0 дауыс
1.5k көрілді
Шоқан Уәлихановтың "Қашқарияға сапар" еңбегінің толық нұсқасын тауып бересіздер ме ? Гугл көмектеспей жатыр. Тым болмаса мазмұнын

1 жауап

0 дауыс
XIX ғасырдың елуінші, алпысыншы жылдары Н. Г. Чернышевский бастаған революциялық демократтар крепостниктік тәртіпті және помещиктердің жер иелену хүқысын революциялық жолмен біржола жойып жіберуді көздеді. Герцен барлық халықтардың тең хұқылығын талап етіп, патша өкіметінің казақ халқына деген жендеттік саясатын бүкіл әлемге жария етті. Бұдан Шоқан екі Ресейдің барын: бір жағынан, революциялық идеялардың жаршылары - Герценнің «Колоколы» мен Чернышевскийдің «Современнигі», екінші жағынан, патша тағын төңіректеген ресми шенеуніктер, помещиктер мен капиталистер Ресейінің барын білді.

Шокан өзінің публицистикалык макалаларында, хаттарында еңбекші бұқараның мүддесін корғап. олардың хүкылары үшін күресті. Жалпы, оның еңбектерін хаттары мен мақалалары, ғылыми макалалары, жолсапар очерктері деп үшке бөліп қарастырған жөн сияқты.

Ауыл мектебінде қазақтың ескі аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдерін жазып алып, жинастырып, жаттап өскен, кадет корпусында орыс әдебиетінің классикалык шығармаларымен, орыс тілі арқылы батыстық мәдениетпен танысқан. Шокан хаттарында оның мінез ерекшеліктері, ой-өрісі, дүниетанымы, өмірге көзқарасы ғана танылып қоймай, үстаған бағыты да көрініп отырады. Мысалы, ол А. Н. Майковқа жазған хатында: «Жергілікті сүлтандармен және байлармен тату емеспін. Өйткені, олар бүрынғы күлдарын жаман ұстайды, ал енді бүл қүлдар қазір де бостандық алғанымен де, қалай кетерін білмей, сол бүрынғы қожаларының қолында жүр. Мен олардан талай рет бұларға еңбек ақы төлеңдер және өздерін адам санатында ұстаңдар деп талап етіп, қорқыттым. Бірақ олармен шығыспасам да, оның есесіне дала пролетариатымен қатты доспын және олармен тез-ақ үйлесе кеттім»,-деп шындығын айтты. Бұдан Шоқанның өмірлік күрескер позициясы, саяси көзқарасы айқын көрінеді.

Бұдан кейінгі оқиғалардан Шоқанның саяси көзқарасының тез есейіп, қалыптасқанын көреміз. Оның публицистикалық туындыларынан А.И.Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, А.Н. Добролюбовтың идеялық әсері айқын танылады. Мәселен, үзбей хат жазысып, пікір алысып түрған Ф.И.Достоевскийдің 1861 жылғы реформадан кейін сарыуайымға салынып, самодержавиеге қарсы күрестен ауа жайылып кеткеніне Шоқан сын көзбен қарай білді. Бұрын ақыл-кеңес алған досына енді өзі «Сен енді түбірімен өзгерту жолына түс»-деп ақыл берді. Бүл Шоқанның саяси санасының қаншалықты өскенінің және оған революцияшыл-демократтардың қаншалықты әсер-ықпал еткенінің аса маңызды дәлелі.

Шоқан хаттарының стилі, түрі мен мазмұны қандай дегенге келсек, олар кәдімгі хат стилінде, хат түрінде жазылды. Бірақ, оларда жеке бас, күйкі тірлік мәселесі емес, халықтық, қоғамдық, саяси мәні бар мәселелер қозғалды. Н.Г.Чернышевский сияқты ол қоғамдық кекейкесті мәселелерді батыл көтеріп, туған халқының келешегі туралы терең ой толғады. Жалпы, Шоқанның хаттары халықтық, қоғамдық мазмүнға толы.

