0 дауыс
196k көрілді

«Ұлы Дала тарихы» тақырыбына эссе керек еді?

Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрған Қазақстан үшін биылғы жыл табыстар мен жетістіктердің, оң өзгерістер мен мерейлі тойлардың жылы болып отыр. Солардың ішінде Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы сынды ауқымы кең, мағынасы терең даталы мерекелердің алатын орны ерекше.

Осындай тарихи кезеңде елімізді әлем таныған өркениетті мемлекеттер қатарына қосып, халқымыздың еңсесін көтеріп, мерейін үстем еткен – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынуы ұлтымызды тағы бір тарихи белеске шығарды. Бұл ұсыныс қазақстандықтармен қоса алыс-жақын шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыздың тарапынан да айрықша қолдауға ие болды.

«Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Осы орайда президент мұндай ұғымның көптеген елдерде бар екендігін атап өтіп, жапондар күншығыс еліміз, қытайлықтар аспан асты еліміз, кәрістер таңғы шық еліміз деп санайтындығын мысалға келтірді.

«Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы Дала еліміз» деп айтқан келеді. «Ұлы Дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала –  біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып, оны шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқырған күн бейнеленген», – деді Назарбаев.

Президент Қазақстан атауы бүгінгі күні барша әлем халқына танылған атау болып отырғандығын баса атап өтті.

«Бірақ біз халықтың ішінде ұлы даланың ұрпағымыз десек, келіп тұрған сияқты. Ол халықтық атау болуы керек», – деді елбасы.

Тамырын тереңнен алған бұл ерекше атау егемен еліміздің дүниежүзіне бұдан да артық таныла түсуіне, мемлекеттік, ұлттық имиджіміздің көтерілуіне орасан ықпал етпек.

Дүниежүзінде бейресми атауға ие бірқатар мемлекеттер бар. Мысалы, әлем халықтары Англияны – «Тұманды Альбион», Кубаны – «Бостандық аралы», Жапонияны – «Күншығыс елі», Қытайды – «Аспанасты елі», Голландияны – «Қызғалдақтар елі», Кореяны – «Таңғы шық елі» деп біледі. Елбасы өзі атап өткендей біздің елімізге осындай атаулы бренд жетіспейді. Осы идеяны көтерген Мемлекет басшысы: «Біз – Ұлы Даланың баласымыз. Ұлы Дала, көк аспан… Біздің бабалырымыз тәңір деп, жарық пен көк түсінігін ұмытпаған. Біздің Көк туымыздың астары да осында. Біз – Ұлы Даланың балаларымыз. Міне, осы тарихымыз бен жаңа брендті байланыстыра отырып, біз Қазақстанды жаңа Қазақстан ретінде танытуымыз керек», деген келелі ойды ортаға тастады. Осы орайда, Мемлекет басшысы ата-бабаларымыздан аманат-мұра болып қалған, Алтай мен Атырауды, Арқа мен Жетісудың арасында кең көсіліп жатқан ұлан-ғайыр мемлекетіміздің «Ұлы Дала елі» атануына ерекше мазмұн, биік мағына беріп отыр.

Көне тарихи жазбаларға көз жүгіртсек, «Ұлы Дала» ұғымының ежелден бері келе жатқанын аңғарамыз. Бұл атау ғасырлар қойнауынан аршып алынып, бүгінгі күнге дейін жеткен жыр, қисса, дастандарда, түркітілдес халықтар туралы деректерде, орыс әдебиеттерінде, Қытай жазбаларында және Лев Гумилев сынды көрнекті тарихшы-ғалымдардың еңбектерінде көп кездеседі. Демек, Қазақстанның «Ұлы Дала елі» деген бейресми, қосымша атауға ие болуында тарихи негіз бар. Бұл атау еліміздің географиялық ерекшелігіне сипаттама ғана емес, бұл халқымыздың кеңпейіл дархандығының, мемлекеттік күш-қуатының, айрықша мәртебесі мен Тәуелсіздігінің айнымас символикалық бір нышаны ретінде қабылдануға тиіс. Сондықтан, ендігі кезекте, осы ерекше атауды өз санамызға сіңіріп қана қоймай, оны дүниежүзі халықтары алдында барынша насихаттап, айшықтауымыз қажет.

