0 дауыс
879 көрілді
Балық қабыршақтарын қайда пайдаланады ? Бұдан 200 жыл ұрын гогольдің "Мертвых душ" еңбегіндегі кейіпкер Кастанжогло балық қабыршақтарын пайдалану керектігін дәлелдеп қойған. Ал қазіргі уақытта осы балық қабыршақтарын пайдалану туралы не білесіздер ?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Балық қабыршақтарын бұрын балық өңдеу комбинанаттарында бұрын жою утилизация үлкен проблема болды.Бірақ қазіргі жағдайда, теңіз жағалауында орналасқан балық шаруашылығымен ойналысатын өте дамыған мемлекеттерде шешілген мәселе және  тиімді бизнес . Балық қабыршақтары балықтың тұріне карай әр түрлі болады. Балық қабыршақтары биохимиялық құрамы жағынан  органикалық, және минералды заттарға өте бай. Сондықтан оны кептіріп, ұнтақтап, ауыл шаруашылында мал жеміне қоспа етіп пайдаланады . Бұдан басқа балық қабыршақтарын күрделі биотехнологиялық өңдеуден өткізіп, ИХТИОЖЕЛАТИН деген зат алады. Ихтиожелатиннің ең сапалысын фармацевтика саласында капсулалы дәрі дәрмек жасауға пайдаланаы. Ал сапасы төмендеуі құрылысқа, ұй тұрмысына, типографияларға қажет желім( клей )жасауға кетеді. Өткенде осы сұрақа жауап берген сияқты едім, бінеше жауаптар жоғалып кетіпті. Таң қалып отырмын!

...