Бұл ерекшелік оның мақалаларына да тән. Ол «Русский инвалид» журналына жолдаған түңғыш мақаласында бүкіл халық басындағы ауыр жағдайды сөз етеді. Оның осы туындысының өзінен-ақ публицистикалық іргелі пікір түюге бой үра білгенін аңдау қиын емес. Атап айтсақ, Шоқан жекелеген әкімдерімен қоса (Кури, Айвашкевич, Безверхов) Омбы облысы әкімшілік басқармасын да сынап, сол кездегі мемлекеттік тэртіптің әділетсіздігін әшкереледі.

Оның публицистік осы жинақтау әдісі басқа мақалаларынан да кездесіп отырады. «Сот реформасы туралы» деген хат жобасын жасауға тек патша үкіметінің шенеуніктері мен қазақтың үстем тап өкілдерінің қатысқанын, олардын калың бүкара мүддесін емес, билер мен сүлтандардың мүддесін ғана көздегенін сынайды.

Шоқанның ғылыми мақалалары да терең зерттеуден, түрлі салыстырудан туған. «Қырғыздың ата-тегі» деген макаласында ол кырғыз халқының шығу тарихы туралы қытай, орыс, ағылшын зерттеушілерінің пікірі мен қырғыз халқының өз аңыздарын салыстыра қарастырады. Сөйтіп, кырғыздар алғашында оңтүстік Сібірді мекендеп, содан кейін XVII ғасырдың бүгінгі коныстарына жер ауып келді деген пікірдің жансақтығын дәлелдейді. Біздіңше бүл ғылыми зерттеудің тамаша үлгісі дерлік мақала.

Енді, Шоқанның мақалалары мен ғылыми мақалаларының стильдік, формалық ерекшеліктеріне көңіл бөлейік. Бұлар құрылымы, түрі жағынан қарапайым, тілі жатық, түсінікті. Автор ойын жеңіл жеткізеді. Кей тұстарда нәзік сезімталдық, байқағыштық, философиялық ой-қорытудың элементтері үштасып отырады.

Қай мақаласын алсаңыз да фактілерді салыстыра қараушылық, жинақылық, үқыптылық ізін көреміз. Бұлдыр, шұбалаңқы сөйлемдер кездеспейді, екі ұшты талас тудырарлық пікірлер жоқ. Мысалы, дін мәселесі туралы жазған мақалаларында («Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары», «Қазақ даласындағы мүсылмандық туралы») Шоқан материалистік көзқарасты ұстады. Ол айнала қоршап түрған дүние адам санасына тәуелді емес және ол мәңгілік деп түсінеді.

Ш. Уәлихановтың зерттеушілік таланты мен парасаттылығы, нәзік байқампаздығы мен суреткерлік қабілеттілігі 1856 - 1859 жылдардағы саяхаттарының негізінде жазылған жолсапар очерктерінен ерекше танылады. Бүған көз жеткізу үшін «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» деп аталатын түңғыш жолсапар очеркіне зер салалық. Оны авторе «1 тамыз 1856 жыл. Қытайдың Бараходжир атты шекаралық бекеті» [1], - деген жолдарымен бастап, екі ел шекарасында түрғанын, мүның жауапты да қатерлі екенін бірден алға жаяды. Сөйтіп, оқырман назарына өзіне алаңсыз аударып алады.