«Ұлы Дала елі» атауы біздің ұлттық болмысымызды айқындап, идеологиялық бағыттағы іс-шараларымыздың қазығы болуға тиіс деп есептеймін. Елбасының осы бір ерен ұсынысы, әсіресе, халқымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп жатқан кезеңде бастау алуы – бабалар рухының қайта түлеп, жаңғыруы деп қабылдадық. Өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміз үшін Қазақ хандығының тойын мағыналы да мәнді етіп өткізуі ең бірінші кезекте өскелең ұрпақ үшін жүзеге асырылып жатқан ауқымды іс. Ұлт тарихы – барша халқымыз үшін ең қадірлі де баға жетпес құндылық. Елбасы бір сөзінде «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ», деген аталы сөзін айтқан болатын. Шындығында, тарих тереңінен Тәуелсіздік биігіне дейінгі аралықта қаншама дәуір алмасып, қаншама тарихи кезеңдер өз таңбасын қалдырды?! Осы орайда, өткен дәуірлердің өр рухын жалау етіп желбіреткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі – мемлекетіміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің, ұлттық келбеті мен абырой-беделінің, азат рухының нышаны болып табылады. Біздің ата-бабаларымыз егемен ел болуды сан ғасыр армандаған еді. Сол арманға бүгінгі ұрпақтың қолы жетті.

Ұлан-ғайыр даламызда Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрып, ұлы көшімізді оң жолға бастап, еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі болып отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сан ғасырлар бойы бабаларымыз армандап өткен егемендігіміздің туын Ақ Ордасының төріне тігіп, халқының қамын ойлаған ел тұтқасына айналды. Тарихи өлшеммен алғанда аз ғана уақыт аралығында Қазақстанды дамыған өркениетті 50 мемлекеттің қатарына қосып, халқын «Нұрлы Жолға» бастап келе жатқан Президентімізді әлем жұртшылығы Ұлы Даланың данасы, Түркі дүниесінің Көшбасшысы деп бағалайтыны сөзсіз.

Жуырда ғана Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Саммитінде әлемдік мінбеден қазақ тілінде сөйледі! Ұлы Дала елі саналатын тәуелсіз Қазақстан Көшбасшысының дүниежүзінің алдында ана тіліміздің мерейін асқақтатуы – барша қазақстандықтардың мерейін асқақтатты. Ұлтымыздың абыройын көтерген бұл оқиға Қазақстан халқына айтарлықтай серпіліс берді. Саммитте Мемлекет басшысы адамзатты толғандырып жүрген ауқымды мәселелерді қозғап, Ұйымға мүше мемлекет басшыларын әлемдік экономика, экология, діни экстремизм сияқты күн тәртібінен түспей келе жатқан дүниежүзіне ортақ проблемаларды бірлесіп шешу керектігін алға тартты. Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымы төрінен қазақ тілінде терең мазмұнды баяндама жасауы егемен еліміздің әлемдік саяси аренада өзінің берік орны айқындалғандығының кезекті дәлелі бола алды. Елбасының бұл ұстанымы, өз елімізде мемлекеттік тілді тиісті дәрежеде қолданбай жүрген жекелеген басшылар мен көптеген ұйым, мекемелерге көрнекті үлгі болуға тиіс деп есептейміз.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлкен мінбеден айтқан ұтымды ұсыныстарының ішінде БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру идеясы көп талқыланатын тақырыптардың бірене айналдып отыр. Саясаткерлердің топшылауынша, штаб-пәтерге лайық қаланың бірі – Астана қаласы болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Елбасының бұл батыл ұсынысы Азия құрлығының мәртебесі мен елордамыз – Астананың беделін де арттыра түсті. Осындай елеулі оқиғалар арқылы әлем назары Ұлы Дала еліне бұрылатыны сөзсіз.

