0 дауыс
7.2k көрілді
1. Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.(қысқаша)

1 жауап

0 дауыс

Еуразия мен Қазақстан жеріндегі көшпелі қоғамның даму эволюциясы туралы білесіңдер. Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі, көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара тиімді байланыстардың жергілікті этностық негізде жүргендігі туралы танып білдіңдер.

Көшпелілердің тарихына арналған еңбектер XVIII ғасырдан бастап пайда болды. Оның көпшілігінде көшпелілердің саяси-әлеуметтік мәселелері қарастырылып, көшпелілер ешқашан таптық, қоғамға жетпеген, оларда мемлекет болмаған делінді. Ал мемлекеттің алғашқы нышандары бар деп есептеген зерттеушілер оны өте беделді тайпа көсемдерінің релімен байланыстырды.

Осындай мағынадағы еңбектер XIX—XX ғасырларда да жарық көрді. Дегенмен шетелдерде жарияланған еңбектердің көпшілігінде көшпелілерде мемлекет болғандығы мойындалды. Олар бірақ көшпелілердегі мемлекеттіктің және империялардың пайда болуын тек жаулап алушылықпен байланыстырды. Олардың ойынша, көшпелілердегі мемлекеттер сол қоғамның өз ішінде қалыптасқан өндірістік заңдылықтар арқылы емес, көшпелілердің отырықшы халықтарды жаулап алуы, солардан үйрену арқылы пайда болған дейді.

Көшпелілер өркениетінің құрамдас белігі болып табылатын қазақ мемлекетінің пайда болуы мен дамуының тарихы тереңде жатыр. Негізін Керей мен Жәнібек салған Қазақ хандыгы XV ғасырдың 60—70-жылдары құрылды. "Сонда Қазақстан аумағында оған дейін мемлекет болмаған ба?" деген заңды сұрақ туады. Жалпы, бұған дейінгі Қазақстан тарихнамасында XV ғасырдың екінші жартысынан XIX ғасырға дейін өмір сүрген Қазақ хандығы да мемлекет ретінде саналған жоқ. Тек "қыргыз- қайсақтардың үш ордасы" деп есептелді. Көшпелі қоғам рулық-тайпалық. бірлестіктерден ғана тұрады. Сондықтан "көшпелілер отырықшы-егінші елдер мен халықтарды жаулап алмайынша, өз мемлекетін құра алмайды" делінді. Бұл ұлыдержавалық көзқарас патша үкіметінің ресми өкілдері ғана емес, буржуазиялық тарихнама өкілдері тарапынан да қолдау тапты. Отарлық саясат патша үкіметінің "мәдениет пен өркениет" миссиялары туралы сөздерімен бүркемеленді. Патша шенеуніктері: "Қазақтар — жартылай жабайы, көшпелі халық", — десе, буржуазиялық тарихшылар: "Қазақтар — жартылай алғашқы қауымдық сатыда тұрған халық, оларда рулық құрылыс үстемдік етеді", — деген қорытынды жасады.

Кеңес дәуіріне дейінгі Ресей тарихшылары: "Қазақтарда мемлекет те, хандық та болған жоқ, хан деген сөз қатардағы ру, тайпа басы мағынасында ғана қолданылды", — дейді. Бұл көзқарас бойынша патшалық Ресейдің қоғамдық-экономикалық құрылысы "тұрпайы", "көшпенді бұратаналардан" әлдеқайда жоғары болғандықтан, оларды Ресейдің жаулап алуы ілгерілеушілік қадам болды.

Кеңес дәуіріндегі кейбір зерттеушілер: "Көшпелілерде мемлекет қалыптасып үлгерген жоқ, олар тек шаруашылық қауым деңгейінде өмір сүрді", — дейді. Олардың пікірі бойынша, көшпелілер таптық қоғам құра алмады, жерге жеке меншік болмағандықтан, мемлекеттік құрылым да болған жоқ. Көшпелі мал шаруашылығы қауымның бытыраңқы, шашыраңкы жағдайын қажет етеді.

Сөйтіп, дүние жүзі халықтарының тұрмыс-тіршілігін, саяси құрылысын еуропалық үлгімен кесіп-пішетін ғалымдар дүниежүзілік тарихтағы түркі-монғол көшпелілерінің рөлін толығымен жоққа шығарды. Еуропа мен Ресей ғалымдарының басым көпшілігінің Шығыс халықтарының тарихына деген осындай көзқарастарын еуроцентризм деп атайды.


Мемлекет элементтері ежелгі және орта ғасырларда пайда болды. Монғолдардың тұсындағы мемлекеттік құрылымға дербес ұлыстық жүйе енгізілді. Мысалы, зерттеуші Г.Федоров-Давыдов Шыңғыс хан империясының әскери қуатын жабайы көшпелілерден тұрғандығынан емес, ұйымдасқан мемлекеттің болғандығымен түсіндіреді.

