0 дауыс
1.6k көрілді
Қазақстан тарихынан қалайсыздар?

2-ші дүниежүзлік соғыс қалай басталды білесіздерме?
Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауап

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды. Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Австрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында ИталияАлбанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды.

 

Осы Молотов-Риббентроп келісімі (В.Молотов КСРО-ның, М.Ребентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва,Эстония, Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.
0 дауыс
  1. http://www.zox.kz/load/aza_stan_tarikhy/ekinshi_d_niezh_zilik_so_ys_arsa_y_men_bastaluy/18-1-0-1284
  2. http://bestreferat.kz/rkd/show/4622
  3. http://kk.wikipedia.org/wiki/Екінші_дүниежүзілік_соғыс
  4. http://yandex.kz/yandsearch?text=Второй%20мир%20начало%20войны&clid=9582&lr=162
0 дауыс
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс фашистiк Германияның Польшаға шабуылдауымен басталған. Фашистiк Германия Польшаға 1939 жылы 1қыркүйекте басып кiрдi.
0 дауыс
1939-1945 жылдары
...