Бүгінгі Қазақстан халқы – бақытты қоғамда өмір сүріп отыр. Біз – бақытты елміз. Өйткені, біз – болашағымызға сенеміз. Біздің жастарымыздың озық білім алып, ғылыммен айналысуына барлық мүмкіндіктер берілген. Біз барлығымыз – бақытты мемлекеттің азаматтарымыз, ата-бабаларымыздан мұра болған «Ұлы Дала елінің» перзентіміз. Терең мазмұнға ие осы құндылықтарды біз кейінгі ұрпақтың жүрегіне жеткізіп, ой-санасына сіңіруіміз қажет. Мемлекет ұстанған оңтайлы саясат барша қазақстандықтардың, әсіресе, ауыл жастарының келешегіне үміт пен сенім ұялатты. Қазіргі уақытта ауыл жастары заманауи озық біліммен қаруланып, еліміздегі жоғары оқу орындарымен қатар, шетелдің беделді университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болуда. Туған тамырынан нәр алған осы жастардың легіне біз дұрыс бағыттағы білім мен тәрбие бере алсақ, олар келешекте біздің ұлттық потенциалымыздың негізгі көрсеткіші болатыны даусыз. Сондықтан, ауылда туып, ата-баба салтынан ажырамай, дәстүрімізді дәріптеп, құндылықтарымызды бойына сіңіріп өскен ұрпақтың болашағын қамтамасыз ету елдік мақсат болып отырғаны даусыз.

Ендеше, ата-бабаларымыздың санғасырлық арманын жүзеге асырған бүгінгі Тәуелсіз ұрпақ – Елбасы анықтап берген «Мәңгілік Ел» идеясы төңірегіне жұмылып, «Ұлы Дала елінің» жарқын болашағы үшін аянбауы тиіс деп есептеймін.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Тамыры сонау Сақтардан бастау алатын Ұлы даланың рухты ұрпақтары мынау дүние ғаламда талай соғыстарды басынан өткеріп, талай қанқұйлы жаулармен текетіреске түсті. Қаншама ғасырлар өтті, қаншама ұрпақтар жаңарды, бірақ, мақсат пен мүдде өзгермеді. Ол өзгермейтін мәңгілік мүдде мен мақсат мынау ұлан-байтақ қасиетті жерді қорғау еді. Сол асулары көп мақсат Қазақ хандығын тізгіндеген хандар мен батырлардың, кешегі ХХ ғасырдың басындағы Алаш ұлдарының ұлы арманына айналды.

Осы бір асыл арманды ақиқатқа айналдырудың зор құрметі біздің ұрпақтың үлесіне тиіп отыр. 1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Біз әлемдік қоғамдастық лайықты түрде таныған өзіміздің қазақстандық жолымызды бастадық. Қазақстан өзінің оң жетістіктерін, өзінің іркіліссіз ілгері басуын жыл сайын әлемге паш етуде.

Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің ертеңі – бір халық, бір ел, бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын ерекше атап өткен болатын. Тәуелсіздіктің тұғыры – келісім мен бірлікте, ал бірлігі жарасқан елдің алар асуы зор болмақ. Әлем елдері ішінде елдік пен бірлікті ту еткен Қазақстанның даму үрдісі көптеген көршілес елдерге үлгі-өнеге. Себебі, қазақстандық қоғамның басты байлығы – тұрақтылық пен этносаралық татулық болып табылады.

Тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз ғұмырлы болсын!

Тамыры сонау Сақтардан бастау алатын Ұлы даланың рухты ұрпақтары мынау дүние ғаламда талай соғыстарды басынан өткеріп, талай қанқұйлы жаулармен текетіреске түсті. Қаншама ғасырлар өтті, қаншама ұрпақтар жаңарды, бірақ, мақсат пен мүдде өзгермеді. Ол өзгермейтін мәңгілік мүдде мен мақсат мынау ұлан-байтақ қасиетті жерді қорғау еді. Сол асулары көп мақсат Қазақ хандығын тізгіндеген хандар мен батырлардың, кешегі ХХ ғасырдың басындағы Алаш ұлдарының ұлы арманына айналды. 

Осы бір асыл арманды ақиқатқа айналдырудың зор құрметі біздің ұрпақтың үлесіне тиіп отыр. 1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Біз әлемдік қоғамдастық лайықты түрде таныған өзіміздің қазақстандық жолымызды бастадық. Қазақстан өзінің оң жетістіктерін, өзінің іркіліссіз ілгері басуын жыл сайын әлемге паш етуде.

Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің ертеңі – бір халық, бір ел, бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын ерекше атап өткен болатын. Тәуелсіздіктің тұғыры – келісім мен бірлікте, ал бірлігі жарасқан елдің алар асуы зор болмақ. Әлем елдері ішінде елдік пен бірлікті ту еткен Қазақстанның даму үрдісі көптеген көршілес елдерге үлгі-өнеге. Себебі, қазақстандық қоғамның басты байлығы – тұрақтылық пен этносаралық татулық болып табылады.

Тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз ғұмырлы болсын!

0 дауыс

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ – ҰЛТ ТАРИХЫ

Қазақстан Республикасы жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Қазіргі заманның бір ерекшелігі – жаһандану үдерісінің белсенді қарқын алуы. Бұл – ширек ғасыр бойында өз алдына дербес ел болған мемлекетіміз үшін аса жауапты шақ екені  даусыз. Жаһандану үдерісіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай «…өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз». Осы орайда Қазақстан қоғамында рухани жаңғыру бағдарламасы аясында кешенді түрде ауқымды шаралар назарға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылдың 21 қарашасында тарихи сананы одан әрі жетілдірудің заманауи үлгісін ұсынып, «Ұлы даланың жеті қыры» атты еліміздің болашаққа бой сермейтін, бағдарын айқындайтын, халықтың сенімділігін арттырып тарихи санасын жаңғыртуға жаңаша жол ашатын тың бастамалар негізіндегі мақаласын жариялады. Бұл мақала «Қазақстан – 2050», «Мәдени мұра», «Мәңгілік Ел», «Халық тарих толқынында» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегияларымен үндесетін тарихи-мәдени серпілістің айқын көрінісі, отандық патриотизмді, ұлттық сананы жандандыратын, халқымызға рух беретін құжат деуімізге болады.

Елімізде қоғамдық-саяси жаңғыру өз кезегінде рухани қайта түлеу негізінде жалғасын тапқан сәтте, тәуелсіз еліміздегі азаматтардың тарихи санасын қалыптастыра отырып, Ұлы дала тарихының қазыналарын толықтыру және егемен еліміздің жаһандық тарихтағы өзіндік орнын айқындау мемлекеттік саясаттың басым бағытының негізгі көрсеткішіне айналды.

Елбасының аталған бағдарламалық мақаласында айтылған ұлы даланың жеті қыры және тарихи сананы қалыптастыру жолындағы игі бастамалары тарихшылар үшін жылдар бойы қалыптасқан бағыт-бағдарына жаңа серпін бере отырып, абыройлы міндет те жүктеп отыр. Рас, ұлтымыздың тарихы бір-екі ғасырлық тарихи оқиғалардан тұрмайды. Сақ, ғұн, түркі дәуірі мен моңғол шапқыншылығы тұсындағы тарихи оқиғалар қазақ жерімен тығыз байланысты. Осындай сан ғасырлық тарихи үдерістер барысындағы өткен оқиғалардың желісі мен мағынасы – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен сабақ, тарихи тағылым.