Шоқан табиғат көріністерін суреттеу арқылы Қытай еңбекшілерінің ауыр түрмысының естен кетпес типтік картинасын жасаған. Мәселен, «жаз келсе Қытай жүмаққа кіргендей болады; ол жалаңаяқ, жалаңбас жүріп, қалаған жеріне жатып үйықтап кетеді, бау-бақшаның көлеңкелі саясы түнде түнеп шығар жайлы төсек, бірақ оның есебіне қыста ол қатты азап шегеді. Мүнда орталық Қытайдағыдай емес, Қыс қақап, боран соғып тұрады жэне сондай қатты борандардан кейін әрқашанда бірталайының түлымды төбесі қар астынан қылтиып шыға келеді де жаз шыққанша сол күйінде, ашылып қалған мүрделерін Ілеге тастап, немесе, полиция сол жатқан жерлеріне көме салғанша жата береді. Қытай молаларының белгілі бір орны жоқтығы және кез-келген жерден үшырай беретіндігінің себебі де осыдан» [2],- деп жазады. Бүл Қытай халқы түрмысының өте ауыр екенін эйгілейтін көрініс. Батыс Қытай провинциясындағы аш-жалаңаш, панасыз, жүмыссыз қара халықтың түрмыс-тіршілігін дэл бүлай суреттеусіз көзге елестеу қиын. Шоқанның суреткерлік дарыны осындай негізгі мақсатқа шебер қызмет ете алған.

Енді, Батыс Кытай халкының мэдени өмірін суреттеген мына үзіндіге көңіл бөлелік: «Үйлердің алдыңғы жаппалардың астынан сәкі орнаткан, мыңдаған адам сол сәкілердің үстінде түскі асын ішіп отыр. Бірнеше аспазшы қазан маңында шыр айналып, ет қуырып, шай қайнатып, зыр қағып жүр. Не деген кіржімбаз халық десеңізші. Тегештегі суға әуелі бетін жуады, сонан қайтадан сол сумен ауызын шаяды да ішіне қайта төгеді. Сол суға келесі адам тағы да сөйтеді де, үшінші біреуіне жылжытады - сөйтіп, сол жерде отырғындардың бэрі жуынған су қара сырға айналып, Қытай табытын болса да боярлықтай халге жетеді». Автордың орта ғасырлық дәрежедегі артта қалған елдің әлеуметтік-мәдени дэрежесін көзге үрып түрған көрініс арқылы суреттеуі соншалық эсер л і де нанымды шыққан.

Егер Шоқан «Қытайлардың мәдениеті томен еді» деген секілді сөздермен баяндаған болса, онда оның танымдылығы нашарлау болар еді.

Очеркте адамдардың топтама портреттері де жиі кездеседі. Мысалы, Шоқан «Үстіне өрім-өрім шоқпыт киген тараншы, яғни қытай экімдеріне қызмет етіп, солардың жерін өңдеп, егінін егу үшін осы өлкеге жер аударылып келген диқаншы мүсылман да жаңа ғана сатып алған қарбызын сүйсіне сорып,рахаттанып отыр. Ол өзі негр сияқты қап-кара, ал енді тісі болса інжудей аппақ. Сызықтай түзу бітік көзі көп үйқыдан ісіп кеткендей боп көрінген манчжур, оңтүстік губерниядан жер аударылып келген қысық коз, қап-қара, тістері ырсиған, үстіне қүдды бір жылтыр клеенка тэрізді май-май шолтиған ақ көйлек киген батыр қытай, белін қынай буған, сілеусін бөрікті, қамыт аяқты қалмақ - осылардың бэрі де елестеп өтіп жатты», - дей келіп, «... жэне осылардың бэрі де шетінен шылым шегіп, қарқылдап күліп, бірімен-бірі амандасып, қүттықтап, гу-гу етеді»[3], - деп батыс өлке халқының бейнесін жасайды.

Сөйтіп, Шоқанның публицистикасынан біздің аңғарғанымыз ол -ғалым, тарихшы, этнограф, саяхатшы, тіл маманы, философ, ағартушы, социолог жэне суреткер. Бүл ерекшеліктерді оның публицистикалық шығармаларын оқыған адамның терең сезінері сөзсіз.Бәрімізге мәлім, қазақ елі ХІХ ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы бір жағынан жергілікті феодалдардың, екінші жағынан Ресей Патшасының зор қанауының езгісінде болды. Еңбекші бұқараның жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орыстың жұмысшы шаруа табынан, алдыңғы қатарлы интелегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық Ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың барлығы күшпен басылып отырды.

Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.

Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлихановтың (1835-1865 ж) алар орны ерекше.

Биыл қазақтың біртуар перзенті, ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына 175 жыл толады.

