0 дауыс
11.8k көрілді
Комектесесиздер ме адебиет сабагынан такирип : " жауга шаптым ту байлап &quoға

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Шепті бұздым айғайлап, Елді-жұртты қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап… деп келетін Ақтамбердінің жырлары бар. Қай уақытта да батырды заман туғызған. 1916 жылы қазақ жеріндегі жаппайұлт-азаттық көтеріліске Ресей ақ патшасының июнь жарлығы түрткі болды. Дариядай толқығанқалың қазақты ақ патшаның жазалаушы әскері қоғадай жапырып, бала-шаға, шал-шауқанды аттұяғының астына алып, азаматын асып, атып, Сібірге айдап, қара жұмысқа жекті. Осы кезде қазақ батырлары да қарап қалмай, туған халқын қанатының астына алып, патша әскеріне қарсы бой көтерді.Торғай көтерілісін ұйымдастырушы сондай батырдың бірі Кейкі Көкембайұлы еді.

Азан шақырып қойған аты – Нұрмағанбет. Көтерілісшілердің негізгі күші мергендер жасағын

басқарған. Оның өлімнен қорықпайтын өжеттігі, көздегенін құр жібермейтін мергендігі бертінге дейін жыр болып жеткен. Тіпті ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сөз қалған. Кейіннен орыстың әскерлері қазақ мергенін алдап, қолға түсіріп, оны айуандықпен өлтіреді. Кейкінің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық алаңына сырыққа шаншып қояды. Соңыра мергеннің сүйегі Орынборға жөнелтіліп, кейіннен Петербордағы антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы келген. Жылдар бойы көрші елдің мұражайында сақталып келген батыр бабамыздың басы бірер

апта бұрын елге қайтарылды. Нақты айтқанда, 6 қазан күні Кейкі батырдың бассүйегі Астанаға

жеткізілді. Алайда антропологиялық сараптама үшін батырдың бассүйегі Венгрияға женелтілген еді. Будапештегі Жаратылыстану ғылымдары мұражайындағы мамандар бассүйек арқылы батырдың бетбейнесін қалпына келтіру жұмыстарын биылғы желтоқсан айына дейін жасап бітірмек. Нақты айтқанда, «Үш өлшемді модельді суретке түсіріп, ДНҚ сараптамаларының үлгілерін алған соң, Кейкі батырдың бассүйегі Қазақстанға қайтарылады. Сосын ресми түрде өтетін салтанатты кеште батырдың бассүйегі оның туған жері Торғай ауданындағы жер қойнына тапсырылады. Сондайақ, онда батырға арналған тарихи ескерткіш орнатылады», – деп жеткізген мұражайдағы мамандар. Кейкі батыр бассүйегінің елге қайтарылуын – Қостанай өңіріндегі ұрпақтары ғана емес, қазақтың игіжақсысының барлығы жылы қабылдап, қуаныш…білдірген. Тіпті бассүйекті қарсы алу үшін талай адам әуежайда сағаттап күтіп тұрған. Міне, тоң жібіді. Сең қозғалған сияқты. Ендігі міндет – қазақтың соңғы ханы Кенесарының басын елге қайтару.

http://aqmeshit-zhastary.kz/ajna/zhau-a-shaptym-tu-bojlap/

...