0 дауыс
33.6k көрілді
Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Екінші дүниежүзілік соғыстың айырмашылығы, ерекшелігі (адам шығыны, қатысқан мемлекеттер, қамтыған аймағы, соғыс зардабы, соғыс себебі, соғыстың сипаты).

1 жауап

+1 дауыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния,Грекия, Черногория және басқа елдер енді. Империалистік соғысқа байланысты армия қатарына 77 миллион адам шақырылды. Оның ішінде Германия – 13,2 миллион, Австрия-Венгрия – 9 миллион, Түркия – 1,8 миллион, Болгария – 1 миллион, Ресей – 19 миллион, Англия – 9,4 миллион, Франция – 8,1 миллион, Италия – 5,6 миллион, АҚШ – 3,9 миллион, Румыния – 1 миллион және тағы басқалар

Екінші дүниежүзілік соғыс — адамзат тарихындағы ең ірі жанжал, ең ірі шиеленіс. Соғысқа Жер жүзі халқының 80%-ын құрайтын 61 мемлекет қатысты. Соғыс әрекеттері Еуразия, Африка, Мұхит аралдары елдерін және барлық мұхиттар алабын қамтыды. Соғысқа қатысқан елдердің армияларында 110 млн адам есепте болды. Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылды. Бұл соғыс ең қырғын соғыстардың қатарында. Соғыс жылдарындағы адам шығындарының саны шамамен — 65—67 млн-ға жеткен. Олардың тең жартысы азаматтық тұрғындар (әскерде жоқтар) болатын.

Соғыс жылдарында аса зор материалдық байлықтар және құнды тарихи мәдениет ескерткіштері қиратылды.
...