Қырғыз хандарының ұрпағы және орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлианов шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өтті. Орыс шығыстанушылары оны бірауыздан ерекше құбылыс деп мойындап, болашақта түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашады деп үміттенген еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз дүние салуы бізді бұл үміттен айырып отыр. Ол 30-ға да толмастан өкпе ауруынан қайтыс болды. Оның аққан жұлдыздай қысқа өмірі ғылым үшін өте құнды жылдар болған.

Шоқанды өз халқының тарихы, қоғамдық құрылымы, саяси өмірі, білімі, кәсібі, имандылық қасиеттері әр уақытта толғандырды. Бұлар оның шығармаларының өзекті тақырыбы болды. Ол өз халқын сүйді, оның болашағына сенді, мақтан тұтты. Шоқан өз халқының азаттыққа жетіп, білім алуын армандады.

Терең білімді, ғылымға берілген Шоқан өз қызметін халық тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан ол тек ғалым ғана емес, қоғам қайраткері де болды.

Шоқан Уалихановтың ғылыми шығармашылығы Орталық Азияда жасаған экспедицияларының барысында жинақталған бай тарихи – этнографиялық материалдардан тұрады. Оның мақалалары, очерктері, күнделік жазбалары көшпелілердің тұрмысын, олардың әдеп – ғұрыптары, аңыздары мен өлең – жырларын сипаттап мазмұндайды. Осы жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыты этнография болды. Барлық экспедицияларда Шоқан Уалиханов барған ерлерінің жергілікті халқын ден қойып зерттейді. Орта Азия мен Қазақстанның халықтарын зерттеу арқылы Шоқан Уалиханов сол кездегі тек тұрмыстық санадағы ғана емес, сондай-ақ ғылыми ортада орын алған түсініктерді жоққа шығаруға ұмтылды. Шоқан Уалиханов қырғыз тарихнамасының негізін қалаушы деп те әбден айтуға болады, «тарихи-филологиялық тұрғыдан қырғыздарды тұңғыш зерттеуші-деп көрсетеді белгілі кеңес тюркологы Ғ.Н. Кононов.

Өзінің тікелей көргендері, жазбаша нұсқалар мен халық аңыз –ертегілері негізінде қазақ ғалымы қырғыздар туралы бірспыра қызықты зерттеу жұмыстарын әзірледі, олар өздерінің мәнін осы уақытқа дейін жойған жоқ.

Өкінішке орай, қырғыз халқына арналған еңбектердің де көпшілігі аяқталмай қалған, сөйтіп олар ұзак уакыт архивте сақталып жатып, тек 1950-1960 жылдары ғана мәлім болды «қырғыздар туралы жабалар еңбегінде ол қырғыздың атақты көшіп-қоныс жерлеріне шолу жасап, елдің геграфиялық

Очеркін жасады.

Бүгінде Шоқан көзқарастарына қатысты бірнеше пікірлер айтылып жүр. Бұл негізінен Шоқанның орыстың революцияшыл демократтарының идеясын қанша дәрежеде қабылдағаны және халқы үшін қандай істер істегені туралы байламдар. Акдемик С. Зимановтың монграфиясында (1965ж) Уәлихановтың саяси көзқарастары жайлы пікірлер үш топқа бөлініп қарастырылады. Шоқанды бағалау үшін үш ұдайы пікірге бөліну мәселенің күрделілігін көсетеді.

Бірақ, ғалымдардың барлығы негізгі мәселеде бір ауыздан, атап айтқанда, Шоқанның орсытың ұлы революцияшыл демократтарының шығармаларымен етене таныс болып, оларды іштей жақтағанын, өз халқын сүйгенін, оны шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге тырысқанын мойындайды.

Адам- әрқашан да өз ортасының перзенті. Ендеше Ш. Уәлихановқа берер бағамыз нақты тарихи жағдаларға байланысты болмақ.

