0 дауыс
11.9k көрілді
Маңдайыма соққы алған болптынмын.Сол 1ай болды кетпейд домалак шиш

1 жауап

0 дауыс

Ісік ағзада артық мөлшерде су жиналғанда пайда болады. Ауру – астан. Ісік пайда болмас үшін дұрыс тамақтанған абзал. Мына азық-түліктер денедегі ісіктерден құтылуға көмектеседі.

Ақуыз

Ақуыз©parazitovnetu.ru

Құрамында ақуыз бар тағамдар ісіктің бетін қайтаруға көмектеседі. Сондықтан, ас мәзіріне тауық еті, балық, теңіз тағамдары мен жұмыртқаны қосқан жөн. Майлылығы 2-5 пайыз болатын тағамдар да ісік кезінде артық етпейді.

С дәрумені

Итмұрын қайнатпасы, цитрусты жемістер, лимон мен алма, қырыққабат пен тұздалған қиярдың құрамында қажетті дәрумен кездеседі.

D дәрумені

D дәрумені балықта, ірімшікте, жұмыртқа мен бауырда көп. Сондықтан, мамандар тағамның осы түрлерін пайдалануға кеңес береді. Алайда, азық-түліктердің бұл түрлерін мөлшермен қолданыңыз. Күніне 1-2 жұмыртқа, 160 грамм балық өнімдері және ірімшіктің 50 граммы жеткілікті.

Тұз

Қайнатылған тұздың зияны туралы жиі естиміз. Алайда, ағзадағы тұздың тапшылығы да денедегі ісіктердің пайда болуына себепші болады. Тұздың құрамында болатын натрий мен калий микроэлементтері жетіспеуі де ісік туғызады.

Шөптер

Пайдалы шөптер

©dietoflife.com

Көк пияз, түймедақ қайнатпасы, ақжелкен мен аскөк – ісіктен құтылуға көмектесетін бірден-бір көмекші. Табиғи шөптердің қайнатпасын ішу де, ісікке басу да өте пайдалы.

Су

Ісік артық судың әсерінен пайда болады деген тұжырымды дұрыс түсіну керек. Ол күнделікті ішетін судың кесірінен емес, тері қабатындағы судан пайда болады. Сондықтан, ісік кезінде судан бас тартудың қажеті жоқ. Кез келген адам 1 кг салмақ үшін 40 мл су тұтынуы керек.

...