0 дауыс
17.8k көрілді
Ақтау қаласындағы "Болашақ" колледжі туралы толық мәлімет керек еді. Мамандықтары жөнінде т.б сияқты?

6 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЗІРГІ ЗАМАН «БОЛАШАҚ» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІ

*Директоры— Қаламқали Гүлжан Мұхитқызы*
<br />
0201000 Құқықтану. Тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің маманы.  Кеңесші-заңгер.
0519000 Экономика. (салалар бойынша)  Экономист.
0104000 Кәсіптік білім беру. (салалар бойынша) Өнеркәсіптік оқыту шебері, техник. Өнеркәсіптік  оқыту шебері, техник-технолог.
1401000  Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану.  Құрылыс-технигі.
0105000 Бастауыш білім беру.  Бастауыш білім беру мұғалімі. Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі.
0510000 Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану.  Іс кағаздарын жүргiзуші. Мұрағаттанушы.
0809000 Мұнай және газ кен  орындарын пайдалану. Техник – технолог.
0816000 Химиялық технология және өндіріс. Техник – технолог.
1107000 Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану. Техник-механик.
1204000 Су көлікті пайдалану. Механик (кемедегі).Электромеханик (кемедегі). Кеме жүйелерінің механигі. Техник-кеме жүргізуші.
1302000 Автоматтандыру және басқару. Электромеханик.
0518000 Есеп және аудит. (салалар бойынша) Бухгалтер-ревизор (аудитор). Бухгалтерлік есеп жөніндегі экономист және шаруашылық қызметін талдау.
0512000 Аудармашы ісі. Аудармашы. Гид-аудармашы.
0807000 Мұнай және газ өнімдерін техникалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету. Техник-механик.
1304000 Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру. Техник-бағдарламашы. Ақпаратты қорғау технигі. Компьютер құрылысына қызмет көрсететін технигі.
1103000 Кеме жасау және кеме машиналары мен механизмдеріне техникалық қызмет көрсету;  Техник-құрылысшы
1114000 -  Дәнекерлеу ісі; Техник; Техник -механик
1410000 -  Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу; Техник-құрылысшы
1514000 - Экология және жер қойнауын пайдалану салаларындағы табиғи ресурстарды тиімді қолдану; Эколог
0801000 -  Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау және бұрғылау жұмыстарының технологиясы; Бұрғылау қондырғысының машинисті; Техник – технолог
1104000 – Теңіз техникасының элетро радиомонтажшысы; Электромеханик (кемедегі)
<br />
*Оқуға 9 және 11 сынып бітіргендер қабылданады. Колледжге қабылдау емтихан арқылы жүргізіледі. Оқу түрі: күндізгі және сырттай.*
<br />
Азаматтар колледжге қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге:
- білім туралы құжаты (түпнұсқа);
- жалпы орта білім алғандар 2010 жылғы Бірыңғай Ұлттық тестілеу сертификаты;
- 3х4 көлемдегі  6 суреті;
- 086-У нысандағы медициналық анықтаманы;
- 063 – егілу картасы (түпнұсқа);
- үй кітапшасы (көшірме);
- жеке тұлғаны куәландыратын құжаттар (паспорт, жеке тұлға куәлігі немесе туу туралы куәлігі).
<br />
Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясының колледжі
*Қазақстан Республикасы,
Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы, 27 шағынаудан,
ББҒ № 47 (№35 үйдің маңайы)*

Телефон:
8 (7292) 41-26-40, 41-15-90
бұдан артық қандай мәлімет қажет дерсің
0 дауыс
Бұл болашақ колледжне түсу үшін қанша керек
0 дауыс
Оқу ақысы қанша?
0 дауыс
10 сынып бітіргендерді қабылдайды ма?
0 дауыс
Общянкасы бар ма
0 дауыс
Оку акысы канша
...