+2 дауыс
10.9k көрілді
Адамда А дәрумені жетіспесе не болады?
А дәрумені сарғыш не қызыл  түсті тағамдарда кездеседі. Олар - сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмысртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ, т.б. Құрамында А дәрумені бар  тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды.
А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор. Соңғы деректерге қарағанда ағзаға бір тәулікте бұл дәруменнен 1,5 мг керек екен.

2 жауап

+2 дауыс
А дәрумені жетіспеген жағдайда науқаста мынадай шағымдар пайда болады: терінің және шырышты қабықтың құрғауы, көздің көру қабілетінің төмендеуі, түкіріктің, асқазан сөлі түзілуінің бұзылуы, тер, май бездерінің қызметінің бұзылуы. Балаларда бойының өсуі кідіріп, жалпы дамуы нашарлап, нерв жүйесінде өзгерістер болуы мүмкін.

 А дәрумені жетіспегенде адам ымыртта көргіштік қабілетін жоғалтып, бағдарынан адасады. Бұл – «тауық-көз» деген сырқаттың белгісі. А гиповитаминозы автокө- лік жүргізушілер үшін өте қауіпті. Сиырдың сүті мен сары майы, әсіресе мал шөппен бірге көп мөлшерде каротин алатын жаз бен күзде, ол - А дәруменінің жақсы көзі. Каротин – көптеген көкөністер мен жемістерде болатын сары пигмент – А дәруменіне мол.
 Каротин сәбізде де бар.

 А дәрумені имунитетті, сүйектерді, көздерді және теріні күшейтеді. Мандарин, бауыр, балық, сарымай, жасыл шөптерде және цитрусты жемістерде көп мөлшерде болады

[толығырақ][1]


  [1]: http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=59944
0 дауыс
А даруменин таблеткамен ише берсе болама.жане кунине канша ишу керек

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
...