Көз жанары, Окулист | 898 қаралды
898 қаралды
Сəлеметсізбе?! Омы күндері телефон 5 10 минут ұстасам басым ауыратын болып жур онын көзге қатысы болуы мүмкінбе? Жəне алысты көруім нашарлап бара жатыр... Оған не себеп болуы мүмкін??? Рахмет!!!

4 жауап

Көздің шаршауы, көзді қалыптан тыс істету немесе уақытында демалдырмаудың салдарынан көз ауыра бастайды. Көз ұзақ уақыт қызмет істегенде, шаршап, көздің бұлыңғырлануы, қышуы сияқты ауру белгілері пайда болады. Кітап оқығанда немесе ғаламтор шолып, телевизор экранына ұзақ уақыт қарап отырғанда, дұрыс отырмау, ұзақ уақыт көзілдірік тағу, жолда немесе көлікте отырғанда смартфон не кітап қарау сияқтылар бұл түрдегі ауруды онан әрмен асқындырады. сондақтан көзге зақым келтіретін дүниелерден аулақ болу керек.

Офтальмолог-дәрігерлердің айтуынша, көз аурулары «жасарып» барады. Бұған түрлі факторлар әсер етіп отыр: компьютер, теледидар, ұялы телефон, экологияның нашарлығы, дұрыс тамақтанбау.

Мысалы, дұрыс тамақтанбаудың салдарынан катаракта пайда болады. Яғни, құрамында канцерогендердің жоғары мөлшері бар тағам көзге аса зиян. Сондықтан, ас мәзірінде қырыққабат, шпинат, брокколи, брюсель, жүгеріден жасалған тағамдар көп болғаны дұрыс. Себебі, бұл тағамдардың құрамында витаминдер және минералды заттар көп. Көздің көру қабілетін жақсартуда А витаминінің де маңызы зор. Ол ағзаның инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Ал С, В1, В2 және В12 витаминдері көз қан тамырларының қабырғасын бекітеді және орталық жүйке жүйесін қоректендіреді.

Бүгінде көптеген адамдар көбіне компьютермен жұмыс істейді, ал кейбіреулері тіпті күні бойы компьютердің алдында отырады. Соның салдарынан көз шаншып, қызарып ауырады. Сондықтан көздердің шаршауын болдырмау үшін бірнеше минут сайын көзді демалтып, бөлмені желдету қажет. Егер ауа тым құрғақ болса, батареяның астына су құйылған ыдысты қою керек немесе ауа ылғалдағышты пайдаланған жөн. Таза ауада көбірек серуендеу де көзге аса пайдалы.

Дəрігерге барып көрінгеніңіз дұрыс болады.
Әрине телефоннан көз нашарлайды, мүмкін сіздің көзіңіздің диагнозы алыстан көрмеушілік (близорукость) шығар, немесе қан аздық анемия шығарсыз, көбінесе көзі ауыратын кісілер анемия мен ауырады.
118,424 сұрақ
305,361 жауап
153,302 пікір
67,799 қолданушы