Ұлы Дала жерін түрлі тарихи кезеңде мекен еткен тайпалар мен олардың құрған мемлекеттері қазақ тарихының ажырамас бөлшегі болып табылады. Көшпелілікті өмір салты етіп таңдап алған ата-бабаларымыз ұзақ ғасырлар бойына өзіндік ерекшелік пен бірегейлікке құрылған мәдениеттің негізін қалап, өркениеттілікке қол жеткізе алды. Алайда бабаларымыздың бұл жетістіктері ескерусіз қалып, тіпті мойындала да қойған жоқ. Өркениет пен мәдениеттің бастауын Еуропадан іздеген еуроцентристтік зерттеушілер көшпелі қоғамды жабайы қоғам ретінде елестетіп, өркениеттен гөрі тағылыққа жақын деп санады. Бұл бір жақты пікірдің шындыққа жақын емес екендігін кәсіби тарихшылар терең түсінгенімен, еуроцентризммен санасы шырмалған қалың көпшіліктің көзқарасын толықтай өзгерту ісі әлі де болса жүйелі шешімін таппай келгендігі шындық. Сөзсіз осы тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының жарық көруі аталмыш бағыттағы жұмыстарды бір жүйеге келтіруі тиіс.

2014 жылы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Елбасы «Қазақтың ұлттық тарихы – теңдессіз тарих» деген болатын. Рас, ұлтымыздың тарихында бүгінгі ұрпақ қымсынып, ұялатын ешқандай оқиғалар жоқ. Керісінше, халқымыздың дүниетанымының негізі болған көшпелі бабаларымыздың қоршаған орта мен дүниеге деген көзқарасы, ұлан-ғайыр атырапты сақтап қалу жолындағы ерлікті әрекеттері, жауынгерлік рух пен адамгершіліктің басты қағидаттарын ұстануы тек мақтауға лайық.
Қазақстан территориясы ежелден адамзаттың мекен еткен тұрағы. Оның дәлелі бүгінгі археология саласындағы жетістіктер деп айтуға толық негіз бар. Бабаларымыз алғаш болып жылқыны қолға үйретіп, сол заманның анық мықтыларына айналды. З.Сәбитованың «Тюркский кентавр: языковые ствидетельства в русском языке» атты мақаласында сақтар, массагеттер мен сарматтар, ғұндар мен аландар жылқыны алғашқы болып әскери салада пайдаланып, б.з.д. VII ғасырдың өзінде-ақ Таяу Шығыс пен Шығыс халықтарын өздеріне бағындыра алғандығын айтады. Бес қаруын асынып, жылқы үстінде отырған бабаларымызды көрген еуропалықтар өздерінің мифологиясына кентавр, яғни адам денелі жылқы бейнесін енгізді. Ал жылқыны соғыс құралы ретінде пайдалануды үйренсе де, еуропалықтар ғұндардан жеңілуге мәжбүр болды. Оның себебін қарастырған зерттеушілер ғұн әскерінің ат әбзелдерін ұтымды пайдалануында деп тапқан екен. Нақтырақ айтқанда, ат үстіндегі сарбаздың тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, аттан құлап қалмауына жағдай жасайтын үзеңгіні пайдалануы. Демек, тек жылқы ғана емес, сонымен қатар көшпенділер қажеттілікке сай ат әбзелдерінің де шебер ойлап табушылары болды.
Көшпенділер құрған мемлекеттердің өзіндік ерекшелігі болды. Сондықтан болар оларды толыққанды мемлекет ретінде еуроцентристтік зерттеушілер мойындай қоймайды. Бірақ мұндай ерекшеліктер тек көшпенділер ғана емес, ерте ортағасырлық барлық мемлекеттерге де тән құбылыс болды. Сондықтан тарихымыздағы осы іспеттес артықшылықтарымыз және жетістіктеріміздің кәсіби тарихшылар ғана емес, мемлекеттік деңгейде көтерілуі ұлт тарихына деген жаңа серпін әрі қозғалыс берері сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының жарық көруі ұлт тарихының ұлықталған тұсы. Тарихтың түрлі кезеңдерінде ата-бабамыз жеткен жетістіктер ұрпақ санасына берік орнығып, тарихи санасының негізгі өзегіне айналуы тиіс. Ол үлкен насихат жұмыстарына арқау болуы тиіс деп ойлаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиалық тәсілдермен де шыққаны абзал» деген болатын. Демек, ұлт тарихының өзекті тұстары болашақта деректі әрі көркем фильмдердің негізгі нысанына айналуы керек. Сонымен қатар балаларға арналған мультхикаялар да тарихи сананы қалыптастырудың таптырмас жолы.

