0 дауыс
11.0k көрілді
беттегі ісікті қалай кетіреміз қатты ісіп кеткен 6ай болды

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Барлық адамдар таңертен оянғанда беттері аздап ісіп тұрады. Бұл қатты
білінбейді және бір сағаттың көлемінде қайтады. Бұл қалыпты жағдай. Ал егер
бет шар сияқты ісіп, көздеріңіз сызылып қалатындай жағдайға жетсе,
қауіптенуге болады. Беттің ісігін қайтару үшін алдымен себептерін анықтау
керек. Беттің ісуіне әртүрлі факторлар, ішкі ағза аурулары себепші бола алады.
1) Төмендегі ішкі ағза аурулары бет ісігін туғызады:
Жүрек қан-тамырлары аурулары (қосымша беттің түсі көгеріңкіреп не қызғыш
тартады)
Жүрек жұмысының бұзылуы (әдетте қосымша ентігу симптомы байқалады)
Бүйрек ауырса (бұл жағдайда су көздің айналасына жиналады)
Бауырдың қызметі бұзылса
Ағзада зат алмасуының бұзылуы, қалқанша без аурулары және эндокриндік
жүйенің бұзылуы
Авитоминоз, әсіресе В тобы дәрумендерінің жетіспеушілігі
Аллергиялық реакция косметика, дәрі-дәрумендерге, үй жануарларына, шаң-тозаң
және т.б.)
Нерв талшықтарының зақымдануы
Майбасу (семіру)
Беттегі әртүрлі жарақаттар мен жаралар
Бет-жақ тұстардағы қатерлі ісік аурулары
Бет-жақ, көз инфекциялық аурулары
2) Өмір салтын дұрыс ұстанбауы
Аз ұйқы, ұйқықанбаушылық
Дұрыс тамақтанбау (диета, майлы және ащы тағамдарды көп пайдалану, суды
көп мөлшерде ішу, көшеден тамақтану, жатар алдында тамақ жеу және т.б.)
Ыстық ауа
Ұйықтар алдында жылау
Зиянды әдеттер (темекі, ішімдік)
3) Жүктілік
Жоғарыда жазылған себептермен танысып, талдау жасап көріңіз. Дәрігерге
қаралып, кеңесін міндетті түрде алыңыз. Егер талдау нәтижсінде қауіпті ешнәрсе
таппасаңыз, бет ісігін үй жағдайында қайтаруға әрекет жасаңыз.
Контрасты шаю. Жылы және суық сумен бетті кезек-кезек шаю. Су қатты
ыстық болмасын. Алдымен жылы су, сосын салқын сумен шаю керек.
Бетке компресс жасау. Коспресс жасаудық әртүрі бар:

Салқын компрес. Мұздай суға дәкені саламыз да, қатты сықпай, бетке 1-2
минут (дәке жылығанша) ұстаймыз. Процедураны қайталаймыз. Судың
орнына пайдалы шөптерден дайындалған тұнбаны қолданса тіпті пайдалы
болмақ.

Ыстық компресс. Суық компресстегі процедураны қайталаймыз.
Бетке массаж жасау. Бетіңізге саусақтарыңыздың ұшымен уқалап шықсаңыз ісіну
қайтады.
Сүт қосылған көк шай. Бұл қосынды бүйректен артық зәрді алып шығады.
Бетке маскалар. Картопты езіп, бетке жақсаңыз бет ісігі тез қайтады. Аскөк пен
қаймақ араласқан маска бетті ағартып қана қоймай, ісінуін де алады.

Толығырақ: https://medkenes.kz/beauty/betti-isui

Жалпы ақпарат
Беттің ісінуі сұйықтар мен тіндердің жиналу салдарынан туындайды. Олар сондай-ақ, мойын мен иық жаққа да таралады.

Пікірлер
Егер беттің ісінуі жұмсақ болса оларды белгілеу қиынға соғады. Аурудың себебін анықтау үшін дәрігерлер төмендегідей жайттарды ескерсе, өздеріне оңай болады:
• Ауру кезінде және оның орналаса бастағанында;
• Ісік қаншалықты ұзақ сақталады;
• Олардың үлкеюіне немесе кішіреюіне қандай факторлар ықпал етеді;
• Бассқа да симптомдар бар ма.

Себептері
• Аллергиялық реакция (аллергиялық ринит, көк шөп қызбасы немесе араның шағуы);
• Ангионевротикалық ісік;
• Қан құйылуға әсер беру;
• Целлюлит;
• Коньюктивит (көздің шырышты қабатының қабынуы);
• Дәрілерге әсер беру, мысалы: асперин, пенициллин, сульфаниламидтер, глюкокортикоидтар және басқалар;
• Жаққа, мұрынға, тамаққа жасалған отаның салдарынан;
• Беттің зақымдануы немесе жарақаттануы (мысалы, күюі);
• Тамақтанудың жетіспеушілігі;
• Семіру;
• Сілекей бездерінің ауруы;
• Синусит;
• Көз айналасының зақымдануы, дәнектің ісінуі;
• Тіс абсцессі

Үйдегі күтім
Жарақаттан пайда болған ісікті басу үшін оның үстіне суық компресс басыңыз. Басыңызды төсектен биіктетіп қойып алыңыз (немесе басыңыздың астына қосымша жастық жастаңыз), сол кезде бет ісігінің басылуына мүмкіндік жасалады.

Дәрігерге қашан қаралу керек
Сізде төмендегідей симптомдар болса, дереу дәрігерге хабарласыңыз:
• Аяқ астынан бетіңіз ісіп, түсініксіз ауырып кетсе;
• Беттегі ісік басылмай қойса, ұзақ уақыт бойы ісіп тұрып алса;
• Тыныс алу қиындап кетсе;
• Қалтырау, қызарып, ісінсе, инфекция пайда болса.

Дәрігер қабылдауында қандай шаралар жүзеге асады
Егер беттің ісінуі күйіктен болса, оның салдарынан науқастың тыныс алуына да мәселелер туындаса, оған дереу медициналық көмек қажет.
Дәрігер сізден ауруыңыздың бұрынғы сырхатнамасын сұрап, жадпы өміріңіз жайында бірнеше сұрақтар қоюы мүмкін. Мұндай тәсіл арқылы ол емдеуді, қандай тексеру жүргізу керектігін анықтайды. Дәрігер сізге төмендегідей сауалдарды қоюы мүмкін:
• Ісік қаншалықты ұзақ сақталады?
• Қашан басталды?
• Оның өршуіне қандай факторлар әсер етеді?
• Қандай факторлар оның басылуына әсер етеді?
• Аллергендермен байланыстыңыз ба?
• Сіз қандай дәрілік препараттарды қолданасыз?
• Бетіңізден жақында жарақат алдыңыз ба?
• Жақын арада дәрегер тексеруінен өтіп немесе хирургиялық ем қабылдадыңыз ба?
• Сізде басқа да симптомдар бола ма? Мысалы: беттің ауруы, түшкіргіштік, тыныс алудың қиындауы, есекжем немесе бөртпе, көздің қызаруы, дене қызуының көтерілуі

Синонимдері
Қабарыңқы бет; айтәрізді бет

Беттің ісінуі, угри, аллергиялық реакция (ерлерде / әйелдерде)

Толығырақ: https://anamed.kz/tiki-read_article.php?articleId=884

...