0 дауыс
7.7k көрілді
"тоғыздық", "тоғыз апару" туралы мәлімет керек

1 жауап

0 дауыс

Бесік той – қазақта орыны бөлек, мәні зор дәстүрдің бірі. Отбасының тұнғышы дүниеге келіп, қырқынан шығарғаннан кейін үй іші жақындарын жинап, сәбиді бесікке салу дәстүрін өткізеді. Рәсімді өткізу үшін нәрестенің нағашы жұрты жиналып сәбиді бөлейтін бесік алып келеді. Қонақтар тек әйел адамдар болуы шарт. Бұл дәстүрге де ер адамдар қатыстырылмайды.

Тек тұңғыш нәрестенің дүниеге келу құрметіне жасалатын бұл думанның да бірнеше сатысы бар. Жас келіннің төркіні тұңғыш жиенінің дүниеге келу құрметіне бесік алып келеді. Бесікті әкелмес бұрын өз жақтарында апаратын бесікті, оған керек-жарақ заттарды туған-туыс, көрші-қолаңдарына көрсетеді. Бесікке қажетті барлық заттардың қыздың анасы әзірлейді. Тұңғыштың қыз не ұл болуына байланысты бесікпен бірге апаратын заттарға, астына салатын көрпеше мен жастықшасы, бесікке жабатын кестелі орамалы, көз тимес тастары мен үкісі сияқты т.б заттар кіреді. Бұл– «бесік алып бару» дәстүрі деп аталады. Осылайша әже-апасы, сіңілі-жеңгелері жиналып бесікті жат жұрттағы қыздарына апарады. Оған қоса, қыздың төркіндері құдаларға арнап бағалы сыйлықтарын, дастарқанға арналған тәттілерін бірге алап барады. Киттің ішінде тоғыз түрлі заттың болуы шарт. Ол ең бағалысынан ұсақ-түйек заттарға дейін болуы мүмкін. Бұны – «тоғыз апару»деп атайды.

Бесік тойБесікті алып келген құдағйды және басқа да қонақтарды ерекше күтіп, оларға құрмет көрсетіледі.Дастархан жайылып, ас қойылады. Барлығы жайғасып астан ауыз тиіп болған соң бесікке салу дәстүрінің негізі бөлігі басталады. Бесікті алып келген жақтан бір әйел адам бесікті ашу үшін сол үйдің немесе әулеттінің үлкен келіндерінен көрімдік сұрайды. Көрімдікті беріп бесікті ашатын адам көп балалы, көпті көрген, сыйлы кісі болуы керек. Бұл да ырымдардың бірі. Бесікке бөлейтін әже (немесе көрімдік берген анасы, жеңгесі, т.б болуы мүмкін) бесіктің бар жабдықтарын орналастырады. Осы сәтте орын алатын тағы бір дәстүр тыштыма.Бесікпен бірге келген шашу, қант-кәмпитке тиындар араластырып бесіктің түбек байлайтын тесігінен келген қонақтарға «тыштыма»-деп үлестіріп береді. Ол бесік тойданүйдегі бала-шағаға алып қайтатын сарқыт, кәде. Ол да «баларымыздың ұл-қыздарының бесік тойына баруға бұйыртсын» деген ырыммен жасалады. Бұдан кейін кезек кит алмасуға келеді. Құдағилар бір-біріне арнап алған алақа-білезіктерін т.б заттарын алмасыпсый жасайды. Барлық сый-кәдесімен бөліскеннен кейін бесікке баланы бөлеп, бесік жыры әндері айтылады.

Мінекей бұл бізге көнеден жеткен дәстүрдің негізгі реті. Қазіргі уақытта бесік той тойхана, мейрамханаларда да өткізіліп жатады. Оған қоса әр аймаққа тән бесік тойды өткізудің айырмашылықтар да бар. Мысалы: Солтүстік, Батыс өңірлерінде бесіккті келіннің төркіні емес ата-енесі тұңғыш сәби дүниеге келгенде өздері бесік жасатып керек жарақтарын толықтай өздері дайындайды. Ал нәрестенің нағашы жұрты тек тарту таралғысын, сый-сияпатын, қалжасын алып келеді. Ал оңтүстік, шығыс аймақтарында бесікті жоғарыда айтқандай келіннің төркіні жабдықтап, дайындап әкеледі. Оған қоса сый таралғысы тағы бар. Оның іні-қарындасы, бауыры дүниеге келгенде де, сол тұңғышқа жасалыған бесікке бөленеді. Айта кететін тағы бір жайт қазір тойхана, ресторандарда әжеп тәуір қонақ шақырылып, сәбидің қырқынан шығару дәстүрімен бірге, асаба шақыртып бар жоралғыға сай сый-сияпатымен жасалып жатады. Бұл да өзгеріске енгенімен мәні-мағынасы сол қалпында сақталып бізге жеткен асыл мұра. Сәбидің үні шығып, бесікте тербелетін қуанышты сәтті әрбір отбасына тілейміз!!!


https://toibiznes.kz/kk/articles/tradition/besik-toidi-toilau

...