0 дауыс
4.6k көрілді
"Әлемге Абайды танытқан ұлы тұлға" атты эссе, 2-3 беттен кем емес, басқа сайттардан көшіріп алынған керек емес. Рахмет!

1 жауап

0 дауыс
Мұхтар Әуезов – қазақ халқының зор жазушысының бірі, оқымысты ғалым, ұлы қайраткер Қазақстан Республикасының ғылым академиясын бітірген, филология саласының маманы,  білімдар адам, профессор, «Алаш» партиясының атақты мүшесі болған. Семей — тарихи, шежіре қала. Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтер даналы қатарына қанат бітіріп, дем берген қадірлі де қасиетті мекен.

Семейде 1917-1920 ж. ұлт азаттық қозғалысының қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Хәлел Ғаббасов, Мұхаметжан Тынышбаев, Әлімхан Ермеков, Елдес Омаров, Шәкәрім Құдайбердиев, Жұсіпбек Аймауытов, Турағұл Ибрагимов, Ахметжан Қозыбағаров, Мәннан Тұрғанбаев, Әбікей, Қаныш Сәтбаевтар, Мұхтар Әуезов, Жақып Ақбаев, Райымжан Марсеков, Көкбай Жанатаев, Сейдазым Қадырбаев, Ғұмар Қарашев, Биахмет Сәрсенов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Біләл Сүлеев, Асылбек Сейітов, Тайыр Жомартбаев елін егемен ел іргелі мемлекет болуын аңсады.

Сол кезеңнің куәгері — Бөгенбай батыр көшесіндегі (бұрынғы Полицейская, 1877; Комиссарская, 1918) екі қабатты үй — қазіргі мемориалдық ғимарат. Бұл үйдің иесі — Әнияр Молдабаев (1856-1934) — Шыңғыс болысынаң Абайдың замандасы, жерлесі, шәкірті. Ол Мұхтар Әуезов, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтың Семейде қызмет еткен жылдарына да ерекше қатысы бар мекен-жай. Семейдегі жаңа тарих құжаттар орталығының қорында Семей атқару комитетіиің меңгерушісі (1919), «Қазақ тілі» газетінің редакторы (1920), губерниялық атқару комитетінің төрағасы (1921), Казпедтехникумының мұғалімі (1925) Мұхтар Әуезовтің өз қолымен жазған сауалнамалары сақталған. Онда Мұхтар Әуезов жазушының тұрақты мекен-жайы ретінде Больничная көшесі 62 үй, (Ак. Пәвлова, 70), Комиссарская көшесі 70 үй, Омская көшесі 103 үй көрсетілген. Абай, Мұхтар Әуезов өмірлеріне тікелей қатысты тарихи орын болғандықтан Ә.Молдабаевтың үйінде 1944-67 ж. Абай мұражайы орналасты. 1988 ж. дейін қаладағы балалар кітапханасы болып, 1990 ж. Абай мұражайына қайта берілді. 1997 ж. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Алаш арыстары — Мұхтар Әуезов» атты жаңа мұражай экспозициясы ашылды.

Мұхтар Әуезов өзінің ұланғайыр шығармашылық әлемін Семей жерінде бастады, алғашқы көркем туындылары, қазақ сахна өнерінің ірге тасын қалаған драмалық шығармалары да осында дүниеге келді. Бала Мұхтар Әуезов атасының алдынан хат таныған соң, 9-10 жасында ағасы Қасымбек қасына алып, Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқытты да, 1909 ж. қалалық бес кластық орыс училищесіне оқуға орналастырды.

Жас Мұхтар Әуезов сол кездердегі қалалық спорт жарыстарына да белсене қатысып , «Ярыш» атты жасөспірімдер футбол команда құрамында болады. Семей бала Мұхтар Әуезов заманында Сібір мен Қытайға, Орта Азияға қатынасатын үлкен керуен жолының үстіндегі қала болатын. Семейде он екі мешіт-медреселері, орыс мектептері, екі гимназия, училище, мұғалімдер даярлайтын семинария, өлке зерттейтін статистика комитеті, кітапхана, өлкетану мұражайы болды, 31 000-нан аса халық мекендеді. Осы кез қазақ әдебиет өнерінің өркендей бастаған шағы еді. Ә.Бөкейханов Абай шығармаларын жаңа заманның тынысы деп түсінді. Қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалап, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын 1909 ж. Санкт-Петербургте басылып шығуына қол үшін берді.

