+1 дауыс
4.8k көрілді
Бәріне сәлем! Біз Шығыс Қазақстаннан боламыз. менің туған сіңлім Қызылордаға тұрмысқа шыққалы жатыр. Ол жер туралы ешқашан ештене естімегенбіз, және білмейміз. Бәріміз бір қазақпыз әрине, бірақ әр жерде ерекшеліктер бар дейді ғой. Маған Қызылорда туралы айтып берсеңіздер. Халқы қандай, салт-дәстүрлері қалай? Құда түсу, той жасау жағында ерекшеліктері бар ме екен?  Сіңлім Қызылорданың өзіне емес, ауылына тұрмысқа шыққалы жатыр. Өкінішке орай нақты атын ұмытып қалдым, бірақ Сырдария ауданында екенің білемін.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Үйлену салты негізінен құдалық, үйленуге дайындықтар, той және тойдан кейінгі әдет-ғұрыптар сияқты циклдерден құралады.Жалпы алғанда, жекелеген детальдардың өзгерістерге ұшырауын есептемегенде, үйлену салтының сыртқы, дәстүрлі бітімі сақталды деп айтуға болады.

Екі жастың бас қосып, отбасын құруы ежелден қалыптасқан дәстүр бойынша құдаласудан басталады. Қазақтар , әдетте, «тең-теңімен, тезек қабымен» деген қағида бойынша ежелден сыйласатын, аралас-біліс, әлеуметтік деңгейі өзімен шамалас адамдармен құдаласатын болған.

Соңғы 4-5 жылдың ішінде үйлену тойларына (ұзату тойы да) 100-500 адамға дейін шақырылып, кафе, ресторандарда жасалып, ауқатты адамдар танымал әншілер жалдап, ас та төк тойөткізеді. Ұзатқан қызының жасауы ретінде жиһаз берсе, кейде ауқатты адамдар үй (пәтер) кілтін табыс ету сияқты жоралғылар да жасалуда. Ет жақын туыстары той шығынын бөлісіп көтеріссе, тойға келген ағайындары ыдыс-аяқ, тоңазытқыш, телевизор сияқты тұрмыстық бұйымдардан той тартуын әкеліп жатады. Басқадай дос-жаран, көрші-қолаң, қызметтестері арасында әркімнің шамасына қарай ақша жинап, табыс ету қалыптасып отыр.

Қызылордадағы ерекшеліктері: сырға салу, алып қашу, құда түсу, босағаға оң аяқпен кіру, жасау арасына тәттілер тығу, қалыңмал, киіт, малды мүшелеп, ырым бойынша иелеріне тарату.

P.S. Еске түсіру үшін. Қазіргі кезде Сырдария ауданында 1 кент 13 ауылдық округі бар. Олар:

1. Тереңөзек кенті – Тереңөзек кенті елді мекенін;

2. Аманкелді ауылдық округі – Аманкелді ауылы елді мекенін;

3. Айдарлы ауылдық округі – Айдарлы ауылыелді мекенін;

4. Бесарық ауылдық округі-Бесарық ауылы елді мекенін;

5. Жетікөл ауылдық округі – Жетікөл ауылы елді мекенін;

6. Қоғалыкөл ауылдық округі – Қоғалыкөл ауылы елді мекенін;

7. Шіркейлі ауылдық округі – Шіркейлі ауылы елді мекенін;

8. Нағи Ілиясов ауылдық округі – Нағи Ілиясов елді мекенін;

9. Шаған ауылдық округі – Шаған елді мекенін;

10.Ақжарма ауылдық округі – Ақжарма ауылы елді мекенін;

11.Іңкәрдария ауылдық округі – Іңкәрдария ауылы елді мекенін;

12.Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі – Асқар Тоқмағанбетов ауылы, №8, №9 теміржол бекеті, «Айтек» саяжайы елді мекендерін;

13.Сәкен Сейфуллин ауылдық округі-Сәкен Сейфуллин ауылы елді мекенін;

14.Қалжан ахун ауылдық округі – Қалжан ахун елді мекенін қамтиды.
...