0 дауыс
2.2k көрілді
Сабаққа қажет еді көмектесіңіздерші

1 жауап

0 дауыс

Аңырақай шайқасы

(1729жылдары, кей деректерде 1730 ж.) - біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші щшайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы ШУ, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40-45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей Қабанбай, Кіші жүз ді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті.Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасы шапырашты Наурызбай да қатысқан. Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты. Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті. Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.

Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы.

Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында олардың арасында едәуір саяси байланыстар болды. Орыс мемлекеті өзінің Шығыстағы мемлекеттік шараларыын кеңейтуге мүдделік көрсетті.

Иван IV-нің Қазан (1552), Астрахань (1556) хандықтарын, Оңтүстік-Батыс Сібірді жаулап алуы, Кама сауда жолын құруы қазақ хандығымен де тікелей түйісуді жеңілдетті. Орыс мемлекетінің Қазақстанға деген ықыласы, XV-XVI ғ.ғ. екінші жартысынан бастап Ресей ортаазиялық хандықтармен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатқаннан кейін қатты күшейді. Орыс мемлекеті мұндағы саяси жағдайға және қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасына жанды ықылас білдіріп отырды. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар да қазақ хандарымен тікелей байланыс орнатуға талпынды. Бұл мақсатқа жетуде елшілік байланыстары зор роль атқарды. 1573 жылы қазақ даласына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді, елшілікке қазақтармен сауда жасасуды жөнге салу міндеті жүктелді. Алайда Чебуковтың дипломатиялық миссиясы Қазақстан шептеріне жете алмады, себебі оларды жолда Сібір ханы Көшімнің жиені Мәметқұл қырып салды. 1594 жылы Мәскеуге бірінші қазақ елшілігі келді. Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған өзінің жиені Оразмұхаммедті босатуға және орыс үкіметімен достық келісімін жасасуға тапсырма алған болатын. Сонымен бірге оның жауласушы феодалдық көрші хандықтармен күресу үшін Борис Годуновтан «Отты қару» алуға қол жеткізуі тиіс еді. Орыс патшасының Тәуекел ханға жауап грамотасында оған «отты қаруы бар көп әскер» жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан «сақтайтынына» уәде берілді.

Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиямен байланыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жаңа қоныстанушыларды, көпестерді, елшіліктер мен әскери отрядтарды жіберумен қатар, Қазақстанмен шекарасында нығайтылған бекініс пункттерін салуға кірісті. Қазақстан шекарасына жақын жерде орналасқан бірінші орыс қаласы «Үлкен Об қалашығы» болды. Мұнан соң Тюмень (1586), Тобольск (1587), Тару (1594), Томск(1604) қалалары салынды.

Жоңғар хандығының құрылуы Кіндік Азияға елеулі өзгерістер енгізді. Билік жүргізуші феодалдық топтың мүддесін білдіруші, алысты болжайтын саясатшы Тәуке хан өз мемлекетінің шекараларын нығайтуға үзбей талпынды. Оның Ресейге тілектестік қарым-қатынасыоның Ресеймен байланыс жасай отырып, Қазақстанның жағдайын нығайту ниетінен туған еді.

1732 жылдың 24 қарашасында Тевкелев өзінің миссиясын аяқтап, Найзакескен мекенінен кері қайтар жолына шықты. Петербургке жіберілген Әбілқайырдың елшілігімен бірге 1733 ж. 2 қаңтарында Уфаға келді. Петербургте өткен келіссөздер нәтижесінде Кіші жүздің Ресей азаматтығына кіруі түпкілікті шешілді.

1731 жылдың аяғында Әбілқайыр мен Бөгенбай батыр Семеке ханға егер ол Ресей азаматтығын қабылдаса орыс әскерлерінің күшімен бұл аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынына уәде беріп, Орта жүзге өзінің өкілдерін жіберді. Сәмеке Әбілқайыр елшілерінің ұсынысын қабылдады. 1732 жылы Орта жүздің кейбір бөлігі Ресей құрамына формальды түрде өтті.

Өлкені отарлауды тездету мақсатында басқарудың Ресейлік жүйесі енгізіле бастады. Бұл қазақ халқының үлкен бөлігінің көтеріліске ұласқан қарсылығын туғызды. Солардың арасындағы ең ірі көтеріліс - Кенесары Қасымов ханның қолбасшылығымен болған қозғалыс еді. Бұл көтеріліс Орта жүз жерінің Оңтүстік-шығыс бөдігін патша үкіметінің әскери күшпен бағындырушылығын 10-15 жылға кері сырғытып тастады.

Ұлы жүздің негізгі бөлігін бағындыру басқа жағдайда өтті. Оңтүстік Қазақстандағы қазақ руларының бір бөлігі Ресей бодандығын өз еріктерімен қабылдады. 1819 жылы 18 қаңтарда Сұйық Абылайханов сұлтан бастаған 55462 жан Ресей тағына өз еріктерімен ант берді. 1824 жылы император Александр-І Ұлы жүздің Жетісуда көшіп-қонып жүретін руларынан тағы да 14 сұлтанды бодандыққа алу жөніндегі грамотаға қол қойды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның негізгі аудандары Ресей империясы ықпалынан сырт қалды. Көп кешікпей Қапал, Лепсі, Үржар бекіністері салынды.

Ірі әскери күштерді жұмылдыру арқылы патша әскерлерінің Түркістан, Шымкент, Әулиеата және басқа қалалар мен елді мекенді басып алуымен Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы аяқталды.

Қазақстанның Ресейге қосылуы арқылы көшпелілер мен келген халықтар арасында шаруашылықтық айырбас пен әрекеттестік үшін жағдай жасалды, сауаттылықтың тарауы, сауданың жандануы, қазақ ауылдарын капиталистік өндірістік қатынастар кеңістігіне тарту үшін негіз қаланды.


https://studfiles.net/preview/6420823/page:2/

Сонымен қанша адам қайтыс болған?
Өте көп))
...