+1 дауыс
2.3k көрілді
Қандай банктен қандай депозит ашқан тиімді?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қай депозит тиімдірек?

Салған ақшаңыз аз уақытта табыс түсірсін десеңіз, пайыздың өсімі жоғары депозит таңдау керек. Қазіргі таңда теңге үшін ең жоғары өсім жылына 15,2%-ды құрайды.Ол «Халық банк» («Халықтық-стантар» депозиті) пен «Банк Хоум кредитте» («Қарапайым депозиті») бар.

15%-дық өсімді: Сбербанк («Көбейт», «Басқар» депозиттері) пен «Еуразия» банкі (TURBO депозиті) ұсынады.

14,9%-дық өсім:AsiaCreditBank («Мультивалюталы үздік таңдау»), Qazaq bank («Нағыз»), Altyn Bank («Алтын қор»), Delta bank («Дельта»), Bank RBK («Depositum»), Forte Bank («Депозит»), KazKom («Үздік»), т.б. банктерде бар.

Қазақстандық банктердің депозиттері мен олардың жылдық өсімі туралы қазақстандық қаржы порталынан білуге болады. Бұл жерде қазақстандық банктердің депозиттері мен әр валютаның жылдық өсімі туралы барлық мәлімет көрсетілген.

Банктердің депозиттегі жылдық өсімі бірдей болғанымен, ақша сақтау шарттары әр бөлек. Мысалы, депозиттен алынбайтын сомасы әртүрлі. Ол 1000 теңгеден бастап, 150 мың теңгеге (Altyn банк) дейінгі аралықта болады. Сондай-ақ, ақшаны сақтау мен алу мерзімі де өзгеше. Ол туралы жоғарыда айттық.

Ақша қалай өседі?

Мысалы, сіз 10%-дық өсімі бар депозитке 500 мың теңге салатын болдыңыз. Демек, 500 мың теңгені 10%-ға көбейтіп, 12 айға бөлеміз. Шыққан сома сіздің ақшаңызға ай сайын қосылатын «сыйақы».

Есептейік:
500 000 х 10% = 50 000 теңге. Бұл 1 жылда қосылатын сома. Демек, 50 000 / 12 ай = 4 167 теңге ай сайын қосылып отырады деген сөз.

Көріп отырғаныңыздай, депозитке қаншалықты көп ақша салсаңыз, ай сайын соншалықты өсім болады.

Банкті қалай таңдаймыз?

  1. Жылдық өсімі өзіңізге ұнаған депозит түрін таңдайсыз да, банктің сайтына кіріп, депозит шартымен толық танысып шығасыз.
  2. Таңдаған банктың «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына» кіретінін анықтап алу маңызды. Оны мына жерден білуге болады.

Сіз ақша салған банк банкрот болатын болса, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сізге депозитке салған ақшаңызды өсімінсіз қайтарып береді. Алайда, ол 10 млн теңгеден асып кетпеуі керек. Егер депозитке бірден 10 млн теңге салғыңыз келсе, оны бірнешеге бөліп, әр түрлі банкке салып қойған жөн.

Депозитті ашу үшінжеке куәлігіңізді алып, банкке барасыз. Бұл жерде банкпен жасалатын келісім-шартты мұқият оқыңыз. Келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда қанша айыппұл төлейсіз, ақшаны шешіп алғанда комиссиясы қанша болады – бәрін анықтап алу керек.

0 дауыс
Қалаңыздағы мен-мен деп тұрған банктарға барып кеңес (консультация) алыңыз. Содан кейін өзіңізге қай банк тиімді сол банктан депозит аша берсеңіз болады.
...