Шоқанның «атаңның ұлы емес, адамның ұлы» болуға тырысқан деп айта аламыз. Шоқан шығармаларынан халқына деген шексіз жаңашырлығын, сүйіспеншілігін байқаймыз. Патша үкіметінің қазақтарға кемісітушілік саясатын қолданып отырғанына ол үзілді- кесілді қарсы шықты. Халқының сауатсыз болғанын жасырмай айтқан Шоқан оның қабілетті, өркениетті қабылдай алатын ел екенін де дәлелдеді.Әр ұлттың тарихында үздік шығатын ғажайып таланттар болады. Ғасырлар санап та, әйтеуір ұзақ сағындырып дүниеге келетін ондай перзентін қазақ халқы біртуар деп атайды. Қазақ халқының ой дүниесінде аз жасап, көп іс тындырған Шоқан Уәлиханов халқымыздың сондай біртуар перзенттерінің бірі. Халқымыздың дара туған ұлы Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырдың тұңғыш ғалымы, ғажап ақыл – ойшылы, зор талантты дүние жүзі ғылымында өзіндік үлкен орны бар ірі тұлға. Барлық ғұмыры нысаналы, тағдыры - мұхиттың дәмін білуге болатын тамшыдай еді. Жарқ ете қалған бейнесі әлі де болса ұрпақпен үндесе бермек. Өз заманында жарқырап шыққан ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұралары – тарих, этнография, география, бейнелеу өнері, әдебиет, фольклор, нумизматика және археология саласындағы еңбектері Азия халықтарының өмірін зерттеуде аса құнды дүниелер болып есептеледі.

Дегенмен де, қазақ халқының ұлы ғалымы, ойшылы Шоқан Уәлиханов сынды ардақты адамдардың мағыналы өмірі мен мазмұнды мұрасына қатысты көптеген жайлардың жұмбақ сырлы мәлімсіз жақтары бар екендігі де дәлелді шындық.

Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын ең алғаш кең зерттеген отандық ғалым.

Ғалымның көптеген шығыс, батыс халықтарының тілдерін білуі әр түрлі қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра зерттеуге, тарихи шындықты ашуға кең мүмкіндіктер туғызды. Шоқан өз ойларын дәлелдеу үшін Орта Азия халықтарының тарихын көп зерттеген Абылғазының «Түрік шежіресі» атты белгілі кітабына жүгінеді. «Түрік шежіресін» толықтыра түсу мақсатында ол «Қазақ шежіресі» еңбегін жазады. «Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны ... күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз – орыс жылнамалары біздің сөзімізді растайды» - деп баяндайды да, сол кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу жасайды, олардың деректерін шежірелермен салыстырады.

Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін: шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шыңдағанын, аңыз-әңгімелерде, мақал-мәтелдерде, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын билер сөзін халық ұйып тыңдайтынын, ол нақты сөздер өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазған. Зерттеуші тарихи аңыздарды тарихи деректердің жаңғырығы деп білген. Оның танымдық мағлұматтарын ғылыми еңбектерінде шебер пайдаланған. Ауызша айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық мәліметтерді өзара салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан.

Тарихи аңыздарда айтылған Шыңғысхан, Александр Македонский,. Тоқтамыс, Әмір Темір сияқты адамдардың өмір сүрген дәуірлеріне барлау жасаған ойшыл өз зерттеулерін Геродот жинаған тарихи аңыздармен салыстыра қарайды. «Профессор И.Н.Березинге хат» деген еңбегінде ол Тоқтамыс, Орақ мырза, Ер Көкше, Ер Қосай туралы аңыз-дастандарды, Көшім, Орысханға қатысты аңыздарды жіліктеген, сөйтіп қазақ халқының арғы тарихына үңілген.

Шоқан көшпелі монғол және түрік тайпалары өздерінің отырықшы ағайындарына қарағанда өте көп білетінін, бұлардың аңыздары ертеде пайда болғанын дәлелдейді. Адамның ата-тегі туралы аңыздарды, шежіре деректерін, қырғыздардың арғы анасы жөніндегі аңыз мәліметтерін 1246 жылы монғолдардың Күйік ханына барып қайтқан Плано Карпинидің мағлұматтарымен салыстырады, олардың түп-төркінің ұқсастығын көрсетеді.

