Мен таңдаған емхана мені тіркеуге қабылдамай қоюы мүмкін бе?

+1 дауыс
4.9k қаралым
Заң бойынша мен таңдаған емхана мені өздерінде қабылдамай қоюы мүмкін бе? Ақтау қаласындағы емхананы таңдауыма болады ма?
Жалпы медицина

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Иә. Мүмкін. Тек емхана сізге тіркеуге қабылдамау себебін түсіндіруі керек. Оған екі себеп болады:

А) емханаға тіркелгендер саны бір дәрігерге шаққанда екі мың адам деп белгіленген шектік мөлшерден асып кетсе және сіз ол емхана қызмет көрсететін аумақта тұрмайтын болсаңыз;

Б) емхана қызмет көрсететін аумақтан тыс тұратын болсаңыз, сөйте тұра дәрігерді үйге шақыру қызметінен бас тартқыңыз келмесе.

Мынаны білгеніңіз маңызды:

А) осы емханаға қарайтын аумақта тұрсаңыз және сол ауданда деректер базасында тіркелген өзге емхана жоқ болса, тіркелгендер саны шектен асып кеткен жағдайда да сізді тіркемей қоюға ешкімнің хақысы жоқ.

Б) өзіңіз тұратын аумаққа қарамайтын емханаға тіркелгіңіз келсе, дәрігерді үйге шақыру мүмкіндігі туралы алдын-ала (өтініш толтыру кезінде) сұрап алған абзал.
127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы