0 дауыс
47.9k көрілді
Шыгыс Казакстан шаруашылыгынын мамандануына сипаттама

1 жауап

0 дауыс
1. Өнеркәсібінің дамуы бағыты қандай?( Шығыс Қазақстан экономикасының дамуы Кенді Алтайға байланысты, пайдалы қазбалармен су қуаты ресурстары кешенді түрде игерілуде).

2. Шығыс Қазақстанның маманданған са¬лалары қандай? ( Еліміздегі маңызды түсті металлургия орталығы. Негізгі салалары: қорғасын мырыш, энергияны көп қажет ететін титан,магний өндіру. Қазақстанда өндірілетін қорғасын-мырыштың 76% Зырян, Риддер, Өскемендегі өндірістері береді.

3. Шығыс Қазақстанда қандай өнеркәсібінің салааралық құрамы қандай? (ірі, орташа-80 кәсіпорындар жұмыс істеп, өнеркәсіп өнімінің 90% береді).

4.Ауданның металлургиясы үшін ОЭК маңызы қандай?( арзан электр қуаты ресурсының базасында дамуда. Ең ірі электр станцияларына:Шүлбі СЭС-і (702мың кВт); БұқтырмаСЭС-і(675мың кВт); Өскемен СЭС-і (334мың кВт) жатады. Сонымен бірге Ертіс өзенінің салаларында салынған кіші СЭС-лары бар. Бірнеше қалаларда ЖЭС жұмыс істеп, өзара жоғары вольтты желілермен жалғасып, қосымша СЭС-мен бірігіп, ірі Алтай энергиясы көршілес экономикалық аудандарға да беріледі).

5. Құрлыс материалдар өнеркәсібінің қандай салалары дамыған? ( а с п а п , конденсатор, тау-кен өндірісіне құрал-жабдықтар шығаратын машина жасау кәсіпорны, сонымен бірге күкірт қышқылын, лак, бояу, пластмасса өнімдерін шығаратын химия өнеркәсібі тығыз байланы¬ста жұмыс істейді. Еліміздегі негізгі орман қоры-Шығыс Қазақстанда болғандықтан ағаш өңдеу, ағаш материал¬дарын дайындаудан ІІ орын.)

6 . Г е о г р а ф и я л ы қ - аумақтық еңбек бөлінісінің нәтижесінде қандай өндіріс тораптары қалыптасты? (аймақта 4 өндіріс торап¬тарымен орталықтарының Өскемен, Риддер, Зы¬рян (түсті металдар өндіруге маманданған) және Семей (тамақ,жеңіл өнеркәсібі,машина жасау) базасын да қалыптасқан Кенді Алтай АӨК құрылды).

7.Ауданда ауыл- шаруашылығы қалай дамыған?-Аудан-еліміздегі ауыл-шаруашылығы жал¬пы өнімін шығарудағы үлес салмағы 7% (2011ж) ет өнімінің 14%, сары майдың-6%, күнбағыс майының-55% береді.А-ш басты саласы мал шаруашылығы: ауыл- шаруашылық өнімдерінің 2/3 бөлігін береді.

8. Ауыл-шаруашылығының маманданған са¬лалары қандай? биязы жүнді, қылшық жүнді қой, ірі қара жылқы, марал, бал арасын өсіру. Саланың дамуына кең көлемді далалар, тау етегіндегі жайылымдар қолайлы әсер етті.

Қылшық жүнді қой шаруашылығы Ертістің сол жағалауына, Зайсан қазаншұңқырында, ал биязы жүнді қой шаруашылығы Оңтүстік Алтай тау етегінде Сауыр Тарбағатай жо¬таларында дамыған. Ірі қара шаруашылығы барлық жерде, әсіресе Алтай тауының етегінде, Сауыр, Тарбағатай жоталарында дамыған.Ауданның биік таулы аймағында ма¬рал өсіріледі. Сонымен бірге жылқы өсіріледі, кейбір жерлері шошқа өсірумен шұғылданады. 9. Ауданда өсімдік шаруашылығы қалай дамуда?(Өсімдік шаруашылығы көп салалы.

Бидай,қыша,арпа,күнбағыс,бау-бақша өсімдіктері егіледі. Басты егін шаруашылығы- астық тұқымдастар. Негізгі егіс алқабы: Ертіс маңындағы далалық жерлер, Кенді Алтайдың тау алды, өзен аңғарлары, Қалба жотасы,Тарбағатай тауының етектері. Техникалық дақылдан-күнбағыстың маңызы зор.

Шығыс Қазақстан- Республикамызда күнбағыс өсіруден І орын.

8. Ауданда жеңіл-тамақ өнеркәсібінің қандай саласы дамыған? ауыл-шаруашылық өнімдерін өңдеу барысында ірі Семей өнеркәсіп торабы пайда болды, жетекші кәсіпорындарына ет ком¬бинаты, онымен байланыстағы былғары-тері комбинаты жатады, үлес салмағы-73%-астам.

9. Экологиясының қауіптілігі ? -Ең қолайсыз жерлері-Өскемен, Риддер,Зырян-түсті метал¬лургия орталықтары ауаны ластайтын заттар шығарады. Ауа бассейндерінің ластануы бойын¬ша аудан-Алматы,Оңтүстік Қазақстаннан кейінгі ІІІ орында, ал өзен-көл суларының қалдық затта¬рымен ластауынан І орында.
...