Қазақ мемлекеттілігінің пайда болу тарихын оқып-үйренгенде, көшпелілер өркениеті қағидалары тұрғысынан қарастырылады. Себебі Ұлы далада көшпелі өндіріс тәсілі үстем болды. Соңғы жылдардағы ғалымдардың зерттеулерінде қазақ халқының мемлекеттігі болғандығы толығымен мақұлданды. Мәселен, тарихшы ғалым М.Қозыбаев мемлекеттілік болу үшін қандай белгі-нышандар керек екендігін айта келіп: "Ұлы далада мемлекеттік құрылымдар, тайпа одақтары мен қағанаттар Еуропадан ерте пайда болды, — деп атап көрсетті. — Қазақ хандығында мемлекетке тән негізгі белгілер болған", — деп тұжырымдады.

XX ғасырдың 30—50-жылдарында көшпелілердің феодалдық мемлекеті туралы пікір орнықты. Бұл көзқарас бойынша, "көшпелілер адамзат дамуының жалпы арнасында жүре отырып, таптық қатынастарға жетті" деген тұжырым жасалды.

Кезінде ағылшын экономисі А. Смит мал көшпелілерде ертеден жеке меншікке айналғандықтан, оларда мүліктік және әлеуметтік жіктелу де, қоғамдық саяси институттардың құрылуы да тез жүретіндігін атап көрсеткен болатын.

Шынында, алғашқы еңбек бөлінісі бақташы тайпалардың бөлініп шығуынан бастау алып, маманданған көшпелі мал өсіруге ауысқан кезден-ақ (б.з.д. 2-мыңжылдықтың соңы — 1-мыңжылдыктың басы) малға жеке меншік, мүлік теңсіздігі өмірге келді. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аумағындағы сақ, үйсін, ғұн, каңлыларда біздің заманымыздың шегінде мемлекеттік белгілер пайда болды.

Дегенмен Батыс Еуропа елдеріндегі мемлекеттің қалыптасуы және дамуымен салыстырғанда өзгешеліктер болды. Оған шаруашылықтың даму ерекшелігі тікелей әсер етті. Шығыс елдеріндегі көшпелі қоғамда ру-тайпа байланыстарының берік болғандығы белгілі. Көшпелі өркениет кезінде баскару рулық-тайпалық негізде жүрді

Ал көшпелілердің мемлекеттік құрылымына тән ерекшеліктердің көпшілігі бұл мемлекет құрамындағы халықтардың көшпелі өмір-тұрмысына байланысты. Атап айтар болсақ, көшпелі мемлекеттерде ешқашан жоғарыдан шексіз билік орнату мүмкін емес еді. Себебі орталықтан қысымшылық күшейген жағдайда халықтың басқа тайпа немесе мемлекеттік бірлестіктің қол астына, қамқорлығына көшіп кетуі әбден мүмкін болды. Сондай-ақ басқа тайпа бірлестігінің билікті басып алу мүмкіндігі үнемі төніп тұрды.

Келесі бір ерекшелігі — көшпелі мемлекетте жоғары саяси билікті жүзеге асыруда әулеттік үстемдік орын алғанымен, бұл үстемдік ру-тайпа өкілдерінің билеушіні сайлап қою мүмкіндігімен шектеліп отырды. Бұл да дала демократиясының бір көрінісі еді.

Сонымен бірге бұл мемлекетте тұрақты әскер болған емес. Қажет болғанда кез келген көшпелі әскер қатарына қосылатын.

Бүгінгі танда тарихи үдерістерге бұрынғы қоғамдық-экономикалық формация өлшемімен қарау және өркениеттік тұрғыдан бағалау қалыптасып келеді. Өркениетке тән белгілердің бірі — мемлекеттің болуы. Демек, басқару ұйымының болуы өркениеттің ішкі құрылымының бір бөлігі ғана. Егер көшпелілер өркениеті бар болса, оларда мемлекеттің болуы да заңды құбылыс екендігі мақұлданды.

Мемлекет — өте күрделі құбылыс, біртұтас табиғи этномәдени және әлеуметтік организм. Демек, оны бір-бірімен байланысты экономикалық, әлеуметтік, саяси, этностық, мәдени үдерістердің жиынтығы (кешені) ретінде кең көлемде түсіну қажет. Ең бастысы — қоғамдағы этностық сана-сезімнің нығаюы ғана оның мемлекет ұйымына бірігуіне алғышарт бола алады.

Көшпелілер де отырықшы халықтармен салыстырғанда өзіне тән ерекшелігі бар мемлекеттік формаларды өмірге әкелді. Олар көшпеліліктен туындайтын рулық (патриархалдық) төртіптерді дамыта отырып, мемлекеттік дәрежесіне жеткізді. Қазақ хандығы көшпелі мемлекет болды. Отырықшылық оның мемлекеттік құрылымының бір ғана элементі еді. Сол сияқты Қазақ хандығы қазақ жерінде бұрыннан өмір сүрген әтносаяси бірлестіктердің; заңды жалғасы болып табылады.


https://kk.wikipedia.org/

...