«Аңыздардың өте маңызды бөлімі шежіре жөніндегі аңыздар болып табылады, - деп аңыздың бұл түрін Шоқан аса жоғары бағалаған. Ру тұрмысы осы аңыздарға негізделген... Бұл жөніндегі аңыздардың маңызды болатын себебін – олар бір халыққа жататын руларды және халықтың құрылуын анықтайды. Қазақтардың, өзбектердің және ноғайлардың шежірелеріне қарағанда олар Алтын орда мен Шағатай ордасы құлағаннан кейін, түріктер мен монғол тұқымдарынан құралған одақ екендігі байқалады».

Ғалым өзінің «Жоңғар очерктерінде» халық аузындағы нақыл сөздерді зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін, халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпын айқынырақ жазған: «ескі нақыл сөздерге бай келу Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті болып табылады. Ондай нақыл сөздер: не ру ескерткіші ретінде, мәселен заң, ғұрып аңыздары ретінде қариялар аузында қаиеттеліп сақталып отырады, не халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп отырады».

Аңыздарда әр қырынан көрінетін, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ тарихи тұлғалардың бірі, ұлы бабамыз Қорқыт Ата туралы Шоқан Уәлиханов қысқа болғанымен мәнді, мағыналы мағлұматтар келтіреді. Әр халықтың жазба мәдениеті, ауыз әдебиетінің үлгілері жайлы баяндағанда Қорқыт Атаның да көптеген халықтарға танымал бейне екеніне тоқталады. «Жоңғар очерктерінде» Қорқытқа байланысты ертегі, жырлар территориялық және тіл жағынан жақын халықтардың әдеби, мәдени бірлігін нығайтуға септігін тигізетінін айтады.

1855—1856 жылы қыста Шоқан өз қызметін атқарумен бірге Қазақстан мен Орта Азияның тарихы жөніндегі әр түрлі түпнұсқаларды зерттейді, қазақ хандары мен сұлтандарының тегі, генеологиясы туралы кесте жасайды. Ұлы жүз қазақтарынан жинаған мақал-мәтелдерін орыс тіліне аударады. Ұлы жүзді басқарудың жаңа құрылымының жобасын жасауға көп күш және уақыт жұмсайды.

Ш.Ш. Уәлиханов 1857 жылы 1 ақпанда, орыстың көрнекті ғалымдары П.П. Семенов-Тянь Шанский және Е.И. Лабанскийдің бастамасымен Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды. Олар жазған кепілдемеде былай делінген: «...Ыстық көлдің шығыс жағалауына саяхат жасап, онда қырғыз даласы туралы бай географиялық, этнографиялық және тарихи материалдар жинаған поручик... Шоқан Уәлиханов императорлық Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайлануын жөн көрдік».

Шоқанның нағыз болмыс-бітімін оның өзі жазған еңбектері айқын танытады. Ғалымның туған жер тарихы, көне шежірелер, халық тағдыры, сахара көшпенділерінің өткен дәуірдегі мәдениеті туралы зерттеулерін, баға жеткісіз саяхатнамаларын оқып отырғанда сан-салалы білімді, кең танымға ие зерделі жанға кезігеріңіз хақ. Шоқанның «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты қолжазбалары, «Жоңғар очерктері», «Қашқар сапары жайлы» жазғандары жиырмадан жаңа ғана асқан жігіттің қаншама үлкен істер атқарғандығын жарқырата ашатын, аса бағалы еңбектер.

Шоқан этнограф ретінде халықтардың рухани және материалдық мәдениетін зерттеуге зор үлес қосты.