Әлихан Бөкейханов 1905 ж. 1-І Мемлекеттік Думаға Семей облысының қазақтары атынан депутат болып сайланады. «Выборг үндеуіне» қол қойғаны үшін СанктПетербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен үш айға Семей түрмесіне қамалады. 1909 ж. Уфа қаласындағы «Восточная печать» баспасынан Міржақып Дулатовтың «Оян қазақ!» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көріп, елге тез тарап кетеді. 1911 ж. Орынборда қайталап басылып шығады. Бұл — қазақ әдебиетінің тарихындағы ең көп қудаланған шығарманың бірі. Кітаптың бірінші, екінші басылымдарын патша үкіметі жинатып алдырып, авторды 1911 ж. маусым айында Семей түрмесіне қамап, жеті ай бойы абақтыда ұстайды. 1909 ж. 1 шілде күні Ахмет Байтұрсынов Семей абақтысына алынып, 9 ай бойы азап қорлық көрді. 1910 ж. 21 ақпанында түрмеден шығып, жер аударылып, Орынборға кетеді. Сол жылдары «Қырық мысал» (1909 ж), «Маса» (1911 ж.) өлең жинақтары жарық көреді. 1909ж. Алаш қозғалысының қайраткері Биахмет Сәрсенов (1885-1921) Семейде мұғалімдік семинариясын бітірді, ал Алаш азаматы Отыншы Әлжанов Семей абақтысына жабылып, бірнеше айдан кейін 5 жылға Лепсі қаласына жер аударылады.

Әлімхан Ермеков 1912 ж. Семей гимназиясын алтын медальмен бітіріп, Томдағы технология институтының тау-кен факультетіне түседі. Сол жылы Қазан қаласындағы ағайынды Кәримовтардың баспаханасынан қазақтың поэзиясына еуропалық үрдіс-дәстүрді енгізген он тоғыз жасар ақын Мағжан Жұмабаевтың «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді. Уфа, Қазан, Орынбор, Семей қалаларындағы баспаханалардан Ғұмар Қарашевтің «Қарлығаш» (1911), «Бала тұлпар» (1911) атты өлеңдер жинағы, «Ойға келген пікірлерім» (1910), «Өрнек» (1911) прозалық кітаптары, Шәкәрім Құдайбердиевтің «Қазақ айнасы» атты өлеңдер жинағы, «Қалқаман-Мамыр» (1912), «Еңлік-Кебек»(1912) дастандары, Тайыр Жомартбаевтың «Балаларға жеміс» (1912), «Қыз көрелік»(1912) кітаптары жарық көреді. 1913 ж. бастап А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың «қуатты қаламының арқасында қалың елді аузына қаратқан» (Мұстафа Шоқай) «Қазақ» газеті Орынборда шыға бастады. Демократиялық бағыт ұстанған «Айқап» (1911-15, Троицк) және «Қазақстан» (1911-13, Орал) журналдары қазақ халқының зерделі жас қаламгерлерінің тәрбие мектебіне айналады. Сол жылдары ұлттық зиялы қауым қалыптасып, азат ел болудың жолын қарастырды. 1913-1917 ж. аралығында қазақ тілінде бір жарым миллион дана кітап пен мерзімдік басылым жарық көрді. Түрлі мәдени-саяси кештер ұйымдастырылды.

1914 ж. 26 қаңтарда Семейде Абайдың қайтыс болуының он жылдығына орай Собрания залында әдеби кеш өтеді. Кешті Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі ұйымдастырған. Назипа Құлжанова «Қазақ ақыны Ибраһим (Абай) Құнанбаев және оның поэзиясы» деген тақырыпта баяндама жасайды. Соңынан Абайдың өлеңдері оқылып, әндері орындалады. Қазақтың әдет-ғұрып, тұрмыстық салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіледі. Кеш туралы «Айқап» журналы: «Абайды туғызған қазақ даласы, тағы да талай Абай секілді, бәлки онан да артық данышпандар туғызар» дегенде тыңдаушы қазақтардың  көздеріне жас алғандары да болды» — деп, жылы лебіз білдіреді.

1915 ж. 13 ақпан күні Семейдегі саудагерлер клубында қазақтың жас талапкерлері әдеби музыкалық кеш өткізеді. Бұл әдеби кеште Р.Марсеков қазақ әдебиетінің жайында сөз сөйледі. Абай, Ы.Алтынсаринның өлеңдері оқылып, халық әндері орындалады. «Біржан-Сара» айтысынан көркем көрініс көрсетіледі. Н.Құлжанова, Н.Құлжанов, Ж.Аймауытов, Т.Қозбагарова, Ә.Қапсалямов, М.Малдыбаев, Т.Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Мұхтар Әуезов бастаған қазақ жастары қатысады. Кештен түскен қаржы Петроградтағы мұсылмандар атынан ашылған лазаретке, мұқтаж қазақ оқушыларына бөлінді. Бұл кештің аса табысты өткенін айта келіп: «Бұған дейін жақсыларымыз бен қарияларымыз бір бөлек, жастарымыз бір бөлек болып, жіктеліп жүруші еді. Енді бұлардың ынтымағы бірігудің басы осы болар деп үміт етіп қуаныш қыламыз», — деп М.Дулатов жазады.

1915 ж. Мұхтар Әуезов қалалық бес кластық училищені аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда Ж.Аймауытовпен бірге оқиды. Ұлттың рухы оянған кезінде өмірге араласқан семинария оқушысы Мұхтар Әуезовтің де көзқарасы сол тұрғыда қалыптаса бастайды. 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісі, 1917ж. Ақпан Қазан төңкерістері, Алаш қозғалысы, азамат соғысы — осы тарихи оқиғалар бәрі де төл топырағымызда өзіндік із-бедерін мол қалдырды.http://ikaz.kz/m-htar-uezov-shy-arma/

Ұқсас сұрақтар

...