0 дауыс
7.8k көрілді
ағАқысы қанша? Бұған грантқа түсуге бола ма?

1 жауап

0 дауыс

Қабылдау ережесі

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі» 2017-2018 оқу жылына талапкерлерге арналған қабылдау

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережесі

1. 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде (бұдан әрі – колледж) оқуға қабылдау тәртібі осы ереже бойынша іске асырылады.

2. Колледжге негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (жалпы орта), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары; шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.

3. Колледжге оқуға түсу кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді:

  1. I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін -1,0%;
  2. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
  3. Ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 %;
  4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2%;
  5. жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 %;
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын білім беру мекемесі белгілейді.

Колледж 2017-2018 оқу жылында оқуға осы Ереженің №1-қосымшасына сәйкес мамандықтар бойынша қабылдайды.

2.Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратынЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжіне оқуға қабылдаудың тәртібі

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

5. Колледжге азаматтардың өтініштерін қабылдау, ұйымдастыру, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады, ол өз жұмысын 2017 жылдың 1 маусымынан бастайды.

Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

6. Колледждің қабылдау комиссиясының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.

7. Колледждің қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай және кешкі оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге, колледждің веб сайтында www.college.bolashak.org жариялау арқылы қабылдау комиссиясы таныстырады.

8. Колледжге түсуші азаматтардың өтініштерін қабылдау:

1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша:

  • оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
  • оқудың кешкі және сырттай нысандарына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі – Сенбі

09.00 – 18.30 сағ. Үзіліс 13.00 -14.30 сағ.

Жексенбі – демалыс

9. Колледжге түсушілер оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен (І, ІІ топтағы мүгедектер және бала жасынан мүгедектер үшін медициналық - әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 фотосуретті тіркейді.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды талапкердің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;

2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) босқын - босқынның куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман - оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

10. Осы Ереженің 1 - қосымшаларына сәйкес Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:

1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер - негізгі орта білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

11. 12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды колледж белгілейді.

12. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады.

2) Емтихан формасында өткізіледі. (билет сұрақтары бойынша талапкерге дайындалуға 20 минуттан артық берілмейді). Емтихан нәтижелері өткізілген күні хабарланады. Пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша:

«3» - 8 балл,

«4» - 17 балл,

«5» - 25 балдарға ауыстырады.

13. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және емтихан тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледжде апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.

Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.

Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

14. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

15. Колледжге білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе колледж жүргізген емтихан нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;

2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем, білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.

Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) күндізгі оқу нысанына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.

16. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.

Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтар № 130 «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары» қаулысына енгізілген өзгерістер негізінде жасақталды және колледждің 03 сәуір 2017 жылғы №2 қабылдау комиссиясы отырысында қаралды.

...