Шоқан Уалихановтың ғылыми шығармашылығы Орталық Азияда жасаған экспедицияларының барысында жинақталған бай тарихи – этнографиялық материалдардан тұрады. Оның мақалалары, очерктері, күнделік жазбалары көшпелілердің тұрмысын, олардың әдеп – ғұрыптары, аңыздары мен өлең – жырларын сипаттап мазмұндайды. Осы жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыты этнография болды. Барлық экспедицияларда Шоқан Уалиханов барған елдерінің жергілікті халқын ден қойып зерттейді. Орта Азия мен Қазақстанның халықтарын зерттеу арқылы Шоқан Уалиханов сол кездегі тек тұрмыстық санадағы ғана емес, сондай-ақ ғылыми ортада орын алған түсініктерді жоққа шығаруға ұмтылды.

Шоқан әдеби мұрамыздың өткен жолын, келешек ұрпаққа берер тағылымын жоғары бағалады. Халық ауыз әдебиетін құнды мұра деп біліп, қазақтың аңыз - әңгімелері мен жырларының және күйлерінің түр тамырына, тарихи кезеңдерге, оқиғаға байланысты құрылатынына зер салды. Фальклорлық материалдар оған халықтың рухани байлығын зерттеп білуде зор жәрдемін тигізді.

Халқымыздың ғасырлар бойы арындай таза сақтап келген қымбат мұраларының озық үлгілерін, фальклорымызды әдейі бұрмалап теріс түсіндіруді мақсат еткен арам ниеттілерге батыл наразылық білдірген Шоқан өзі бас болып, оның шынайы мәнін түсіндіруге құлшына кірісті. Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде деген мақаласында Шоқан “жыр”, “жылау”, “қайым”, “қара өлең”, “өлең” сияқты халық поэзиясының барлық формаларына сипаттама береді. Барлық далалық жырлар қобыздың сүйемелдеуінде тақпақтап айтылады. Негізінен, жыраулардың мазмұны бұрында өткен халық батырларының өмірі мен қаһармандық іс - әрекеттері болып келеді. “Едіге” жыры XIV ғасырдың соңындағы оқиғаларға қатысты, бұл Шоқан Уалихановтың ойынша, қазір жоқ ескі сөздер мен сөз тіркестері құбылысымен дәлелденеді, мұнда парсы немесе араб тілдерінен алынған бірде – бір сөз жоқ. Ш.Уалиханов Едіге батыр туралы халық жыры, жыр кейіпкерлерінің тарихилығы, өмір сүргендігі жайлы болжамын бекітеді деп жазады.

Шоқанның ғылыми мұрасы әлі де жеткілікті зерттелген жоқ. Бұл үшін Шоқан Уәлихановтың білімінің әр түрлі саласына — археологияға, нумизматикаға, лингвистикаға және т. б. салаларға қосқан үлесін анықтайтын арнаулы нақты зерттеулер қажет. Егер біз қазақ ғалымынын, отандық және дүниежүзілік шығыстану ғылымына қосқан үлесін қысқаша топтап айтуға тырысатын болсақ, онда бұл баға мен қорытындының толық және түпкілікті екеніне емеурін артпай-ақ, мыналарды айтуға болады: Ол Жетісу, Қырғызстан, Шығыс Түркістан сияқты ол кезде ғылымға мәлім емес елдер мен жерлерде болып, тарих, этнография, география, әдебиет, Орталық Азиянын бұл аудандарының саяси жағдайы бойынша бірегей әрі жан-жақты материал жинаған тұңғыш европалық ғалым болды. Ол жинап әкелген материалдар орыстың және дүние жүзінің ғылымында Орталық және Орта Азияның, Қазақстанның картасындағы «ақ таңдақтың» келемін азайтуға мүмкіндік берді.

Шын мәнінде Шоқан Уәлиханов алғашқылардың бірі болып ғылыми айналымға тарихи түпнұсқалардың ғалымдарға бұрын беймәлім қабатын — қазақ және қырғыз эпостарын, аңыз-ертегілерін еңгізді, оларды жинап, зерттеуге ол өз өмірінің, едәуір бөлігін арнады.

