іріп-шіріген батыс алдында бас июшілерге» т.б. қарсы жазалау әрекеттері қызу жүріп жатты.

Екі ұлы мемлекет қарама-қарсы екі дүние және қатаң қарсы тұру тұжырымдамасын ұстады. Ықпалды американ журналисі бұл қақтығыстарды «қырғи қабақ соғыс» деп атады.

Баспасөз бұл сөз тіркесін қағып әкетіп, ол 80-жж. аяғына дейінгі халықаралық қатынастар жағдайының сипаттамасына айналды.

У. Черчиллдің АҚШ-та сөз сөйлеуі. Әдетте тарихи еңбектерде АҚШ пен Батыс елдерінің сыртқы саясат бағытының өзгеру уақытын Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі У. Черчелльдің 1946ж. 6 наурызда университеттік қала Фултонда американ президенті Г. Трумэннің қатысуымен сөйлеген сөзінен басталды деп есептеу қабылданған. Г. Трумэннің қатысуы бұл оқиғаларға ерекше мән беруге тиіс болды. Өйтпеген күнде президентке мазмұнымен алдын-ала танысқан сөзді тыңдау үшін АҚШ-тың тура орталығында орналасқан қатардағы қалашыққа ұшып барудың не қажеттілігі бар еді? Осы кезде АҚШ-тың қысымымен Канадада кеңес агенттерінің үстінен сот процесінің басталғандығы да кездейсоқ емес-тін. У. Черчелльдің Фултондағы сөйлеген сөзі «қырғи қабақ соғыстың» басы деп есептелінеді.

У. Черчелльдің «темір тор» Шығыс Еуропаны Еуропалық өркениеттен бөліп тастады, сондықтан да англосаксондық дүниенің коммунизм қаупі алдында бірігуі қажет деп мәлімдеді.

Екі ұлы мемлекеттің мүдделерінің қарама-қайшылықтары одақтастардың соғыстан кейінгі мәселелер туралы шешімдерін іс жүзінде асыру кезінде, әсіресе поляк шекаралары, поляк үкіметінің құрамы, Германиядағы реттеу т.б. мәселелерде көрініс берді. Шығыс Еуропа елдеріндегі билік басына коммунистік партиялардың орнығуы, Грекиядағы партизандар қозғалысы және басқа да сыртқа саяси оқиғалар АҚШ тарапынан коммунизмнің күшпен тартылуы деп бағаланды. Осыдан келіп АҚШ –тың коммунизмді «тоқтату» және «артқа шегіндіру» туралы сыртқы саясат доктриналары пайда болды. Кеңес насихаты да қарап қалған жоқ, американ империализмнің басқыншылық саясатын әшкереледі.

Жанталаса қарулану екі ұлы мемлекет пен олардың одақтастарының қарам-қарсылығы мен мүмкін болатын қақтығыстарының маңызды саласына айналды. 1945 ж. тамызда Хиросимаға тасталған атом бомбасы тек Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы актісі болып қана қоймай, сонымен бірге «қырғи қабақ соғыстың» бірінші актісі болды, содан соң «шақыру-жауап», «қалқан-семсер» принципі бойынша жанталаса қарулану басталды деген пікір бар.

КСРО атом бамбасын жасауды жеделдетті. Оның бірінші сынағы 1949ж. табыспен аяқталды. АҚШ сутегі бомбасын 1952 ж. сынақтан өткізсе, КСРО оны бір жылдан соң іске асырды. АҚШ стратегиялық бомбалаушы самолеттер жасаса, КСРО құрылықаралық ракеталар жасап шығарды. Екі дүниенің соғыс өндірісінің әртүрлі салаларындағы жарысы осы елдердің басшыларының жауынгерлік зарядтардың көлемінің қорғаныс қажеттерінің асып кеткендігін түсінгендерінше созылды. Жиналған бомбалар саны жер шарын бірнеше рет жойып жіберуге жететін болып шықты.

Соғыс – саяси одақтарын құру да екі ұлы мемлекетің «жарыс» саласына айналды. Бұл АҚШ-тың «коммунистік қысым» көрсетіліп тұрған Грекия мен Түркияға 1947 ж. басында көрсеткен соғыс-материалдық көмегімен басталды.

Батыс Еуропа елдерінде миллиардтаған көмек көрсету жөніндегі «Маршал жоспары» Еуропадағы капитализмнің іргетасын нығайту мақсатын көздеді. КСРО мен басқа социалистік елдер американ империализіміне тәуелді болудан сескеніп, бұл көмектен бас тартты.

1949 ж. Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (НАТО) құрылды, ол алғашында өз мақсаты – Батыс елдерін Германияның қайта өрлеуінен қорғау деп жариялады. ГФР НАТО-ға 1955ж. қосылды. 1955ж. КСРО басшылығымен екінші соғыс – саяси одақ – Варшава Шартының Ұйымы (ВШҰ) құрылды.

Сөйтіп, екі ұлы мемлекеттің теке терісі екі соғыстық-саяси одақтың қарсы тұруына айналды. Теке теріс логикасы дүниені күннен-күнге болашақ ядролық соғыс қаупінің тұңғиығына тарта түсті.

Толығырақ: https://studfile.net/preview/5023792/page:21/

...