Рас, ұлт тарихына деген көзқарасты анықтап алмай, әрі бабаларымыздың жүріп өткен жолына деген біржақты және теріс көзқарасты жоққа шығаратын іргелі еңбектер жазылмай ұлт тарихын ұлықтау әсте мүмкін емес. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынов «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих» деген болатын. Демек, тарихымызды бүтіндеу – өскелең ұрпақ тәрбиесінің толыққанды болуының басты кепілі болмақ.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында бүгінгі күнге дейінгі өткенімізді саралап, бүгінімізді салмақтай таразылап айтып келе жатқан ұшқыр ойлары мен тұжырымдары жинақталып, барша Қазақстан жұртшылығына ерекше үнмен қайыра жаңғырып жеткендей. Тарихымыздың мұндай міндетін бүгінгі күні университетіміздің тарихшы қауымы жеткілікті дәрежеде түсінеді. Сондықтан оқытушы-профессорлар құрамы «Ұлы дала тарихы», «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәндері бойынша әр тақырыпқа тыңғылықты дайындалып, ғылымның соңғы жаңалықтарын барынша ескеруде. Мұндағы басты мақсат – тамыры терең Отан тарихын жетік меңгерген бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Университетіміздің түлектері түрлі мамандық иесі атанып қоймай, тарихын толық меңгерген ұлтжанды азамат болып шығуы аса маңызды.

Бүгінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары мен оның заңды жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы жүктелген мідеттер біздің кәсіби жұмысымыздың құрамдас бөлігіне айналды. Қазіргі таңда университеттер өзінің академиялық миссиясын білім-ғылым-тәрбие үштігі негізде атқаратынын ескерсек, бағдарламаның басым бағыттары осының үшеуінде де қамтылған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттарын жүзеге асыруда Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің ректоры Г.Алдамбергенованың басшылығымен белсенді әрі жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтсақ, қолданбалы және іргелі ғылыми, стартап жобалар, түрлі конкурстар мен зияткерлік олимпиадалар, қайырымдылық акциялары мен түрлі кездесулер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру, т.б. көптеген шаралар мазмұндық және тұрпаттық жағынан рухани жаңғыруға бағытталған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы студенттердің ғылыми ізденіс жұмыстарында, атап айтқанда дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларынан көрініс тауып, студенттік клуб жұмыстарына арқау болды. Сонымен қатар рухани жаңғыру бағдарламасының басым бағыттарының бірі өскелең ұрпақ бойындағы тарихи сананың қалыптасуына үлкен мән беріліп, назарға алынған. Тарихи сананы жаңғыртуда әлеуеті зор шараның бірі білім беру бағдарламаларына арнайы пәндер енгізу деп санаймыз. Әр мамандықтың өзінің спецификалық ерекшеліктері бар жаңа пәндермен бірге, биылғы оқу жылынан бастап, университетіміздің барлық бакалавриат мамандықтарының 1 курс студенттеріне оқытылатын «Ұлы Дала тарихы» атты таңдау пәні енгізілді. Өйткені өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бабаларымыздың асқақ рухы Ұлы Дала жерінің баға жетпес байлығы, ұрпаққа аманат. Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлігі жоғары әрі жаһандану заманында өзіндік нақышын жоғалтпаған ұлтты қалыптастыру саясатындағы басым бағыттарының бірі – Ұлы Дала жеріндегі тарихи оқиғалар мен құбылыстарды, халқымыздың отаншылдық рухының келбетін аша отырып, аса бай рухани тарихы бар ел ретіндегі түсінікті азаматтардың санасына берік ұялату. Ұлы Дала тарихының түрлі кезеңдері өскелең ұрпақты бір идеяға жұмылдырып қана қоймай, рухани жаңғыруына жағдай жасайтын тарихи оқиғаларға бай болғандықтан, оны жастар арасында насихаттау заман талабынан туындап отырғаны ақиқат.

...