Сондай-ақ шығысты зерттеуші қазақ ғалымы Азияның түрік халықтары — қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар және басқа халықтар тарихының этногенез, әлеуметтік құрылым, саяси жағдайы, шетелдік басқыншыларға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы сияқты бірсыпыра түйінді мәселелерін, Орта Азия, Шығыс Түркістан және Қазақстан халықтарының өміріндегі ислам дінінің рөлі туралы мәселені бірінші болып зерттеді. Шоқан Уәлиханов бұл мәселелерді көтеріп қана қойған жоқ, сонымен бірге жалпы алғанда тарих ғылымының сол кездегі даму дәрежесінің, атап айтқанда, Азияның бұл өңіріндегі түрік халықтары туралы білімнің біршама төмендігіне, зерттеу тәсілдерінің жетілмегендігіне қарамастан, ол көптеген ғылыми мәселелер бойынша дұрыс баға бере алды.

Шоқан Уәлиханов қазақ халқының санасы оянып, оның маңдайалды орыс және европалық мәдениетке иек артуына зор қызмет істеді. Баспасөз бетіндегі жарқын да жалынды мақалаларында және өзінің, омбылық және петербургтық достары мен таныстарының ортасындағы сөздерінде ол демократиялық бағытта маңдайалды орыс жұртшылығының, ынта-ықыласын қазақ халқының мұң-мұқтажына аударуға, орыс және қазақ халықтарының достығын нығайтуға тырысты.

Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы мол әрі әр алуан. Оның жеке еңбектері көзі тірісінің өзінде-ақ орыс және бірсыпыра европа тілдерінде басылып шықты. Ғалым өлгеннен кейін оның достары П. П. Семенов-Тянь-Шанский мен К. К. Гутковскийдің бастамасы бойынша Орыс география қоғамының ғылыми советі Ш. Ш. Уәлихановтың еңбектерін жинап, әзірлеп басып шығару туралы шешім кабылдады. «Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі және оның ғылыми мұралары» тақырыбы арқылы оқушыларға жеке адамды қалыптастыруға, рухани, адамгершілік, туған еліне деген сүйіспеншілік, халық дәстүрін қастерлеуге, шыншылдыққа, еңбекке, адамзаттық құндылықтарды түсіндіруге тәрбиелік мәнінің маңызы зор. Шоқанды зерттеу әдісі- шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілі білімді толық үйретіп меңгертуді мақсат етеді. Шоқанның өмірі тарихпен тікелей байланыста «Жарқ ете қалған бір бейне» болған ғалымның қысқа өмірінен жас ұрпақтың үйренетіні мол. Шоқан қазақ халқының рухани мұраларын зерттеген, мол жырлар, сан аңыз-әңгімелер тудырған халқымыздың ақынгер талантты, қазақ поэзиясының аса сұлулығы мен суреткерлігі, аңыз-жырдың тарихқа қатысты, эпикалық өнердің бітім - болмысы жайында алғаш рет кесек ойлар айтқан аса көрнекті ғалым. Дүниежүзі мәдениеті ордаларының бірінен саналатын Петербургты дүр сілкіндіріп, «Ғажап ғалым», «Жас данышпан» атанған Шоқанға берілген бағалар биік, өте асқақ еді. Ұлы ғалымның рухани жан дүниесіне терең бойлаған сайын оның жаны сұлу жарқын бейнесі бұрынғыдан да биіктей түсті, асқақтай түсінетіндігін жас ұрпаққа түсіндіру парызымыз. Егемен Қазақстан Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу салиқалы ғылыми еңбектері арқылы өзінің шырқау биігіне көтеріліп отыр. Әлемдік ғылым сол кезден-ақ түлеп келе жатқан жарқын талант жас дана деп танып, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның ғажайып зерттеушісі ретінде мүлтіксіз мойындаған болатын. Шоқан Уәлихановтың мұрасы – тарихтың қымбат асыл қазынасы. Ұлы Шоқанды қай қырынан да жан-жақты терең зерттей түсу - бүгінгі және кейінгі ұрпақтың ең қасиетті міндеттерінің бірі болып қала береді.
...